Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТҮРТЕДІ, АТЫМДЫ АЙТЫП ШАҚЫРАДЫ»: ТЫЛСЫМ АУРУДАН ҚАЛАЙ АЙЫҚТЫМ?

4 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
"ТҮРТЕДІ, АТЫМДЫ АЙТЫП ШАҚЫРАДЫ": ТЫЛСЫМ АУРУДАН ҚАЛАЙ АЙЫҚТЫМ?
WhatsAppTelegramFacebook

Пәле мен дерт жабысайын десе аяқасты. Мен соны басымнан өткердім. Ол кезде өзіміздің аудандағы бір демалыс орнында бағбан болып жұмыс істейтінмін. Көп ешкімге араластығым жоқ. Бірақ қосарланып қасымда біреудің жүретінін сезетінмін. Түртеді, атымды айтып шақырады, сөйлейді, жалт қарасам айналамда ешкім жоқ. Жатақ жайымда жеке жалғыз өзім тұрамын.

Күндер өте түнде жатқаннан кейін бұл жағдай жиілей бастады. Шошып көзімді ашып алам. Талықсып барып ұйықтап кетсем, аттың қылқұйрығы сияқты бірдеңелер қаптап ирелеңдеп келеді де мойныма оралып, қара- құсымнан шаншылғанда қатты қиналып, шошып оянам.

Әлгі елестерден шошынғаным сонша, ұйықтаудан қалдым. Басшым 80 жастан асқан ұстамды үлкен кісі болатын. Бір күні: «Сен өзі біртүрлі болып жүрсің, үйіңе бала-шағаңа барып біраз демалып кел», – деп қайтарып жіберді. Ол кезде отбасым Алматыда болатын. Ертеңгісін таксилетіп жолға шықтым. Таксидің терезесінен сыртқа қарап отырсам, түнде мойныма оралатын пәле шұбырып бірге ұшып келеді.

Алматыға жеткен соң пәтерге көше бойлап келе жатырмын. Сонда әр жерде жол бойында шоқ-шоқ боп үйіліп тұрған қоқыстар құдды бірі ер, бірі әйел, бірі бала болып шоғырланып отырған адам сияқты көрінеді.

Бір күн өткен соң мүлде шатып-пұтып сөйлеп, сандырақтап елестерді айтып, далаға  жүгіре бастаппын. «Ауруханаға апарсақ жындыханаға жіберуі мүмкін, молдаға оқыту керек па?» деп отбасым әрі-сәрі күйге түсіп қиналады. Үлкен ұлым мен кіші ұлым үйден шығармай күзетеді. Күзет қызметінде істейтін үлкен қызым жұмысқа барғанда әкем осындай болып қалды деп қасындағыларға мұңын шағады.

Алланың жәрдемші болып тұрғанын қараңызшы. Қасында істейтін бір әріптесі «діни оқып емдейтін Нұрлан деген мықты молда бар, соған сөйлесіп көр» деп жөнін айтады. Ол қаланың «татарка»  жағындағы Фатима мешітінде имам екен. Қызым жұмыстан шыққан соң сонда барып, жылап отырып көмектесуін өтінеді, қаражат жағының да қиындығын айтады. «Сенің шын қиналып отырғаныңды біліп отырмын. Мен сенен бәлен әкел деп отырғаным жоқ, әкең жазылып кетсе, үлкен қуаныш сол, әкеліңдер, әкеңді оқып көрейін», – дейді.

Сол күні кешке мешітке алып барды. Ол кезде есім түзу. Орта жастағы дөңгелек жүзді қараторы жігіт екен. Жүзіме қарап ұзақ отырды. Сонан кейін құбылаға қаратып отырғызып, бір сағатқа жуық дұға оқып, дем салды. Арасында кеудемнен, қарақұсымнан саусақтарымен сыққанда қолы қауашағыма бойлап кіріп кеткендей сезілді. Дұға аяқталар кезде ұйқым келіп, өзімді жайлы сезіне бастадым. Соңында: «Ауырсам ауырайын, тыныш ұйықтайтын мүмкіндік жасаңызшы», – деппін. Соған дейін 18 күн тыныш көз ілмеген едім. Бетіме қарап жымиып: «Қорықпаңыз, аға, бүгін тыныш ұйықтайсыз», – деді.

Он күн келіп дем салдыруымды айтты. Сол түні таң ағарғанша тұяқ серіппей ұйықтадым. Сол кездері әлгі «елес» аз уақыт 1-2 рет көрінді де мүлдем жоқ болып, тынышталдым. Он күннен соң құлан-таза айықтым. Кейіннен сыр ашып, әңгімелесетін болдық. Сонда айтқаны: «Көп ойлағандықтан жүйкеңіз шаршай бастаған. Оның үстіне сіз жатқан үйді жын-перілер мекен ете бастапты. (Мен тұрған екі бөлмелі үй иелері көшіп кетіп, көп жылдан бері құлаудың алдында қаңырап тұрған еді). Бетіңізге ұзақ қарағаным ана пәле бойыңызда күш ала бастаған екен, соны қайтара алам ба, жоқ па? Оқымай қайтарсам, сіздей азаматқа обал-ақ деген ой келді», – деді.

Ал енді маған дұға оқыған адамды таныстырып өтейін. Нұрлан Мәуленұлы. Қордайдан. Алғаш Алматы медицина институтының «емдеу» бөліміне оқуға түскенімен 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына байланысты оқудан шеттетіледі. Кейін қайта жалғастырады. Одан дінге бет бұрып, Өзбекстанның Наманган қаласындағы медреседе білім алады. 2000 жылы қажылық парызын өтейді. 2004 жылы білімін жетілдіру мақсатымен Мысырда оқуын жалғастырады. Одан қайтқан соң ауылында имам болады. Алматыға оралып, Нұр-Мүбәрак университетінде «дайындық курсында» ұстаз-тәрбиешілік қызмет атқарады. 2014 жылдан біз жоғарыда айтқан  «Фатима» мешітінде найб-имам болып қызмет етеді. «Теолог» мамандығын алған. Яғни, медициналық теологиялық білімі бар. Сонда медицина жолымен де, діни ілім жолымен де емдей алады.

Айтпақшы, ешбір ем қонбай 21 жыл ауырған қырықтан асқан әйелді сауықтырғанын айтқандар бар. Осындай және мен сияқты жандардың сауығуына себепші болған жоғарыда аталған азаматқа төл газетім «Жетісу» арқылы алғысымды білдіремін.

Қуанышбек ТОҚТАСЫНҰЛЫ

Іле ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.