Талдықорған: +14°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ ЖАҢА СОРТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

23.08.2020
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ ЖАҢА СОРТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс өңірлік инспектурасының сорт сынау учаскесінде қант қызылшасының сорттары мен гибридтерінің таныстырылымы өтті. Мекеме қызметкерлері Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ және Ескелді ауданы әкімдігінің басшылығымен жүргізілген жұмыстары мен сынақ нәтижелерімен таныстырды.

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Орымбасаровтың айтуынша, биыл корпорация Франция, Германия және Даниядан жоғары өнімді қант қызылшасы тұқымының 14,2 мың бірлігін сатып алған. Бұл тұқымдар облыстың 500-ден астам ауылшаруашылығы өндірушісіне берілді. 2011 жылдан бастап мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар 625 бірлік ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілді. Қызылша бағытында 29 сервистік-дайындау орталығы құрылып, табысты еңбек етуде.

Егістік алқабында Оңтүстік-Шығыс өңірлік инспектураның мамандары даниялық Maribo компаниясынан алынған қызылша сорттары едәуір жақсы көрсеткішке жеткенін атап өтті. Сорт сынау учаскесінде тәтті түбірдің 24 гибриді отырғызылған, оның ішінде Maribo кәсіпорнының 8 сорты бар.

— «Данюша», «Мустанг» сияқты сорттардан нәтиже жақсы. Екінші жыл қатарынан өнімділігі мен қант мөлшері бойынша жоғары көрсеткіш «Шкипер» деген сортта. Өткен жылы өнімділік 766 ц/га, қанттылығы 17 пайызды құрады. «Торпедо» сорты да екінші жылы сынақтан өтуде. Оның өнімділігі 586 ц/га, ал қант мөлшері 18,8 пайыз, — деді Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс өңірлік инспектурасының директоры Қанат Бекиев.

Алайда агрономдардың пікірінше, ең жақсы нәтиже Maribo шығарған «Ванилла» сортына тиесілі.

— «Ванилла» алғаш рет сыналуда. Басқа сорттармен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге ие. Бұл қазіргі таңдағы көрсеткіш. Ал қызылша енді тағы екі ай өседі. Жалпы, «Ванилла», «Мустанг», «Хоней» сорттарының өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда гектарынан 50-70 центнерге жоғары», — деп атап өтті мекеменің бас агрономы Татьяна Кириченко.

Өз кезегінде Maribo компаниясының Қазақстан бойынша аймақтық өкілі Вячеслав Дизер еуропалық кәсіпорын баға мен сапаның ең жақсы арақатынасын қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап өтті. Зауыт үлкен ғылыми жұмыс жүргізеді және ол 90 жылдан астам уақыттан бері әлем елдерін жоғары өнімді қызылша тұқымдарымен қамтамсыз етіп келеді.

Тәтті түбірді өсіру кезінде барлық технологияларды сақтаудың маңыздылығы туралы «Жетісу» ӘКК агротехнология жөніндегі кеңесшісі Әбілқайыр Бексұлтанов айтып берді. Маманның айтуынша, шаруаларға суару жүйесіне ерекше назар аудару керек.

– Егер суару жұмыстарының бірінші жартысында ылғал шамадан тыс көп болса, онда тамыр жерге тереңдемейді. Осыған байланысты алғашқы суару 10-15 маусымға дейін жүргізілуі керек. Әрі қарай суару жұмыстары ауа райына байланысты жүргізілуі керек. Ылғалдылық деңгейі далалық ылғал сыйымдылығынан 80-85 пайызға сақталуы тиіс. Бұл тұрғыда тамшылатып суару жүйесі тиімді. Онда барлық технология сақталады, – деп түйіндеді сарапшы.

Сорт сынау алқабында қант қызылшасының тұқымдарын алу, сапасы мен бағасы турасында, сондай-ақ, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері мен ұсыныстары талқыланды. Дақылдың сынау нәтижелерімен таныстыру және оны шаруашылықта қолдану үшін алдағы уақытта алқапта қызылша өсірушілермен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда.

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс өңірлік инспектурасының учаскесінде сынақ жүргізу және патент алу мақсатында 14 дақыл, оның ішінде, дәнді, дәнді-бұршақты, жемшөптік, майлы дақыл, сондай-ақ, көгалды шөптер өсіріледі.

Диас БЕЙСЕНБЕК,

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ баспасөз хатшысы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.