Талдықорған: +26°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ГАЗ ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕРДЕ, БІРАҚ ОҒАН ҚОСЫЛУ ҚҰНЫ ҚЫМБАТ»: ТҰРҒЫНДАР ЖАНАЙҚАЙЫ

20.08.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ГАЗ ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕРДЕ, БІРАҚ ОҒАН ҚОСЫЛУ ҚҰНЫ ҚЫМБАТ": ТҰРҒЫНДАР ЖАНАЙҚАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Газ тұтыну жөнінен алдыңғы орында тұрған Алматы қаласы маңында да көгілдір отынның қолжетімділігі толық шешімін тапқан жоқ. Яғни, тұрғын үй секторы мен өндіріс орындарының әлі күнге дейін орталық газ желісіне қосылмауы қоршаған ортаның ластану қауіпін жоғарылатып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да сын болып тұр», — деп хабарлайды egemen.kz сайтының Алматы облысындағы тілшісі.

Бұл жағдай мемлекет алдындағы өткір мәселенің бірі екені тағы анық. Осы жерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Алматы облысы аумағындағы табиғи газбен қамту жұмысын сынға алып, тиісті ескерту жасағанын еске түсірген абзал. Қазір Президент тапсырмасынан туындаған міндеттер іркіліссіз жүзеге асып, аймақтағы жұмыс біршама ілгеріледі. Бірақ көгілдір отынға қосылу бағасының қымбат болуы жұрттың жаппай газ тұтынуға деген ынтасын басып отырған сияқты.

Дерекке жүгінсек, Алматы облысында 144 елді мекен газдандырылған. Яғни, табиғи газға 1,1 миллион адам немесе тұрғындардың 56 пайызы қол жеткізген. Саралап айтқанда, аймақтағы 5 ауданның тұрғындары үшін көгілдір огтын әлі арман күйінде қалып отыр. Бірақ бұл бағыт бойынша жерглілкті билік қол қусырып отырған жоқ. Қазір облыс әкімідігі ұзындығы 224 км болатын «Талдықорған-Үшарал» және ұзындығы 118 км болатын «Шелек-Кеген» магистралды газ құбырының құрылысын қолға алудың қамы жасалып жатыр. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 149,1 млн теңге бөлініпті. Жоба іске асса, қазір газ иісі жетпеген 5 аудандағы 91 елді мекеннің табиғи отынға қол жеткізу мүмкіндігі артады.

Ал бұл дегеніңіз 300 000 тұрғын үй газға қосылады деген сөз. Рас, бұл болашақтың жоспары. Ал қазіргі міндет мегаполис маңындағы аудандардың тұрғындарын толықтай көгілдір отынмен қамту болып отыр.

Мысалға, Іле ауданының тұрғындары үй іргесінде тұрған газ құбырына қосылудың құны қымбат екенін айтады. Газ тасымалдаушы компаниялардың қызметі үшін төлейтін артық ақша таппаған адамдар несие алуға мәжбүр болады екен. Ал Іле ауданы аумағындағы ауылдарда газ желісіне жалғау мен құжат рәсімдеу құны 300 000 теңгеден 450 000 теңгеге дейін барады-мыс. Мәселен осы ауданның Байсерке ауылдық округіне қрасты Қоянқұс ауылында газға қосылу жұмысы 400 мың теңгеге бағаланған.

— Біздің ауылымыз қала шекарасынан 1 шақырым ғана қашықтықта орналасқан. Мұндағы тұрғын үйлер бау-бақшалық мақсаттағы жерге салынып жатыр. Аты айтып тұрғандай, бау-бақшалық мақсаттағы жерге жергілікті атқарушы билік тарапынан коммуникация жүргізу міндеттелмеген. Қол созым жерден газ магистралі өтіп жатыр. Осыдан 4 жыл бұрын тұрғындар ортақ ақша шығарып, газға қосылу үшін келісім алдық, көгілдір отын әр отбасына 400 мың теңгеге түсті. Қазір біздің қаржымызға тартылған желі «ҚазТрансГаздың» иелігіне өтті. Ал көбіміз сол үшін алған несиемізді әлі төлеп отырмыз, — дейді «Қоянқұс» бау-бақша серіктестігінің төрайымы Гүлжиян Нұрғалиева.

Айтпақшы, Алматы облысында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету мақсатында абоненттерді газбен жабдықтауға қосу қызметтерінің құнын арзандату бойынша «Талдықорған қаласы мен Алматы облысының елді мекендеріндегі тұрғын үйлерді газдандырудың» қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленген.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — біз айтып отырған мәселені шешу. Яғни, газбен жабдықтау жүйесіне абоненттерді қолжетімді бағамен және бөліп төлеу мүмкіндігін қолдана отырып қосу жайы шешімін таппақшы. Осы шаруа үшін облыстық бюджеттен 500 млн.теңге көлемінде қаражат та бөлінген. Істі жүргізуді, басқаша айтқанда бөлінген қаржыға иелік ету «ЖетісуОблГаз» компаниясына жүктелген. Қазір бұл мекеме абоненттерді газға қосу жұмысын жүргізетін серіктестіктермен консорциум жасау үстінде. Осы консорциумға сәйкес, бір абонентті толық қосу құны орташа есеппен 250-300 мың теңге болады. Бұл ретте құрылыс материалдары мен жабдықтарының барлық түрлері абоненттерге 8 ай мерзімге пайызсыз бөліп төлеу арқылы беріледі екен.

Алайда бұл жобадан біз тілге тиек етіп отырған Іле ауданының тұрғындарына келіп кетерлік пайда жоқ сияқты. Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Төле би ауылының тұрғындары газға қосылу құнының қымбат екендігін айтып, ауыл, аудан әкімдерінің табалдырығын тоздырып болдық дейді. Ауыл тұрғыны атынан бізге хабарласқан көпбалалы ана Дина Достыбаева халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету мақсатында бөлінген қаржыға кімдердің қол жеткізе алатынын түсіндіретін билік өкілін таппай жүргенін айтады.

— Біз «Жетісу» теларнасының жаңалықтарынан облыстағы көпбалалы отбасылардың үйін газға жеңілдікпен қосу мақсатында қомақты қаржы бөлінгенін естідік. Бірақ оның игілігі кімге бұйыратынын білмейміз. Мен өзім көпбалалы анамын. Жанармай құю бекетінде оператор болып жұмыс істеп жүрмін. Бұл жердегі жұмыс кезекпен, аса қиын емес. Ал күйеуімнің тұрақты жұмысы болмағандықтан атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беріп үлгермедік. Соған қарамастан ешкімге алақан жайып отырған жоқпыз. Жерді несиеге алып, үй салдық. Енді газға қосылуды армандап жүрміз. Оның құны 350 000 теңге шамасында. Мұндай қаржыны бізге банк те бермейді. Енді көпбалалы отбасыларға жеңілдік болады деген соң, ауыл әкіміне барсам, нақты жауап жоқ. Газ тартатын компаниялардың телефонын беріп, «Өздерің сөйлесіп, жағдайларыңды айтып, жеңілдік сұраңдар» деп шығарып салды, — дейді көпбалалы ана Дина Достыбаева.

Осы жерде газ желісіне қосылудың құнын нарықтағы сұраныстың белгілейтінін ескеру керек. Өйткені, мегаполиспен шектесетін аймақтардағы жаңа елді мекендердің жылдам бой көтеруі тұрғындардың көгілдір отынға деген сұранысын жыл сайын арттырып келеді. Мысалы, қазір қала маңы аудандарының есебіне кіретін 187 елді мекенде 993,8 мың тұрғын бар. 134 ауыл ғана табиғи газға қосылған. Көрсеткіш 71,6 пайыз шамасында екен.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 1489 мопед ресми тіркеуден өткен

Жетісуда 1489 мопед ресми тіркеуден өткен

22.04.2026
Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

22.04.2026
Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

22.04.2026
Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

22.04.2026
Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.