Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

1720-ДА — ОБА, 1820-ДА — ХОЛЕРА, 1920-ДА — ИСПАН ТҰМАУЫ, ЕНДІ КОВИД: БҰЛ СӘЙКЕСТІК ПЕ?

17.08.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
1720-ДА - ОБА, 1820-ДА - ХОЛЕРА, 1920-ДА - ИСПАН ТҰМАУЫ, ЕНДІ КОВИД: БҰЛ СӘЙКЕСТІК ПЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус деген көзге көрінбейтін жау сын-ды. Бастапқыда өз басымызға келмеген соң арқаны кеңге салдық. Енді, міне, аралас-құралас жүрген замандастарымыз баудай түсіп жатыр. Курстасымыздың екеуі осы дерт құрсауына ілінді де, бірі Астанада, екіншісі Таразда қос төмпешік болып қалды.

Соғылып соқпа дерттің сойылына,
Асықтың ата-баба қорымына.
Ындынын қанағаттың толтыра алмай,
Қара жер қаусырыпты қойынына, –
дейміз біз күйінішімізді жасыра алмай.

Ауырма, аман бол, балам!

Жуырда ақын Алмас Темірбайдың өлеңі назарымды аударды:

Бәріне дұғай сәлем де,
Ауырма, аман бол, балам!
Болайын мен-ақ әлемде,
Бұл дерттен өлген соңғы Адам!

Осы түйін ойыма төмендегі оқиғаны түсірді. Алматыдағы құдамыз өкпе қабынуынан көз жұмды. «Жедел жәрдем» шақырған екен. Ауруханада орын жоқ деп жарты сағат аппаратпен дем алдырыпты да қалғанын құдайға тапсырып кетіп қалыпты. Содан соң балалары сабылып осындай аппарат іздепті, ақшасына тауыпты да. Бірақ ол кісінің көрер жарығы таңға дейін ғана жетіпті.

«Балаларым, аман болыңдар, ауырмаңдар!», – депті ол үзіп-жұлып соңғы сөзін айтуға дәрмен тапқанда…

Дәріге зәрулік

Әлеуметтік желіде Алмас Темірбай ақынның мұң-зарға толы өлеңі көпшілік көкейінен шығып жүр.

Мәйітке толды көр іші,
Марқұм боп қазақ-орысы.
Адам мен вирус соғысы,
Коронавирус соғысы.
Қоршауды бұзып-жарып шық,
Соғыста жеңіп, тез орал.
Халқыңды аман алып шық,
Дәрігер дейтін генерал.

Расында да халық алдымен бір Аллаға, содан кейін дәрігерге сүйенеді. Бірақ аурухана лық толы. Дәрігерлер ұйқы-күлкіні ұмытқан. Айналасындағы қасіретті көзбен көріп, өздерінің де ыстығы көтеріліп, өкпесі қабынып, иммунитеттері әлсіреуде.

Мұның үстіне дәрі жоқ, дәріханалардағы барының өзі удай қымбат. Гуманитарлық көмек орталықтан аспайды, шалғайдағы ауылдарға жетпейді. Дәрі-дәрмекті, медициналық жабдықтарды үстеме бағасына сатып, баюды мақсат тұтып, адами нысаптан айырылғандардың арасында дәрігерлердің ұшырасып қалатынын теледидар жұртшылыққа жеткізуде.

Алмас ақынның отты жырының туындауына осындай сұрқиялық себеп болғаны анық:

Ауырған жандар түсінер,
Атаңа нәлет, бәріңді!
…Ішіп өл өзің, ішіп өл,
Қоймаңа тыққан дәріңді!

Үрейді үміт жеңеді

Пандемия салдарынан наурыздан бері әбігерге түстік. Төтенше жағдай жарияланды. Ұлыстың ұлы күнін үнсіз қарсы алдық. Барыс-келісіміз азайды, шектелді де.

Әлем мамыр айынан бері сәл тереңірек тыныстады. Көпшілік енді оқшаулануды қойып, бір-бірін іздеп, той-тойлаудың қамына кірісті. Оның соңы дүниежүзі бойынша індеттің асқынуына әкеп соқты да, бізде де қауіпті дертті жұқтырғандар саны күрт өсті. Көзімізді ашқаннан қараңғы түскенше ресми, бейресми ақпараттардан еститініміз осындай жаманат хабар. Елді үрей жайлады.

– Науқас белгілері анықталса үрейленбеңіз, байбалам салмаңыз. Дер кезінде емделсеңіз ауру асқынбайды, – дейді дәрігер досымыз.

Ауданда дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын туғызуға қарсы ықпалды әрекет бар. Әкімдік жанынан құрылған мониторинг тобы препараттар бағасын бақылауды күшейте түсті.

Иә, үрейді үміт жеңеді.

Бүлінгеннен бүлдіргі алма!

Атамыз қазақ «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген ұғымды ұрпағының санасына сіңірген. Бүлінген үйге, отбасына жанашырлықпен қараған. Бір сабақ жібін алмай, қайтадан еңсесін көтеруіне қам жасаған. Ал баюдан басқаны ойламайтын бүгінгі буын мұндай ұғымнан жырақ өскен сияқты. Ел бір тарының қауызына сыйғандай үрей құшағында қалғанда алып сатарлардың дәурені жүрді. Дәрінің де, азық-түліктің де бағасын аспандатқандардың көздерін түптің түбінде топырақ қана тойғызатын шығар. Бұдан асырып не айта аламыз?!

Бүгінгі таңда пандемия салдарынан арысынан, қамқоршысынан айырылып, бала анасыз, үйелмен панасыз қалуда. Бұған тұс-тұсынан қысқан қымбатшылықты қосыңыз. Халықтың қасіреті есебінен баюға ұмтылу бүлінгеннен бүлдіргі алумен пара-пар емес пе?

Ең бастысы – сақтық шарасы!

Жаһанды жайлаған індеттің циклдық сипатын ешкім жоққа шығара алмайды. Атап айтқанда, 1720 жыл – Марсель обасы, 1820 жыл – Азия холерасы, 1920 жыл – Испан тұмауы, 2020 жыл – Коронавирус індеті. Бұл сәйкестік пе, әлде заңдылық па?

Үрім-бұтағымызды сақтау үшін сақтық шараларын бұлжытпай орындау – парызымыз. Үрім-бұтақтың амандығы – ұлтымыздың амандығы, ұлтымыздың амандығы – адамзаттың амандығы.  Қазақ ежелден соғыса жүріп арманынан адаспаған халық. Баршамыздың көкейімізде – үкілеген үмітіміз, бүршік жарған арманымыз бар. Сол үшін де аман болуымыз керек. Аман ердің қашанда аты шығады.

Ел аман, жұртымыз тыныш болғай!

Жомарт ИГІМАН

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.