Талдықорған: +18°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БҮГІН — ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

15.08.2020
РУХАНИЯТ
БҮГІН - ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін, яғни, 15 тамыз — қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Маңдайына бұйырған 61 жылда көңілді шалқытып, жүректі балқытып, бірде шаттыққа бөлеп, бірде мұңға ораған, енді бірде сағынышпен тербеткен сан түрлі иірімді әнді қазақ даласына қалықтатып кетті. Күнтізбедегі әртүрлі мерекелер мен қазақ шаңырағында болатын қандай да тойдың ажары Шәмшінің әні екені ақиқат. Талай ақынның кестелі сөзін әуезді әнге айналдырып, анаға деген сағыныш, сүйген жарға деген ынтық көңіл, аруға ауған аңсар, бәрі-бәрі Шәмші әні арқылы жүректен жүрекке жетіп жатты. Шәмші әнінің ең құдіреттісі сол, кеңестік кезеңде ауыздықталған асаудай, тұсалған тұлпардай адымын аштырмаған «Менің Қазақстаным» әні сексен алтының желтоқсанында қазақ жастарының рухын асқақтатып, бодандықтың бұғауын бұзуға күш берді. Арада жылдар өткенде алдаспан ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған ән Қазақстан Республикасының Гимніне айналды. Ақиқатында Шәмші ағамыздың қай әні болмасын қазақ халқымен бірге ғасырлардан ғасырларға жалғасып жүре бермек. Өйткені, ол – Шәмшінің әні!

Ұлт перзентіне көрсетілген құрмет

• Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлығымен 1991 жылы Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы берілді.
• Даңқты композитордың «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы Қазақстан Республикасының Гимніне айналды. 
• Сиқырлы саз, әуезді әнімен ел жүрегінде қалған Шәмші Қалдаяқовқа 2010 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 
• Ұлт перзентінің әндерінен республикалық, халықаралық байқаулар мен ән фестивальдері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
• Шәмшінің ізі қалып, талай әнін қалықтатқан оңтүстік астанамыз, ару Алматыда ескерткіші қойылды. 
• Шырайлы қала Шымкентте Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақ ашылды. 
• Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент секілді үлкен қалаларда Шәмші Қалдаяқовтың есімімен аталатын көшелер бар. 
• Қазіргі таңда өзі туған Темір кеңшары Шәмші ауылы деп аталды. 
• Ал Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында Шәмші Қалдаяқов атындағы ауыл бар. 

…деген екен

Шәмші бір тойға қатысып, әдеттегідей елдің сый-құрметіне бөленіп, қайтарында құрметтеп ұсынған костюмін киіп, үйіне қайтып келе жатса, алдынан екі-үш жігіт кездесіпті де: «Кәне, жан керек болса, шеш үстіңдегі костюміңді!» – деп пышақ кезеніпті.

Шәмші еш қарсылықсыз костюмін шешіп жатып: «Халқымнан айналайын, өзі киіндіреді, өзі шешіндіреді!» – деген екен.

***

Бірде Алматы көшесінде «Жигулиімен» үлкен жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан Шәмші Қалдаяқов ағамызға МАИ қызметкерлері «тоқта» деп белгі беріп көтерген ала таяғын көріп: «Мыналар мені таныды-ау деймін», – депті қасындағыларға масаттана қарап.

Шәмшінің әні

Шәмшінің әні – айдында аққу тербеткен,
Шәмшінің әні – қиялды шыңға өрлеткен.
Шәмшінің әні қарияның қанын тулатып,
Шәмшінің әнін тыңдаған сәби жөргектен.

Шәмшінің әні шырқалған сәтте қас-қағым,
Тұла бойыңды баурайды сондай асқақ үн.
Шәмшінің әнін қырдағы қойшы ыңылдап,
Шәмшінің әні – жүрегін тербер патшаның.

«Сыған серенадасы», «Дүнген қызы» деп ән салған,
Шәмші ағаның жанында кетті қанша арман.
Шәмшінің әні – Сыр сұлуына сыр айтып,
Шәмшінің әні – Тамды аруына тамсанған.

Шәмшінің әні – бейнесі кетпей жадыңнан,
Аңсаған ару Арыс бойынан табылған.
Шәмшінің әні – ана туралы жыр болып,
Ақ бантик таққан қызғалдақ күнін сағынған.

Шәмшінің әні көңілді тербер мәңгілік,
Сан ғасырларға жетеді әлі жаңғырып.
Шәмшінің әні – тарихта қалды осылай,
Менің елімді, менің жерімді ән қылып.

Ұмытылмайтын не деген әуен ғаламат,
Әдемі ырғаққа сілтідей тынған бар алап.
Шәмшінің әні – Әнұраныма айналып,
Алты құрлықты барады әне аралап!
Шәмшінің әні!

Болмағанымен бұл ән туралы 
күнде дау,
Кеңестік қоғам назарға әнді 
ілмеді-ау.
Арада жылдар өткенде ұран боларын,
Қайран да қайран Жұмекен ақын білмеді-ау!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

22.06.2026
Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.