Талдықорған: +21°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛТЫН ОРДА ИМПЕРИЯСЫ

07.08.2020
РУХАНИЯТ
АЛТЫН ОРДА ИМПЕРИЯСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы –  өткен мыңжылдықтар белестеріндегі ұлыстық-мемлекеттік құрылымдардың (сақ-массагеттер, б.з.б. VII-VIII-ғ.ғ.; Ғұн империясы, б.з.б. III ғ.-б.з.І ғ.; Түрк қағандықтары – 552-704ж.ж.; Алтын Орда – 1243-1503ж.ж.; Моғолстан – XIVғ. ортасы – XVIғ. басы; Мысыр мәмлүктері (қыпшақ) – 1250-1390 ж.ж.; Қазақ хандығы – 1465-1847 ж.ж.) – тарихи мұрагері, негізгі Атажұртындағы Қара шаңырақ-мемлекет. 

 

Түркі қағанатының тарихнамалық «Күлтегін» (кіші жазу) дастанындағы тарихи сөздер біздің дәуірімізге өзіндік қуатымен жетіп отыр:
«Түркі халқы …
Өтүкең қойнауында отырсаң,
Мәңгі Елдігіңді сақтайсың сен.
…Түркі халқын жыйып
Ел еткендеріңді мұнда бастым.
Жаңылып, кешкендеріңді де мұңда бастым.
Барлық сөзімді айтар,
Мәңгі тасқа бастым».

Түркі халқының Мәңгі Елдігі ұстанымы – Мәңгі тасқа  Түркі қағандығының көрнекті ақыны Йоллығ Тегіннің жазуымен осылай ойылып жазылғаны – тарихымыздың әлемге әйгіленген нақты көрсеткіші. Әлемдік классикалық поэзияның алыбы Мағжан Жұмабаевтың әйгілі «Түркістан» атты өлеңінде жалпытүркілік ата-бабалық географиялық Тұран-Түркістан Атажұрттағы атамекендердің көл-теңіздері (Теңіз, Арал, Балқаш, Ыстықкөл), өзендер (Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун), таулар (Алтай, Тянь-Шань, Хантәңірі шыңы, Тарбағатай, Памир, Қазықұрт), қағандар (Шынғыс хан, оның ұлдары: Жошы, Шағатай, Үкітай, Төле, қолбасшылары: Сұпытай мен Жебе), би, әмір (Тарағай би, оның баласы Әмір Темір), ғалымдар (Әл-Фараби, Ұлықбек, Әбуғали ибн Сина), Қазақ хандығының хандары (Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан, Тәуке хан) – тарихнамалық-отаншылдық рух сарынымен жырланды. Мағжан ақынның осы түркішілдік-отаншылдық рухты жырының алтын арқауы – жалпытүркілік алып географиялық кеңістіктің негізгі Атажұрты – Қара шаңырағы Қазақ Даласы, Шыңғыс хан құрған Ұлы Дала мемлекеті екендігі:
Тұранда жер жүзінде жер жеткен бе,
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиал,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!

Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер. 
Шыңғыстай арыстанның құр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.

Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле,
Атаға тартып туған бәрі бөрі.
Шыңғыстың қол бастаған екі көзі
Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.

…Тұранда Түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп Түрік енші алып тарасқанда,
Қазақта ҚАРА ШАҢЫРАҚ қалған жоқ па? 

Бұл – Шыңғыс хан құрған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихи қалыптасуын айқын танытатын жыр жолдары. Жалпытүркілік көпғасырлық тарихнамадағы сөз арқауындағы мемлекеттік құрлымдарын негізгі құрушысы – қазақ ру-ұлыстары болғандығы – тарихи деректермен айғақталған ақиқат. Қазақ халқының антикалық дәуірлерде ата-бабалық негіздері қаланған іргелі ру-ұлыстарының тікелей ұрпағы Шыңғыс хан және оның тақ мұрагерлері-балалары мен оның сенімді қолбасшылары да, би-шешендері де жырау-жыршылары да – бәрі де қазіргі Қазақстан Руспубликасы мемлекетінің негізгі иесі қазақ халқының ататектік тұлғалары. Бұл орайда, адамзат өркениетінің ақыл-ой алыбы, ойшыл ғұламасы хакім Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты дерекнамалық, тарихи танымдық еңбегінде Атажұрт қазақ даласында қазақтың Майқы биі бастаған он екі биінің шешімін «… «Хан» деген үлкен биіктің басында, ақ қиізге Шыңғысты отырғызып, хан көтерген… . Тауының Шыңғыс аталып, биігі Хан аталмақ себебі де сол болса керек»  – деп баяндаған.
Бүкіл қазақ халқының атынан он екі биді бастап барып Шыңғысты ақ қиізге отырғызып хан сайлауын басқарған тарихи тұлғаның дәрежесі халық бағалауы бойынша: «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы Майқы би сол кісі екен» – деп, сонымен бірге «Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылыпты, бұларды Шыңғыс Жошы деген үлкен баласына билетіпті», – деп хакім Абай атап көрсетеді. Бұл – Шыңғыс хан да, ол құрған әлемді билеген Алтын Орда да қазақ халқы негізіндегі мемлекет екендігін дәлелдейтін пікір. Хакім Абай осы еңбегіндегі Шыңғыс хан құрған, ұлы Жошы, немересі Бату басқарған Алтын Ордаға бағынған Еуразияның географиялық кеңістігіндегі жер-су атаулары да ғылыми нақтылығымен байқалады. Бұл орайда, аса көрнекті ғалым жазушымыз, Қазақстан Республикамыздың Халық жазушысы, қалың-қалың төрт кітаптан тұратын «Шыңғыс хан және оның заманы» атты деректі тарихи хикая-эпопея жазған Мұхтар Мағауиннің жалпытүркілік тарихнаманың Мәңгі тасында Мәңгі Ел  болып жазылған мемлекеттілік дәстүрінің Шыңғыс хан арқылы жалғасқандығы туралы жаңашыл ғылыми тұжырымдары – қазіргі заманғы түркітану мен қазақтану үшін аса қажетті айқын бағдар:
«Шын мәнісінде Шыңғыс хан тарихы – ең алдымен түрік халықтарының тарихы болатын. Оның ішінде ежелгі қазақ тарихының ең толымды кезеңдерінің бірі». Ғалым-жазушы Мұхтар Мағауиннің осы тарихи хикая-эпопеясының төртінші томының соңындағы тұжырымында қазақ өркениеті тарихындағы Алтын Орданың маңыздылығына айрықша назар аудартқан:
«Сайыпқыран қолбасы, данагөй мемлекет қайраткері Шыңғыс хан құрған Еке Моғұл Ұлысының тікелей жалғасы және бар жағынан да соған жеде-қабыл ғаламат империя Алтын Орданың тарихы – өз алдына дербес хикая». 
Шыңғыс хан құрған алып мемлекеттік құрылым «Күлтегін» дастанындағы Мәңгі Ел екендігін дәлелдеп жүрген зерттеушілер пікірлерінің дұрыстығын қуаттап жүрген көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеұлының «Шыңғыс хан туған жеріне жерленген» атты мақаласындағы тұжырымын Алтын Орданың 750 жылдығы аталып жатқан қазіргі кезде айрықша назарға аламыз:
«Қазақ жері, кейбіреу айтып жүргендей, Жошы құрған жер емес, Шыңғыс ханның өзі құрған жер. Ол тек ол жерді үлкен ұлы Жошының басқаруына берген. …Тарихқа әділдікпен келсек, бүгінгі жер-суға ие болып отырғанымыз – Шыңғыс хан қызметінің жемісі». Демек, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасында 750 жылдық мерейтойы жалпыадамзатқа әйгіленіп аталып жатқан қазақ перзенті Шыңғыс хан құрған Алтын Орда – төл тарихымыздың мәртебелі биіктігі.
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу, даму тарихнамасының аса көрнекті кезеңі – Алтын Орда атауымен әлем өркениетіне танылған алып империялық құрылымның дәуірі. Қазақстан тарихының іргелі зерттеулерінің деректері бойынша: 
«Жошы ұлысы хандарының төменгі Еділдегі ордасы Сарай қаласын «Алтын Орда» деп алғаш атау бертін келе Жошы әулетінің мемлекетін атайтын термин болып, географиялық ұғымнан саяси терминге айналды».
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мәңгі Ел тұғырнамасының тарихи негіздері – ежелгі сақ бірлестіктері, Ғұн және Алтын Орда империялары, Моғолстан және Қазақ хандығы мемлекеттері. Қазақстан тарихы ғылымының бағалауы бойынша: 
«Қазақ мемлекеттілігінің өз негізінде дамығаны, ертедегі Түрік мемлекеттілігінің дәстүрі жалғасы болғандығы күмәнсіз. Мұны Алтын Орда да айқын дәлелдейді».
Қазақстан Республикасы – Ұлы Даламыздың өткен мыңжылдықтары белестеріндегі әлем өркениеті кеңістігінде өмір сүрген көрнекті мемлекеттердің (Ғұн империясы, б.з.б. III ғ.-б.з.І ғ.; Түрк қағандықтары – 552-704 ж.ж.; Алтын Орда – 1243-1503 ж.ж.; Қазақ хандығы – 1465-1847 ж.ж.) – тарихи мұрагері. Алтын Орда – Шыңғыс хан империясының құрамындағы қазақ және басқа да түркітілдес халықтардың бірігуімен құрылған Түрк империясы. Шыңғыс ханның немересі Жошыұлы Бату (Батый) Сайын хан басқарған кезеңде (1227-1255 ж.ж.) Алтын Орда империясының кең-байтақ  кеңістігінде Ресей князьдіктері, Мәскеу қаласы, Киев Русі, Балтық теңізінің шығысындағы өңірлер, Польша, Мажарстан елдері, олардың қалалары Краков, Бреслау, Будапешт, Орталық Еуропа, Тракия жерлері, Австрия, Чехия, Словакия, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, бүкіл Дешті Қыпшақ – бәрі де Алтын Орданың құрамында болды. 
Алтын Орда империясының астанасы Еділ өзені бойындағы Сарай қаласы (1243 ж.), одан кейін Берке хан басқарған кезде Берке Сарайы (Сарай Әл-Жадид) болды. Алтын Орданың мемлекет құрушы негізгі халқы – қазақтың байырғы ру-ұлыстары: қыпшақ, қоңырат, керей, адай, кете, беріш, арғын, уақ, найман, қаңлы, т.б. Империя құрамындағы жалпытүркілік ұлыстар (ноғай, башқұрт, бұлғар, қарақалпақ, хазар, т.б.), славяндар, армяндар, гректер, т.б. бәрі Алтын Орда заңымен өмір сүрді. 
Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының бас ордасына, ондағы Ұлы Құрылтайға тәуелді болды. Алтын Орданың өркендеуі мына хандар тұсында айрықша байқалды: Мөңке Темір (1266-1280 ж.ж.), Туда Мөңке (1280-1287 ж.ж.), Төле Бұқа (1287-1291 ж.ж.), Тоқты (1292-1312 ж.ж.), Өзбек (1312-1342 ж.ж.), Жәнібек (1342-1357 ж.ж.). 
Алтын Орданың әлем мемлекеттерімен (Түркия, Сирия, Египет, т.б.) саяси-экономикалық, сауда, мәдени қатынастары жақсы дамыған. Әлемдік байланыстар үшін «Қыпшақтың жазба кітабы» («Кодекс Куманикус») сөздігі жазылып қолданыста болды, сөздікте латынша-парсыша-куманша және куманша-немісше-латынша сөздер, жұмбақтар, діни аңыздар қамтылған.
Алтын Орда дәуіріндегі (XIII-XIV ғ.ғ.) ақындардың әдеби мұралар (Рабғузидің «Рабғузи қиссалары»; Құтыптың «Хұсрау — Шырын» дастаны; Хорезмидің «Махаббатнама» дастаны; Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастаны; Сәйф Сараийдың «Жәдігернама», «Түркіше Гүлстан» дастандары, т.б.), ғалымдардың (Әбу Хайан, ибн Муханна, т.б.) туындылары – бәрімізге ортақ құнды қазына. Жыраулар поэзиясының көсемтұлғалары Сыпыра, Асанқайғы (XIV-XV ғ.ғ.) хандар мен би-шешендердің, халықтың бірлігін, мемлекетті сақтауды жырлады. 
1502 жылы Шейһ Ахмет хан өлгесін Алтын Орда ыдырады. Ыдырау билік иелерінің өзара тақталастық тартысының және Ақсақ Темірдің жойқын шабуылдарының себебінен болды. Алтын Орда империясы ыдырап, мынадай жеке хандықтарға бөлшектенді: Кырым – 1428-1792; Қазан – 1437-1556; Қасым – 1445-1681; Астрахан – 1466-1557; Сібір – 1563-1656; Башқұрт – 1656-1738; Қазақ – 1465-1847. Жинақтап айтқанда, Алтын Орда империясы – Еуразия кеңістігіндегі қазақ ұлты негізінде құрылған көшпелілік пен отырықшылық мәдениетімен әлемге танылған күрделі сипатты алып мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың қазіргі отандық және әлемдік өркениет үшін тарихи-танымдық, мәдени қатынастар тұрғысындағы маңызын атап көрсетті:
«Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. 
Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудары тұрғысынан атап өткен жөн.
Туризмді дамыту үшін қажетті инфра құрылымды жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ету қажет».
Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан Республикасының тарихи негізі болып саналатын Алтын Орда мемлекетін жаңа буын ұрпақтарымызға таныту арқылы ата-бабалық отаншылдық рух қуатының ұлағатын дәлелдейміз. Бұл – қазақтың ұлттық-азаматтық дүниетанымын байыта түсетін құндылық тағылымы.

Темірхан  ТЕБЕГЕНОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Гуманитарлық   ғылымдар академиясының академигі,
Жамбыл  атындағы   Халықаралық сыйлықтың  лауреаты,  
ҚР  Жазушылар одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

22.06.2026
Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.