Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ЕСІҢНЕН КЕТПЕС ЕКІАША

07.08.2020
ЕКІ ТІЗГІН
ЕСІҢНЕН КЕТПЕС ЕКІАША
WhatsAppTelegramFacebook

Ғаламат табиғат, көркем өсімдік әлемі көрік берген Кеген ауданында Екіаша деп аталатын хан жайлау, ән жайлау бар. Небір тілінен бал тамған ақындардың жырына, сазгерлердің әні мен күйіне арқау болған атақты, әйгілі мекен. Ғасырлардан тарта құшағындағы елі-жұртына шапағатын тигізіп келе жатқан киелі өңір. Құйқалы белдері, жасыл шыршасымен сәнденген, әрленген таулары, мөлдіреген сулары қандай десеңізші?! Тобығыңнан аса  аяғыңа оратылатын көк құрағы – өріс толы төрт түлік малды асырап отырған игілік. Небір емдік қасиетке ие шөбің де осында. Кең жайлаудың құшағын әтір иісіне толтырып тұрған көкемаралдың өзіне не жетеді?! Ақ, сары, қызыл қырмызы гүлдері хан жайлаудың өңін ашып, сәнін кіргізіп, салтанатын асырып тұр.

Екіаша жайлауына биыл екінші рет жолымыз түсті. Осындағы дүйім ел-жұрттың, малшылардың жайын біліп, жайлаудың жұпар ауасын бір жұтып, мөлдір бұлағынан дәм тату үшін келдік. Таулы өңірде шілде мен тамыз айы еңбекқор жұрт үшін қыстың қамын жасайтын, науқанды жұмыс, онда да мал азығын дайындайтын ерен істің уағы. Қайнаған тірліктің шағы. Мазасыз маусым десек, артық айтпаймыз. Осыдан екі жыл бұрын Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділовтей азаматтың, туған жер перзентінің қолына алуымен Талды ауылынан Кеңсу, Жайдақбұлақ, Тоғызбұлақ ауылдарына дейін жасалған тау жолымен Екіашаға бет алып барамыз. Жайлауға баратын жолдың бәрінде шалғының сырылы естіледі. Тайланып тасталған шөптен көз сүрінеді. 
Жалпы, бұл өңірде даланың табиғи шөбінің шығымы жаман емес. Жол шетіндегі самал желмен тербетіліп жатқан қырмызы гүлдерге қызыға көз сала «Маяк» деп аталатын жерге келдік. Бұл – ең биік жер. Осыдан ары қарай кең жайлау құшағын аша түседі. Қиялай тартып төмендей түсетін жолдарын айтсаңшы?! Шын мәнінде жайлау екі аша болып келеді. Қатар жатқан екі сай. Екеуі де түкпірлеп кете береді. Екеуінен де мөлдіреп қана тау өзені ағып жатыр. Етектей келе екі өзен бір арнаға түседі. Екіаша жайлауының бас жағындағы «Шоңтас» деп аталатын өңірде Жасыбайдың көлі бастаған тоғыз көл бар. Бұл да жердің ерекшелігі, топырағының қасиеті, даласының сыйы шығар. Тобылғылы, Тұрсын сазы деген жерлерден ары қарай Қырғызстанның жері басталады. Екіаша жайлауының бас жағынан жайылып жатқан бір отар қойды көріп арнайы бұрылдық. Гүлді-гүлді, түрлі-түрлі шөпті армансыз жеген малдың бәрі шетінен қоңды, семіз. «Қоңды малдың төлді болатыны да» шындық. Жылысай ауылдық округіне қарайтын «Дархан» шаруа қожалығының бір отар қойы екен. Бұдан бөлек, тағы да екі отар қойы бар. Расылжан Сералиев атты шопан жігіт жайын айтып жатыр. 
– Жайлау биыл да жақсы жағдайда. Жайымыз жаман емес. Жайлауды пайдаланған жұрт еш ұтылмайды. Шөбі құрақты, өңірі бұлақты жерде болып қайтқан малдың шырайы кіріп, қоңданып қайтады. Биыл да солай боларына сеніміміз мол, – дейді Расылжан жылы жымиып. Жайлаудың төр жағына қазақ үйлерін тігіп тастапты. Төбесінен көк түтін көтеріліп жатыр. Шаруа қожалығында шопан болып еңбек ететін жігіт өзінің де малын бірге қосып,  бағып жүр. Өзіне де тиімді. Қожалық оған бар жағдай жасап отыр.
 Біз Екіаша жайлауының бірінші сайындағы тау өзенінен өтіп, үйінің маңына мыңға тарта қойы, үйірлі жылқысы, табынды ірі қарасы көрік беріп жатқан ағайынның жазғы мекенжайына бет алдық. Небәрі 38 жастағы Бекмұрат Айдаровтың бар тірлігіне риза болдық. Қазақ үйдің біреу емес, екеуін тігіпті. Қуатты көлік те тұр. Жобалағанымыздай, екі отар қойы, елуге тарта жылқысы, ірі қарасы бар екен. Қойлары жайылып, етектегі тау өзенінің жағасындағы бір топ талды саялап жылқылары тұр. Жақсы көрініс. Бекмұрат шын мәнінде әкесінің қолындағы ақ таяғын алған, атакәсібін өрістете өркендеткен, әке жолын қуған жан болып шықты. Бір баласының атымен аталатын «Шеризат» атты шаруа қожалығының жағдайы жақсы, шаруасы мығым, ісі ілгері, түтіні түзу. Дастарқандарына ұлттық тағамдарымыздың түр-түрін толтыра жайнатып тастаған. Өмірлік жары Айнұр Кеңесбаева екеуінің сүттей ұйыған берекелі шаңырағында 4 ұл өсіп келеді. Айбек, Мейрамбек, Шеризат, Бекзат атты ұлдарының алды 13 жаста. Іске жарап қалған. Әкесі Нөкербек Айдаров «Тоғызбұлақ» колхозында белгілі малшы болып еңбек етіпті. Қымбатты әкесінің қайтыс болғанына бес жыл болған. Асыл анасы Телеухан бүгінде 75 жаста. Баласының жайына жұбанып, әр ісіне тілекші болып жүріп жатқан жайы бар. Жалпы, Бекмұраттай азаматтың төрт түлік өсірумен айналысып келе жатқанына жиырма жылға тарта уақыт болыпты. Қыстауы Жалаңаш ауылдық округіне қарасты Торайғыр тауының етегінде. 
– Дулат Өкеев есімді белді көмекшім бар. Сәуір айының 28 жұлдызынан бастап-ақ қастерлі де қымбатты, құтты да киелі жайлауымызға көшіп келді. Құнарлы шөбі, мөп-мөлдір суы бар хан жайлау шын мәнінде берекеміз. Ырысымызды арттырып, берекемізді кіргізіп, мерекемізді жарастырып келеді. Мынау бас жағымызда Нұрғали Жуасов деген ағамыз бар. Одан бөлек Айдар Тәжиев, Асхат Мамырбеков атты төрт түлік өсіретін азаматтар бар, – дейді «Шеризат» шаруа қожалығының жетекшісі Бекмұрат Айдаров.
 Көршілес отырған малшылардың ынтымағы жарасымды. Жаз жайлауға келгеннен кейін-ақ бір-бірін қонаққа шақырысып, ерулік беріп, бір марқаның басын алдыға тартып, ақ баталарын алып жатады. «Ынтымақты елге ырыс қонады» демекші, жайлаудағы ағайынның тірлігіне, өзара жарасымды қарым-қатынастарына да ішіміз жылыды.
Қайтарда Нұрғали Жуғашов атты азаматтың үйіне бұрылдық. Жалаңаш ауылында туған. Елу екі жастағы Нұрғали жылы қарсы алды. Жағдайы жақсы. Жүзі жайдары. Етектегі көк құрақты алқапқа 10 биесін байлапты. Нұрекеңнің де бір отар қойы, табынды сиыры, екі үйір жылқысы жайлауға көрік беріп тұр. 2001 жылы құрылған «Мадияр» шаруа қожалығының жағдайы жақсы. Торайғыр тауының етегінде қыстауы бар. 
– Малымыз тойынып жатыр. Осы жайлаудың шапағаты шығар, биыл әр жүз саулықтан 110-нан қозы алдым. Егіз туған саулықтарым болды. Құлын мен бұзаудың да жайы жаман болған жоқ. Жалпы, биылғы төл алу науқанына ризамын. Мал азығын Жалаңаш өңірінен дайындап аламыз. Қажетті трактор, техникамыздың бәрі бар. Жайлаудан қайтқаннан кейін қыстауымызға ораламыз. Біздің тірлік осы, – дейді шаруа қожалықтың жетекшісі Нұрғали Жуғашов.
– Биені негізі өзіміз үшін байлағанбыз. Жайлаудың мәні мен сәні ғой. Бала-шағамыз, бауырларымыз, немерелеріміз ішеді. Әдейілеп келіп, апталап жатып, қымыз ішіп кететін ет жақындарымыз аз емес. Арнайы сұраныс беретіндер де ұшырасады. Енді жайлауда көршілес отырған жандар әдейіліп келіп, асықпай қымыз ішіп, жақсы әңгімелерін айтып, арқа-жарқа болып қаламыз, – деді Нұрекеңнің жан жары Ақмарал Ашимжанова жайдары тіл қатып.
 Бәрекелді! Қандай жақсы дүние?! Он биені байлаған. Биебауда құлындары. Нұрекең мен Ақмарал әлсін-әлсін барып, биелерін сауып қайтады. Үйдің отағасы биенің басын ұстайды. Сосын күбіде Екіашадай жайлаудың сары қымызы сапырылып, дәмі кіре түседі. Сары қымызды тамсай ішкен де арманда, ішпеген де арманда?! Қос жұбайдың қонағы үзіле бермейтін ақ дастарқандары маңыз, ірімшік, құрт пен сары майдан қайыса түседі. Жаз жайлаудың да жақсылығы осы. 
 Иә, жайлаудағы ағайынның жайы осындай. Қуанасың, қызығасың. Тамашаларын, табиғаттың мол тартуларын көзімізбен көріп, көңіліміз толып, тіпті, қимай аттанған жайымыз бар. Оратылып жатқан көк құрағы, көзді тартқан әдемі гүлдері, тұнық тау өзені, жұпар ауасы, бәрі-бәрі жанымызды жадыратты, көңілімізді албыратты. Осындай ханжайлауы бар елімізден, жерімізден айналайық! 

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.