Талдықорған: +19°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

«СҰЛУЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕ БІЛУ КЕРЕК»: САЛОН АШҚАН ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ

04.08.2020
ОН САУСАҚ
"СҰЛУЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕ БІЛУ КЕРЕК": САЛОН АШҚАН ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сұлулыққа сүйсінбейтін, әсем дүниеге қызықпайтын жан жоқ шығар, сірә? Кім-кімді алсаңыз да әдемілікті сүйеді, көркемдікті қалайды, үйлесімділікке ұмтылады. Себебі, адамзат қауымының талғамы күн санап артып, жыл санап биіктеп келеді. Сұлулыққа жаны құмар адам көп. Соның бірі «Аймаржан» сән салонының иесі Аймаржан Айжарықова.

Ана деген құдіретті де қасиетті жанға алғыс айтумен әңгімесін бастаған Аймаржанның осындай жетістікке жетуі бірінші Жаратқанның екінші, аяулы анасының арқасы. Өйткені, жалғыз өзі болса да қызғалдақтай жайқалған гүлін күтіп, баптап, қатарынан қалдырмай, бар тәттіні аузына тосып, бар жақсыны үстіне кигізген ананың еңбегін перзенті қашан да жоғары бағалайды. Осылай болуы заңды да. 

Кәсіптен тек қана нәсіп болатынын о бастан түсінген еңбекқор ана бүгінде үлкен бизнесті дөңгелетіп отыр. Мұндай жетістікке жеткізген адал табысы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ес білгелі еңбекқорлығын көріп өскен Аймаржан болашақта анасына қолғабыс етіп, аяулы жанның талай ұйқысыз таң атырған еңбегін ақтау үшін алдына нақты мақсат қоя білді. Бала күнінен шаш үлгісінің неше түрін жасауға, бет, тырнақ әрлеуге деген қызығушылығын байқаған ана қызының бетін қақпай, белін буды. Міне, бүгін сол бала арман орындалып, анасының қолғанатына айналды.

– Ес білгелі анам маған бар жақсылықты жасап келеді. Сол үшін де ол кісіге қанша алғыс айтсам да артық болмас. Бала күнімде үйге келген әпке-сіңлілерімді отырғызып қойып, неше түрлі шаш үлгісін жасап беретінмін. Кейінге таман тырнақ бояуды әдетке айналдырдым. Мұндай іске қажетті құрал-жабдықтың барлығын анам алып беретін. Мүмкін, сол кезден-ақ осы салаға қаншалықты жақын екенімді сезген шығар ана жүрегі. Сөйтіп, мектепті, жоғары оқу орнын бітірдім. Арман қуып Алматы қаласына жұмысқа кеттім. Бірақ ол қала да, тапқан жұмысым да менің жаныма жақын еместігін түсіндім. Адам қандай жұмыс істесе де жан-тәнімен беріліп, ісінен рахат алуы керек деп ойлаймын. Бірақ менде мұндай сезім мүлде болған емес. Бұл жұмыстан нәтиже шықпайтынын түсінген соң, анамның кеңесіне құлақ астым. Анам кері қайтып, отбасылық кәсіпті жалғастыруымды сұрады. Мен үшін АНАМНЫҢ ақылы, кеңесі, жүрек сөзі бәрінен қымбат.

Кәсіп бастаудың оңай еместігін түсінген Аймаржан тәуекелге бел буып үлкен іске білек сыбана кірісті. Бойдағы сенімсіздік, ішкі толғаныс, қорқу, қобалжу жұмысты бастауға біраз кедергі келтірмей қоймады. Бірақ бойжеткеннің сенімсіздігін анасының «Сенің қолыңнан келеді. Мен саған сенемін», – деген бір-ақ ауыз сөзі жойды. Бірден бет әрлеу, тырнақ, қас жасау курстарын оқып, өз мамандығынан мүлде бөлек жұмысты бастайды. Нәтижесі де көңілге қуаныш сыйлады. Себебі, бұл – жүректің қалауы еді. Аз уақыттың ішінде сұлулық салонына келушілердің саны артады. Бұл – кәсіп үшін ең үлкен олжа. «Маңдайының бағы бес елі» деп шүкір еткен бойжеткен бүгінде алты адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Аймаржан өзін кәсіби маман ретінде шыңдау үшін танымал мамандардан жиі-жиі сабақ алып тұруды бұлжымас міндеті санайды.  

– Адамның Алла берген сүп-сүйкімді бет-әлпетіне сын айтудан аулақпын. Адамның бәрі де сұлу, бәрі де әдемі. Тек сол сұлулықты көрсете білу керек, көрсетуге тырысу керек. Қымбат киіну ешкімге де міндет емес, бірақ жарасымды киінуге болады. Киіміңізбен қатар сөзіңіз де сұлу болса қандай керемет?! Сөзіңізбен қатар жүрегіңіз таза болса, ниетіңіз адал болса нұр үстіне нұр емес пе? Міне, осындай сұлулық нағыз әлемді құтқаратын сұлулық деп айтар едім. Қазіргі таңда шырайлы келбетіне көңіл бөлетіндер саны артып келеді. Заман өзгереді, бірақ сұлулық өз қалпында қалуы тиіс. Онсыз адамның өмір сүруі де қиындай түседі. Себебі, сұлулық – мейірімділіктің, имандылықтың, ақыл мен парасаттың символы. 

Жүзінен мейірім төгіліп, жақсылық жасауға құмартып, көмек қолын созуға ұмтылып тұратын Аймаржан Мәлікқызы осы әлемге нұр шашар жап-жарық жұлдыз сияқты. Жүрегі жұмсақ бойжеткен бірінші бизнесті емес, адамдардың жағдайына қатты көңіл бөледі. Қаражаты жетпей тұрса бар ақшасына тіпті, тегін де қызмет көрсетуге қарсы емес. Анасы «Еңбегіңді бағалата білгін. Бұл – бизнес» деп үнемі айтса да мейірімді Аймаржан ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді. Ақкөңілдігі мен қарапайымдылығы арқылы өзгелерден дараланып тұратын біздің кейіпкердің осы ниетіне қарай сән салонына келушілердің қатары көп. Талай жанға қуаныш сыйлап, талай ханшайым мен қалыңдықтың ең керемет сәтінде сәнге бөлеп көптің алғысын арқалаған Аймаржанның ендігі арманы – АСЫЛ ЖАР, ИБАЛЫ КЕЛІН, АЯУЛЫ АНА атану. Сұлулықты адамгершілікпен өлшейтін жас кәсіпкердің арманы орындалсын деп тілейміз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

27.03.2026
Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

27.03.2026
Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

27.03.2026
ҰБТ: 117 мың талапкер бағын сынап үлгерді

ҰБТ: 117 мың талапкер бағын сынап үлгерді

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.