Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

«ӨЗДЕРІ ДЕ АУЫРЫП ЖАТЫР»: ҚЫТАЙДАН ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТЫН АЛДЫРДЫ

29.07.2020
ІЗГІЛІК ІЗІ
"ӨЗДЕРІ ДЕ АУЫРЫП ЖАТЫР": ҚЫТАЙДАН ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТЫН АЛДЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған дана халқымызда қайырымдылық жасау ежелден бар үрдіс. Тұрмысы төмен отбасыға, тағдыры талқыға түскен ағайынына қолда барын бөліп беретін кеңпейілді бабаларымыздың ілкімді ісін бүгінгі ұрпақ жалғап келеді. Иә, қазақта ұлтым деп туған атымтай жомарттар жетерлік. Оған дәлел, елімізде орын алған төтенше жағдайда қиналған жандарға қол ұшын созған Көксу ауданы Ақтекше ауылының  пейілі дарқан жандары.

Ұлтын ұлықтап, салтын ардақтаған кішкентай ғана ауылдың үлкен жетістігі – халқының бірлігі. Елімізде төтенше жағдай орын алған сәтте-ақ Ақтекше ауылындағы тұрғындар жұдырықтай жұмылды. 1970 жылы ауылда туған жандардың мұрындық болуымен  қайырымдылық эстафетасы басталды. Яғни, әр жылғы ауыл азаматтары өздерінің кезегі келген кезде қаржылай ақша жинап, әлеуметтік жағынан төмен отбасылар мен жетім-жесір, ауру-сырқауларға, тосыннан жәрдемге зәру болып қалғандарға көмек қолын созады. Жуырда қайырлы іс қылудан 1982 жылы туған жандардың кезегі келді. «Жомарттық – жанның байлығы» – деп жақсылық жасауға жарыса ұмтылатын олар елімізде COVID-19 індеті өршіп тұрғандықтан Көксу аудандық ауруханасына оттегі концентратын алып беруді жөн санайды. Әрине, індет өршіп тұрған заманда құрылғыны сатып алу оңай емес. Сондықтан олар «Шұғыла» қоғамдық қоры арқылы аппаратты Қытайдың Гуанчжоу қаласынан алдыртады. Сөйтіп, жаны мейірімге толы еріктілер ауруханаға оттегі концентратын тарту етіп, басын қатерге тігіп, күні-түні жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірді.

Шара барысында Ақтекше ауылының тумасы Айнагүл Құттыбекова:

 – Жасанды тыныс алу аппаратын Гуанжоу қаласына жеткізіп берген «Шұғыла» қоғамдық қорына алғысымызды білдіреміз. Біздің мақсат – бір адамға болса да көмектесу. Дана халқымыздың: «Бірлік бар жерде тірлік бар», – деген керемет тәмсілі бүгінгі күнге арналғандай. Осы бір сын сағатта бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек. Барлық қалталы жандар қолынан келгенше көмектессе, бұл індетті де еңсереміз. Әлемді жайлаған індет өңірімізде одан әрі өршімеу үшін медицина қызметкерлері қиын жағдайда жұмыс істеуде. Тіпті, өздері де ауырып жатыр. Біз де қолда барымызды аямай, көмектесейік. Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбейік, – деді.

Осыдан кейін аталмыш ауыл перзенті Болат Керімбеков: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде меценаттар, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтардың қолдауының арқасында еліміздің барлық аймақтарында отбасыға, оның ішінде жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттілігі бар және т.б. азаматтарға көмек көрсетілуде. Мәселен, Ақын Қабан жырау атындағы мектептің әр жылғы түлектері ауылымыздың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созды. Олар азық-түлікпен, мал-мүліктен, қаржылай көмектесуде. Осындай сауапты істі қолдаушы ауыл азаматтарына рызашылығымды білдіргім келеді», – деп әлі де қолдан келген көмектерін аянып қалмайтындығын айтып, жұртшылықты жұдырықтай жұмылып игі іс жасауға шақырды.

Жиын барысында аудандық ауруха директорының орынбасары Зылиха Қаңлыбайқызы елдің ертеңі үшін алаңдап,  құрал-жабдықтарды ауруханаға жеткізіп берген еріктілерге  алғысын білдірді.

– Жанашыр жандар науқастарға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Бұл аппараттар мұндағы науқастарға үлкен көмек болды. Сол үшін осындай игі іс жасаған азаматтарға алғысымызды айтамыз, – деді ол.

Қайырымсыз қайырымдылық жасап, біріккен ауыл азаматтарының бұл ісі көпке үлгі. Ұлтым деген ұл-қыздардың ауырған науқастарға демеу болғаны, елінің жанашыры болғаны ерлікпен пара-пар. Мейірімді жанның барлығы қосыла бір мезетте жұмылып күрессе, бұл індеттен де арылатынымыз анық.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Мұзбалақ ақынға 95 жыл

Мұзбалақ ақынға 95 жыл

09.02.2026
67 жылдық сағыныш: Қазақстандық қария TikTok-тың көмегімен бауырын тапты

67 жылдық сағыныш: Қазақстандық қария TikTok-тың көмегімен бауырын тапты

09.02.2026
СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

09.02.2026
102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

09.02.2026
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.