Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«БАЛА — БОЛАШАҒЫМЫЗ»: ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ БАСПАЛДАҒЫ

18 шілде 2020
РУХАНИЯТ
"БАЛА - БОЛАШАҒЫМЫЗ": ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ БАСПАЛДАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және адамгершілікке баулиды. Сондай балабақшалардың бірі – Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы.


Балалардың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етіп келе жатқан балабақшамыз 2011 жылдың  10 қаңтарында ашылды. Мұндағы тоғыз топта 215 бүлдіршін тәрбиеленеді. Өз жұмысын жақсы білетін білімді, білікті отыз педагог жұмыс істейді. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» деп Жүсіп Баласағұн  айтқандай, ұжым әр күнін ізденіспен өткізеді. Ұжымның жетістіктерге жетуі, әрбір педагог еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Атап айтсақ, 2019-2020 оқу жылында көптеген жетістікке жетті. Қазан айында бүлдіршіндер мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ІІІ республикалық «Ұлы Дала ұрпағы» балалар шығармашылық байқауында ақтық финалға жолдама алды. Хореография жанры бойынша «Аңшы», «Қазақ» билері мен бас жүлдені, «Қуыршақ» биі І орын иеленді, қатысушылар дарынды шәкірт төсбелгісімен және лауреат дипломымен марапатталды.

Хореография жанры бойынша «Шағала» тобының тәрбиеленушісі Дильназ Камзина  «Микки маус» биімен І орын иеленді. Эстрадалық вокал  бойынша жеке әнімен «Гүлдәурен» тобының тәрбиеленушісі Альфия Муратова  «Ұстаз Ана», «Шағала» тобының тәрбиеленушісі Нәби Құсайын «Тілім жүрегім» әнімен және «Жұлдызша» тобының тәрбиеленушісі Темірлан Айдарбек «Жау-жау жаңбыр» әнімен І орынды жеңіп алды. «Шағала» тобының тәрбиеленушісі Василиса Ефименко «Анамның тілі» әнімен  ІІ орын иеленді. Аталмыш байқауға бүлдіршіндерді қатыстырғаны үшін балабақша ұжымы Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы байқауда балалардың шығармашылық қабілетін аша білгені үшін балабақша хореографы Гүлназ Андабаева, Шынәділ Есжанов, әдіскер Индира Рамазанова,  «Шағала» тобының тәрбиешісі Гүлнұр Зейнолла «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, Құрмет Грамотасымен марапатталып, 16 сағаттық сертификат табысталды. 

Қараша айында аудандық Ә. Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінде «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың – Ұлы Абайы» атты өнер байқауы өтті. Онда балабақшамыздың «Шағала» ортаңғы тобының бүлдіршіндері вокал жанры бойынша Нәби Құсайын, Василиса Ефименко және хореография жанры бойынша топтық бимен «Шағала» тобының тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Талдықорған қаласында өткен VI республикалық «Ақжелең» байқауына балабақшамыздың бүлдіршіндері Дильназ Камзина, Нұрай Мирасқызы, Василиса Ефименко, Нәби Құсайын, Темірлан Айдарбек  қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, Ташкент қаласына жолдама алып қайтты.  Осы байқауда өскелең ұрпақтың бойына шығармашылық нәрін сусындатқан ұстаздарымыз Сабыр Айт, Шынәділ Есжанов, Ильмира Үкібасова, Гүлнұр Зейнолла Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпан айында аудандық «Үздік балабақша тәрбиешісі» сырттай байқауына балабақша тәрбиешісі Ильмира Үкібасова қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Сәуір айында «Зере әженің ізімен» атты республикалық байқауына балабақшамыздың педагогтары мен бүлдіршіндері қатысып марапаттарға ие болды. Жыл бойы балабақша педагогтары республикалық онлайн байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

2019-2020 оқу жылының қорытындысы ретінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалынан педагогтарымыздың «Туған өлкем» әдістемелік жинағы шықты.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұнда балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзіміздің басты мақсатымыз екенін қуана айта аламын. 

Асем АКЫЛБЕКОВА, 
“Балдырған” бөбекжай-
балабақшасының 
меңгерушісі
Сарыөзек кенті,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Сарқан тынысы

Сарқан тынысы

Бүгін, 09:00
«Жетісудың би өрнектері» Облыстық бишілер байқауының жеңімпазы анықталды

«Жетісудың би өрнектері» Облыстық бишілер байқауының жеңімпазы анықталды

Бүгін, 09:00
Ана тілдің болашағы: «Қазақ тілі» қорының қаржысы 824 млн теңгеге жетті

Ана тілдің болашағы: «Қазақ тілі» қорының қаржысы 824 млн теңгеге жетті

Бүгін, 09:00
Президент жаңа спорт нысандары салынатынын мәлімдеді

Президент жаңа спорт нысандары салынатынын мәлімдеді

Бүгін, 08:55
Арал теңізін қалпына келтіруге жаңа инвестициялар тартылады

Арал теңізін қалпына келтіруге жаңа инвестициялар тартылады

Бүгін, 08:46

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.