Талдықорған: +16°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«СӘЙКЕС КЕЛМЕГЕН»: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН ЛОМБАРДТАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

16.06.2020
ЭКОНОМИКА
"СӘЙКЕС КЕЛМЕГЕН": ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН ЛОМБАРДТАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ломбардтарға, онлайн-компанияларға және микроқаржы ұйымдарына тексеріс жүргізді.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 26 ақпандағы кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында агенттік ломбардтардың қызметін заңнама талаптарына сәйкестігі, қаржы пирамидасының белгілерін және заңсыз банк қызметін анықтау тұрғысынан тексеру бойынша шаралар қабылдады. Тексерулер ҚР Бас прокуратурасымен, ҚР Қаржы министрлігімен және ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанның 17 қаласында 276 ломбардқа, халыққа қарыз беретін 11 онлайн-компанияға және 1 микроқаржы ұйымына тексеру жүргізілді.

Агенттік Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта кәсіпкерліктің қарыздары бойынша негізгі борыш және сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру туралы  тапсырмасын орындау мәселелерін тексеруде. Бұдан басқа, агенттіктің тексеру мәселелерінің аясына сыйақыны дұрыс есептеу, микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін сақтау, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеу, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) туралы заңнаманың талаптарын сақтау кіреді.

Прокуратура органдарымен бірлесіп, агенттік қаржы пирамидасының және заңсыз банк қызметінің белгілерін тексереді. Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылауды қоса алғанда, салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін тексереді. Ішкі істер органдары үй-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды тексеруді, талап етілмеген кепіл мүлкінің ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған мүлікті анықтау тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

Тексерулердің алдын ала нәтижелері бойынша ұйымның есеп саясатының болмауы бөлігінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, операцияларды бухгалтерлік есепте тиісті түрде көрсетпей жүргізу, жасалған қаржылық есептіліктің болмауы; кредиттеу қағидаларына сәйкес келмеу, сондай-ақ, қарыз шартының сәйкес келмеуі бөлігіндегі; жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) 100 пайызына асып кету және қарыз шарттарында ЖТСМ көрсетпеу; бір жылдан астам мерзімге қарыз беру бөлігінде; кепілге салынған мүлікті сатқаннан кейін қарыз алушыдан берешектің қалдығын талап ету құқығы бөлігінде; Ұйымның жарғысында көрсетілген қызмет түрлерінің сәйкес келмеуі сияқты жүйелі заңбұзушылықтар анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті жауапкершілік шараларын анықтау және қолдану мақсатында оларды жіктеу жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және онлайн-кредиттеу компаниялары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде агенттікте есептік тіркеуден өтуі тиіс. Сонымен қатар, агенттік микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар үшін жарғылық және меншікті капиталға қойылатын жаңа талаптарды белгілеу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстырды («Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 сәуірдегі №55 қаулысы).

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.