Сара Назарбаева апамыздың ұйымдастыруымен ашылған «Өзін-өзі тану» адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжіне 20 жылдан аса уақыт өтті. Қазіргі кезде бұл оқу орны өз жұмысын жалғастырып келеді.
Аталған колледждің келешек ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні өте зор. Себебі білім ордасы ұрпақты адамгершілікке, сүйіспеншілікке, тазалыққа және өнерге баулиды. Осы оқу орнында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлер кімге болса да қол ұшын созып, көмек беруге дайын. Тәулік бойы бізді ойлап, күзететін күзетшілер мен әрқашан жүзінен күлкі кетпейтін директорымыз Салтанат Омарбековаға, еркелігімізді көтеріп, мейірімі мен жылуын шашып, қолдап, қорғап жүретін кураторымыз Индира Кабдолдинаға, үш жыл бойы бойымызға білім нәрін төккен, жүректері махаббат пен мейірімге толы, бізді өз балаларындай көрген ұстаздарымыз Г. Мағлұмова, А. Мақсұтова, Ж. Қалықбаева, Б. Байдаулетова, Н. Бектемісова, Б. Рысбекова, С. Карибаева, А. Есентаева, Д. Құрманбеков, Ә. Бөлегенов, Д. Мұқан, Ғ. Кемешова, Ғ. Усенбекова, Н. Мирзахметова, А. Мұқанова, З. Шалғынбаева, К. Шаймұханова, Г. Турдиева, Е. Алибеков, Д. Бейдахметова, Ж. Садвақасова, Г. Хамитжанова, Ә. Нәдірбеков, А. Батырханова, С. Әлдібаева, Р. Алпысбайқызына деген алғысым шексіз.
Осы «Бөбек» ордасына келгелі өмірім өзгерді. Жақсылық пен махаббат және білімді бойыма сіңірдім. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз тектен-тек айтпаса керек. Сондықтан, дәріс берген ұстаздарыма мың алғыс айтқым келеді!
Ұстаз деген білгенге ардақты есім,
Сәбилер ұстазбенен жияды есін.
Арманы – шәкірт озсын өзімнен деп,
Дайындап берген оған несібесін.
Мереке БАТАН,
«Өзін-өзі тану» адамның үйлесімді
дамуы гуманитарлық колледжінің
3-курc студенті





