Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«ӘЗІЛІ АНАЙЫЛЫҚҚА ҰЛАСЫП КЕТЕДІ»: ҚАЛЖЫҢНЫҢ ДА ОРНЫ БАРЫН ҰМЫТПАЙЫҚ

02.06.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
"ӘЗІЛІ АНАЙЫЛЫҚҚА ҰЛАСЫП КЕТЕДІ": ҚАЛЖЫҢНЫҢ ДА ОРНЫ БАРЫН ҰМЫТПАЙЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдегі бар асыл қасиетті қазақтың бойынан іздеп табуға болатындай. Олай дейтінім, қазақ баласы болмысында тектілікті сақтап, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, имандылық пен инабаттылық деген қасиетті ұғымды қастерлей білген. Осы қасиеттердің арасында әзіл-қалжың деген ақ ұлпадай кіршіксіз дүние бар. Мұны неге ақ ұлпадай кіршіксіз деп отырмын?! Өйткені, қалжыңның түбінде арам ниет, өкпе, реніш, бөтен ой жоқ.

Мәселен, қазақ халқында қалжыңның неше түрі бар. Жезде мен балдыздың, нағашы мен жиеннің, құда мен құдашаның, қайны мен жеңгенің арасындағы қалжың. Міне, осының бәрі көңілге қаяу түсірмейтіндей әдемі айтылып, тіпті, көпшліктің ортасында риясыз баяндала береді.

Ал қазір ше? Біз шынайы қалжыңдасып жүрміз бе?! Қалжыңның орнын біліп, орынды әзілдесе аламыз ба? Әй, қайдам? Меніңше, бұл үрдіс шынайылықтан анайылыққа ауысып кеткендей.

Қазір телеарналарда әртүрлі әзіл-оспақ театрлары бар. Дәл осы өнер ошақтарының қойып жүрген әзілдері көңілге қонымсыз. Қалжыңның айтар ойы, мән-мағынасы жоқ. Кейде жеңге мен қайнының арасындағы әзілі анайылыққа ұласып кетеді. Қалжыңның да тәрбиелік мағынасы болу керек емес пе?

Мақаланың басында айтқандай, әрбір әзіл езу тартқызғанымен әзілдескен адамның көңіліне тимеуі, ауыр салмақ түспеуі тиіс. Жалпы, әзіл дегеніміз – бір адамның екінші біреуді ұялту, сөзге тоқтату үшін айтатын ұрымтал да астарлы, көңілді де күлкілі сөз өнері. Қайны мен жеңгенің арасындағы әзілді айтсаңшы. Қандай керемет?! Әзілдесіп жүріп, бір-біріне деген құрметтің жоғары екенін көрсетеді. Сол арқылы жеңге қайнысына еркелетіп ат қойып, айдар тағады.

Мұндай құндылық өзге ұлтта бар ма? Дамыған Еуропа деп жүргендердің ішінде қайын мен жеңгенің әзілі, айтысы бар ма?! Жоқ! Оларда мұндай болмайтын да шығар. Қазақтың ұлылығы осында. Ал нағашы мен жиеннің арасындағы қалжың жатқан философия десек те болады. Қай уақытта да нағашыны құрмет тұтқан жиен әзілмен түйреп жүреді.

Жиен – нағашы ауылы үшін ерке адам. Ол нағашыларынан нені қаласа да үш рет алуға қақы бар. Қандай қымбат зат болса да нағашылары оны сөзсіз беруге тиіс. Оны «жиенқұрық» деп атайды. Жиен сол елдің кемшілігін, қатесін ойын-шыны аралас айтып отырады. Оның сөзін кекетуге, оған ұрсуға болмайды. Нағашы-жиен кездескен жерде бір-бірімен әзілдесіп, ойнап-күліп жатады.

Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. Бірін-бірі ешқашан күндемейді, қайта мақтаныш тұтады. Аталарымыз «Адамның жақсы болмағы нағашыдан» , – дегенді текке айтпаған. Мұнда әлеуметтік шындықтың көзі бар. Халықтық салт-дәстүр бойынша жиенді ренжітуге, қол жұмсауға болмайды. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген де содан қалған. «Нағашымен күрескен жиен жығылады» деген сөз жиеннің қанша ерке, батыл болғанымен нағашының алдында ізетті, әдепті, кіші болуын ескертеді.

Қараңыздаршы, әзілдің түбінде үлкен астар бар. Қанша әзіл-оспаққа барып жатса да арадағы ағайындық пен құрметті, туыстық пен жанашырлықты сақтайды. Қазақтан басқа елде мұндай қасиет бар ма? Әй, қайдам? Өзгелер, менің естуімше, нағашы-жиен әзілдеспек түгілі неке жарастырады дейді. Енді бұдан қандай тәрбие, қандай қан тазалығын көресің? Сондықтан, қазақтың болмысында кері нәрсе жоқ. Әзілінің өзінде үлкен мән-мағына жатыр.

Мысалға, жаңағы мен айтқан қайны мен жеңгенің арасындағы әзілді ақындар жақсы көрсеткен. Айтыстағы ең бір қызықты тартыс осы екі тараптың арасында болған. Қыз бен жігіттің, қайны мен жеңгенің әзіл айтысын таңды-таңға ұрып айта берсе болады. Орыстардың юмор дегені бар. Сол юморы әзілден гөрі кекесінге жақын келетін секілді. Бізде де кекесін, әжуа, тәлкек ету дегендер бар. Бірақ оның барлығы да өз өлшемімен айтылады. Сондықтан қалжыңдасу деген бізбен біте-қайнасқан ұғым. Оның да қадірін қашырып алмағанымыз жөн. Қазір «әзілің жарасса, атаңмен ойна» дегенді алға тартып, кез келгенмен әзілдесіп жатады.

Мұндайда шеңберден шықпаған дұрыс шығар? Күлдірем деп, бүлдіріп жүргендерді де көріп жүрміз. Қазақтың қалжыңы ортаймасын, тек орынды әзілдесе білейік.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.