Талдықорған: +16°C
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі

Бүгін, 15:42
КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

«Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы Жетісу облысында құқықтық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Құқықтық сауаттылық – адамның өз құқығын білуімен ғана өлшенбейді. Ол өзгенің құқығына құрметпен қарау, заң алдындағы жауапкершілікті сезіну, күнделікті өмірде кездесетін түрлі қауіптің алдын алу және күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуден көрінеді. Әсіресе ақпарат ағыны толассыз, интернет кеңістігінің ықпалы күшейген бүгінгі кезеңде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызы артып отыр.

Осы бағытта Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтымен сабақтаса жұмыс істейтін «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы Жетісу облысында бірқатар бастаманы жүзеге асырып келеді. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары жастардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жас буынның өзекті мәселелерін кеңінен көтеруге саяды.

Ұйымның өңірдегі жұмысы түсіндіру кездесулерімен ғана шектелмейді. Мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен, жоғары оқу орындарының білім алушыларымен және тұрғындармен жүздесулер өткізіліп, құқықтық кеңес беру, ақпараттық материалдар әзірлеу, қоғамдық профилактикалық акцияларға қатысу жұмыстары қатар жүргізілуде.

Жетісу облысындағы комиссия мүшелері өңірдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Қанат Қарымсақовпен бірлесе отырып, құқықтық ағарту ісіне атсалысуда. Бұл бағыттағы белсенді мүшелердің бірі – заңгер Қ Ерасыл абдылов.

2026 жылдың сәуір айынан бастап атқарылған жұмыстардың мазмұнына назар аударсақ, комиссия қызметінің бірнеше маңызды бағытты қамтығанын көруге болады. Оның ішінде адам құқықтарын түсіндіру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нашақорлықтың алдын алу, интернеттегі қатерлерден қорғану және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері бар.

Мәселен, 6 сәуірде Талдықорған қалалық көпбейінді ауруханасында «Пациенттердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында құқықтық қабылдау ұйымдастырылды. Кездесуге Қабдылов Ерасыл Айдынұлы, өңірдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Қанат Батанұлы Қарымсақов және өңірлік нотариаттық палата мүшелері қатысты. Жиын барысында медицина саласындағы құқықтық мәселелерге назар аударылды.

Ал 8 сәуірде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бейнеролик жарияланды. Келесі күні Текелі қаласындағы экологиялық акция туралы ақпараттық материал ұсынылды. Бұл бастамалар комиссия қызметінің құқықтық ағартумен қатар, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды да қамтитынын аңғартады.

Сәуір айының екінші онкүндігінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы профилактикалық кездесулерге басымдық берілді. 10 сәуірде жетінші сынып оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың, буллингтің және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға арналған сабақтар өткізілді. 17 сәуірде сегізінші сынып оқушыларымен нашақорлық пен зорлық-зомбылықтың зардаптары талқыланды.

Мұндай кездесулердің мәні – жасөспірімдерге заң талаптарын құрғақ баяндап қана қою емес, олардың күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайларды дұрыс бағалауына көмектесу. Қысым көрсетуге тап болғанда үнсіз қалмау, өз құқығын қорғау үшін қайда жүгіну керектігін білу, өзгеге зиян келтіретін әрекеттердің салдарын түсіну – құқықтық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі.

Қазіргі жастардың өмірі интернетпен тығыз байланысты. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, білім алуға және ақпарат таратуға мүмкіндік бергенімен, оның көлеңкелі тұстары да аз емес. Кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жеке деректердің таралуы және қаржылық қылмыстарға еріксіз араласып кету қаупі жас буынның сақтығын қажет етеді.

Осы мәселелерге орай 21 мамырда К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің 8–10 сынып оқушыларына «Интернет қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық сабақтар өткізілді. Бұған дейін де комиссия мүшелері оқушылар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зорлық-зомбылық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне назар аударған болатын.

Мамыр айында жастар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға арналған бейнероликтер де жарияланды. Ал 17 мамырда «Адам құқықтары туралы 5 минут» жобасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнематериал көпшілік назарына ұсынылды.

Мұндай ақпараттық бастамалардың артықшылығы – құқықтық мәліметті жастарға өздері күнделікті пайдаланатын цифрлық орта арқылы жеткізуінде. Өйткені интернеттегі қауіптің алдын алу үшін тыйымдарды білумен қатар, күмәнді әрекеттерді ажырата алу, жеке мәліметтерді қорғау және құқық бұзылған жағдайда көмек сұрау жолдарын меңгеру қажет.

Жастардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселелердің бірі – есірткі қылмысы. Бұл бағыттағы жұмыстар да комиссия назарынан тыс қалған жоқ.

10 маусымда есірткі қылмысының алдын алуға арналған бейнеролик жарияланып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296, 297 және 299-1-баптарына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сол күні «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағымен бірлесіп, есірткіге қарсы қалалық акцияға қатысу жұмыстары да ұйымдастырылды. Шараға шамамен 20 адам қатысып, есірткі жарнамалары мен граффитилерін жоюға бағытталған профилактикалық іс-шаралар атқарылды.

17 шілдеде Жетісу облысының Полиция департаментімен бірлескен есірткіге қарсы профилактикалық рейд өткізілді. Ұйымдастырушылар ұсынған мәліметке сәйкес, оған 250 адам қатысты.

Есірткі қылмысының алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл бағытта отбасының, білім беру ұйымдарының, жастар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен әрекеті қажет. Жасөспірімге қауіптің салдарын уақытында түсіндіру, зиянды ұсыныстарға қарсы тұруға үйрету және қолдау көрсететін ортаның қалыптасуы құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

Құқықтық ағартудың тағы бір маңызды бағыты – азаматтарға өз мәселесін шешудің заңды жолдарын көрсету. Өйткені адамның құқығы бұзылған жағдайда қай мекемеге жүгіну керектігін білмеуі немесе заңдық тетіктерден бейхабар болуы мәселенің ушығуына әкелуі мүмкін.

8 мамырда «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету жұмыстарына комиссия мүшелері де қатысты. Бұл бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік кеңеске қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды.

28 тамызда Ескелді ауданында өткен «Құқықтық дәріхана» акциясы да осы мақсатты көздеді. Оған Қабдылов Ерасыл Айдынұлы, Қанат Батанұлы Қарымсақов, аудан прокуроры Бақытжан Мұратұлы Ашеев және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шараға 150 адам қатысқаны көрсетілген.

Мұндай қабылдаулардың маңызы зор. Себебі азаматтар өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтарын тікелей мамандарға қойып, нақты жағдай бойынша түсінік ала алады. Ал құқықтық кеңестің уақытылы берілуі мәселені заң аясында шешуге жол ашады.

29 сәуірде құқықбұзушылық профилактикасы туралы заңның негізгі ережелері мен оны қолдану мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өткізіліп, құқықтық ағарту жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды. 4 мамырда құқық саласындағы мамандарды даярлау, кәсіби этика, адалдық және адам құқықтарын сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге де комиссия өкілдері қатысты.

Баланың қауіпсіз ортада өмір сүруі, білім алуы және өз құқығын қорғауға мүмкіндігі болуы қоғамның құқықтық мәдениетін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, балалардың құқықтарын қорғау мәселесі комиссия жұмысының негізгі бағыттарының қатарында тұр.

10 шілдеде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңейтілген кеңес өтті. Оған 40 адам қатысып, комиссия атынан Қабдылов Ерасыл Айдынұлы мен Қанат Батанұлы Қарымсақов бірлесіп жұмыс жүргізді.

13 тамызда өткен тамыз кеңесінің пленарлық отырысында «Конституциялық құндылықтар аясында балалардың құқықтарын қорғау: адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлі» тақырыбы талқыланды. 300 адам қатысқан жиында Қанат Батанұлы Қарымсақов пен Қабдылов Ерасыл Айдынұлы спикер ретінде сөз сөйледі.

8 қыркүйекте Д. Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернатында оқушылармен кездесу өткізілді. Оған 50-ден астам оқушы қатысты. Ал 14 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы №21 орта мектепте 70 оқушының қатысуымен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алуға арналған кездесу ұйымдастырылды.

18 қыркүйекте Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Адам – басты құндылық» тақырыбындағы кездесуге 160-тан астам адам жиналды. Сол күні қаладағы Ардагерлер үйінде «Конституция – құқық пен еркіндіктің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған 20-ға жуық адам қатысты.

Бұл кездесулердің барлығы бір мақсатқа тоғысады: адам құқығын құрметтеуді қоғамдық санаға орнықтыру, жастарға заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзылған жағдайда әрекет ету жолдарын көрсету.

«Еркіндік рухы» комиссиясының қызметі құқықтық түсіндіру жұмыстарымен ғана шектелмей, қоғамдық бастамаларға қатысу арқылы да көрініс табуда.

3 тамызда «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» тақырыбында жасанды интеллект жобаларының байқауы ұйымдастырылып, оған 50 адам қатысты. Комиссия атынан Қызайбай Ақерке қатысты. Ал 5 тамызда өткен комиссияның кезекті отырысына 60-тан астам адам жиналып, Қабдылов Ерасыл Айдынұлы баяндама жасады. Отырыс барысында бірыңғай қызметтік куәлік енгізу жөнінде ұсыныс айтылды.

11 қыркүйекте Жетісу университетінің заң және экономика факультетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мұндай байланыстар құқықтық білім беру мен жастардың кәсіби қалыптасуына қатысты бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 19–20 қыркүйекте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы World Cleanup Day халықаралық бастамасына комиссия өкілдері қатысты. Оған 50-ден астам адам жиналды.

Қоғамдық іске араласу, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және өзге адамдардың құқығын құрметтеу бір-бірінен бөлек ұғымдар емес. Олардың барлығы саналы азаматтық ұстанымның қалыптасуына негіз болады.

Жетісу облысында 2026 жылдың сәуірінен қыркүйегіне дейін жүзеге асырылған жұмыстар комиссия қызметінің бірнеше бағытта өрбігенін көрсетеді. Атап айтқанда, құқықтық кеңес беру, мектеп оқушылары мен студенттер арасында профилактикалық кездесулер өткізу, адам құқықтарын түсіндіру, есірткі қылмысының алдын алу, интернет қауіпсіздігі және қоғамдық акцияларға қатысу жұмыстары қамтылған.

Комиссияның ақпараттық материалдары әлеуметтік желілер арқылы да таратылып, құқықтық мәселелерді кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді. Ұсынылған есепте жекелеген жарияланымдардың қаралымы бірнеше жүзден мыңнан астамға дейін жеткені көрсетілген.

Алдағы уақытта өңір аудандарындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыру, Текелі қаласында, Қаратал ауданының Үштөбе қаласында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында жастармен, білім алушылармен кездесулер өткізу жоспарланған. Бұл шараларда есірткі қылмысының, алаяқтықтың, буллинг пен кибербуллингтің, дроперлік және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне назар аудару көзделіп отыр.

«Еркіндік рухы» комиссиясының негізгі мұраты – жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, олардың құқықтарын қорғауға ықпал ету, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға бағыт-бағдар беру және заң бұзушылықтың алдын алуға атсалысу.

Өйткені құқықтық мемлекет құру заң талаптарын қабылдаумен ғана шектелмейді. Оның басты шарты – сол заңды түсінетін, өз құқығын қорғай алатын әрі өзгенің еркіндігіне құрметпен қарайтын азаматтардың қалыптасуы. Ал бұл мәдениет жас ұрпақтың санасына сіңгенде ғана қоғамдағы жауапкершілік пен өзара сенім нығая түседі.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Дамудың оң серпіні: Қазақстан экономикасы 9 айда 4,2%-ға өсті

Дамудың оң серпіні: Қазақстан экономикасы 9 айда 4,2%-ға өсті

Бүгін, 16:51
Талдықорғанда 2 803 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Талдықорғанда 2 803 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Бүгін, 16:41
Жетісудың жезтаңдайы

Жетісудың жезтаңдайы

Бүгін, 15:59
Мирас Төлебаев: Қазақстандағы ішкі туризм көлемі 84,4%-ға өсті

Мирас Төлебаев: Қазақстандағы ішкі туризм көлемі 84,4%-ға өсті

Бүгін, 15:54
Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі

Бүгін, 15:42

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.