Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

ЖҮРСІҢ ТУҒАН ЕЛІҢНІҢ БИІГІНДЕ

27.05.2020
АРДЫҢ ІСІ
ЖҮРСІҢ ТУҒАН ЕЛІҢНІҢ БИІГІНДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы маусым айында қоғам және мемлекет қайраткері, ел үшін атқарған елеулі істерімен жұртының жүрек төрінен орын алған Серік Үмбетов жетпіс жасқа толады. Жетісулық жерлестері атынан Серік Әбікенұлын мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресейдің Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері, азулы ақын Рафаэль НИЯЗБЕКТІҢ халық қалаулысына арнаған дастанынан үзінді жариялап отырмыз. 

Әбікен қарт еккен он терек

Көктем болып ессе алдан жырдың лебі,
Неге жұпар атпасын қыр гүлдері?
Әбікеннің өсірген он баласы – 
Бір-бір құтты шаңырақ бұл күндері.

Көңіл құсын сайратып, түлеткенде,
Әбікен қарт көгілдір бір көктемде
Он балаға он терек еккен еді,
Қуат жиып даладан, нұр көктен де.

Қазығына қазмойын ат байлаған,
Қарттың туған өңірі баққа айналған.
Өйткені ол арна ашып жетелеген
Ағыстарды тірілтіп ақпай қалған.

Он баланың шайқалмай шаңырағы,
Он теректің жайқалған жапырағы.
Қарттың ерен еңбегі
Аққайнардың 
Жұпар атып тұрса егер атырабы.

Ғашық болмай тауына, өзеніне,
Кімдер еңбек сіңірген өз еліне.
Тіршілікте бір шыбық тал өсірмей
Кісі қанша құрт түскен өзегіне.

Арлы атадан мал емес, тал қалғаны – 
Ізгіліктің ұрпаққа жалғанғаны.
Бақытқа ерте жетеді
Адамдардың 
Еңбегіне сүйеніп жалданғаны.

Көңілінің көгінде күлген арай,
Бұрын елге сезілмей жүрген қалай.
Он саусағы секілді бұл он терек – 
Абыз қарттың қол созған күнге қарай.

Тит әулие және Серік Әбікенұлы

1.

Ескі ерте заманда,
Ар-иман жоқта адамда,
Тит деген әулие өмір кешкен,
Ол бар жерде ақ самал көңілді ескен.
Жұлдыз және болмаған,
Жанбай жатып көгінде өшкен.

Тіршілікті нұрымен суаратын,
Ол жоқ жерде көк тал да қуаратын.
Адамдарға жақсылық жасаған күн – 
Тит әулие баладай қуанатын.

Сырқат қоғам  дертінен айығатын,
Ол бар жерде патша да қаймығатын.
Бір кісіге жақсылық жасамаса,
Бір күнім босқа өтті деп қайғыратын.

Бақ нұрына айналған талай жердің,
Тит әулие бірі еді арайлы ердің.
Адамға адам жақсылық жасамаса,
Көсегесі көгерсін қалай елдің.

2.

Жақсылықтың неге алдан желі еспейді,
Жер бетінен жамандық неге өшпейді.
Үмбетовті көргенде
Ертеде өткен
Тит әулие көзіме елестейді.

Ердің зұлым күштерге сан атылған,
Көктем еспей тұра ма қанатынан.
Тит әулие секілді Серіктің де,
Тұла бойы ақ нұрдан жаратылған.

Кеудесіне жамандық түнетпеген,
Ерлер елдің көңілін жүдетпеген.
Бұл Серіктің, ағайын, білсең егер,
Жақсылықсыз ешқашан күні өтпеген.

Белің ауыр қайғыдан бүгілгенде,
Қарайлайтын жан бар ма бүгінгі елде.
Баратыны Серікке содан шығар,
Жұрттың бәрі биліктен түңілгенде.

Ол бар жерде кім жүрсін сыртын беріп,
Қарттар қанша жасарған күтім көріп.
Бұл Серіктің алдынан қайтқан қанша,
Көңілінің жыртығы бүтінделіп.

Ол бар жерде білінбей жел тұрғаны,
Мұратына жетеді елдің бәрі.
Кімдер атқа мінбеді ол бар жерде,
Тышқан жеген жаңарып ер-тұрманы.

Қилы заман қажытып, қажағалы,
Азап тартып келеді қазақ әлі.
Серік, бәлкім, соны ойлап туған шығар,
Адамдарға жақсылық жасағалы.

Боранды түнде (баллада)

1.

О, Тәңірім, не нәрсе бұлдағаның,
Ой қажытқан бірі едім мұңды ағаның.
Толғақ қысып жас ана шырқырады,
Бораны ұлып тұрғанда бұл даланың.

Тағдыр талай ішіне мұз қатырған,
Шопан жігіт шыдамай тысқа атылған.
Тысқа атылмай қайтеді шыр-пыр болып,
Жан болса егер өзі де қыста туған.

Маңайына көрмеген жан жолатып,
Кәпір болған кісі аз ба Ар тонатып.
Бір машина тоқтамай өте шықты
Доңғалағы бетіне қар боратып.

Адамдардың тереңнен тамыр тартқан,
Қандай зауал туса да қадірі артқан.
Доңғалағы жөнелген қар боратып,
Жолаушыны сұм деймін тәңірі атқан.

Неге сонша бүлінді Ар шынары,
Елдің қандай шырқалсын қаршыға әні.
Өмірге адам келмей ме,
Арсыздықтан 
Дүниені тазартып аршығалы.

Тағдыр беттен өшігіп қарсы ұрғанда,
Шопан солай ой кешкен сарсылғанда.
Жерде ізгілік салтанат құрар еді,
Дүр дүние қоқыстан аршылғанда.
Түңілгенде өңірден, өмірден де,
Суып сала береді-ау көңіл демде.
Кенет шопан жүрегі кетті атқақтап,
Бір ақ сәуле алыстан көрінгенде.

Машинаны көргенде тоқтай қалған,
Мұң торлаған жанары шоқтай жанған.
Қиналғанда басына қонған келіп,
Бәлкім, бақыт құсы ма көкті айналған.

Жақсылықты ер барда мұра көрген,
Тұлпар бар ма шың-құздан құлап өлген.
Үмбетовті көргенде шын қуанды,
Машинаның ішінен шыға келген.

 – Аға! – деді жас шопан мұң шаққалы,  –
Асу бермей тағдырдың тұр шатқалы.
Мендей жалғыз жігітті сабалайды,
Неге өмірдің сұп-суық бұршақтары?

Кейде жаным соны ойлап сілкінеді,
Қашан менің көзімде күн күледі. 
Қайырымсыз қоғамда өмір сүріп,
Бәлкім, жүрген шығармыз кім біледі.

Жанарының ішінде тұңған арай,
Жігіт едім мал жайған қырға қарай.
Жолаушыға не дейін жаңа ғана
Кете барған бұрылып бір қарамай.

Түнгі мейман үйіме кеп түсетін,
Көңілімнің көк шайын текті ішетін.
Келіншегім толғатып жатыр үйде,
Көлік қайда ауданға жеткізетін.

–  Ей, бауырым, қысылма!
Бақыт өзі жармасып шалғайыңа,
Бір ақ сәуле түсіп тұр маңдайыңа…
Серік мырза көлігін түсіп берген
Қараймын деп үйіңе, мал-жайыңа.

Серік мырза өзгертпей түр-түсін де,
Жүреді ылғи арайлы нұр пішінде.
Оның ұлы адамгершілігі  –
Жас шопан қысылғанда
Қап қойғаны – үйін, малын күзетіп түн ішінде.

2.

Дүниенің  қыр-сырын ерте біліп, 
Қиындықта өседі ер жетіліп.
Ертеңінде жас шопан жеткен еді,
Бақыттың құшағында тербетіліп.

Ұлтқа тұтқа ұл туған асыл жары,
Бұлтты аспанның ол, сірә, ашылғаны.
Болашағы қашанда жарқын елдің
Көгінде еркін шырқалған ғасыр әні.

Пайғамбардың кім қарсы Үмбетіне,
Кім көлеңке түсірсін күн бетіне.
Нәрестеге Серік деп ат қойған-ды,
Үмбетовтің құзырлы құрметіне.

Сол бабалар секілді тұлғаланып…

Туған елдің төрі еді жайғасқаның,
Мінін бетке айтпадың қай сасқаның.
Көшің сенің ешқашан адаспайды,
Жұлдыз жауып тұрғанда айлы аспаның.

Төсінде арман қуса да құба белдің,
Бәрі бірдей өр емес тұлғалы ердің.
Өр болмасқа хақың жоқ,
Ұлы болсаң – 
Алатауы асқақтап тұрған елдің.

Көктем болып қараған піріне елдің,
Бәлкім, бірі шығарсың ірілердің.
Өлгендердің тірілер көзін жапса,
Көзін ашқан өлгендер тірілердің.

Шымылдығы шындықтың түрілгенде,
Қанша тарих тірілді дүбірлі елде.
Тұлға қанша тіріліп тұра қалған
Өткен күннің көзіне үңілгенде.

Көзді арбаған сағымдай мың бұралып,
Дүр дүние тербеліп тұр ырғалып.
Ұлы баба Бәйдібек түрегелген
Жанарында көзіңнің нұры жанып.

Лақтырғанда құлаштап,
Сарымсақтай 
Тұғырынан Ленинді жұлып алып.

Жалғандықтың бәріне майдан ашып,
Кіммен күнің өтпеді тайталасып.
Қарасайдың сомдадың өр тұлғасын,
Жарты әлемге тұрсын деп айбары асып.

Қандай сынақ, сыннан да өте білген,
Сардар ерсің қайда да төте жүрген.
Сен орнатып, сомдаған тұлға қанша
Тұғырынан бой түзеп көтерілген.

Қонаевтың мұң бар ма қабағында,
Неге өксік тұр кептеліп тамағында.
Алланың ақ нұрынан жаратылып,
Туған кісі болатын таң алдында
Тұғырына өзің кеп қондырғанда,
Жер-жаһанның күн келген жанарында.

Бейіттерді көргенде тұрған налып,
Қабағыңда тулайтын мұң қамалып.
Бабаларды тірілтсем дейтін едің,
Кейде ойға шомғанда қырға барып.

Соларға арнап ескерткіш соқтың қанша,
Тұла бойын жүрегін нұрға малып.
Сол бабалар секілді ертең сен де,
Бір биікте тұрасың тұлғаланып.

Жердің жүзі құлпырып тұрар еді

Бақыт ерте келе ме, кеш келе ме,
Жазылғанын көресің пешенеңе.
Туған елдің толып тұр көз жасына
Басшы атаулы ұстаған кесе неге?

Көліктері ағылған әрі-бері,
Бұл өмірді көк даңғыл көше деме!
Серік мырза!
Жан болсаң арды ұмытқан,
Тілегі елдің жолыңа төселе ме.

Көктемдейін жасарып түле күнде,
Бақ сыйлаған бақытты бұл өмірде.
Кім-кімге де созасың көмек қолын
Алтын сәуле толқындап жүрегінде.

Шертілгенде көңілдің күйі налып,
Қай тауға мұң шағасың жиі барып.
Бір жақсылық жасағың келеді ылғи
Кембағалдың барлығын жиып алып.

Ақжал толқын секілді жарға атылған,
Кімнің дауыл тумаған қанатынан.
Әттең, сендей азамат көп болса ғой, 
Тек жақсылық жасауға жаратылған.

Дүниенің мұң кетіп қабағынан,
Кімнің көктем күлмесін жанарынан.
Жердің жүзі құлпырып тұрар еді,
Гүлдің бәрі үзілмей сабағынан.

Сертке ұстаған ақ семсер

Тұнық ойдың бойлаған тереңіне,
Жапырақ боп байланған терегіне.
Туған елге бір пайдаң тимесе егер,
Адам болып жүрудің керегі не?

Тал бойында тулаған қан тамыры,
Сардар ерсің көзінде жанған нұры.
Мұқағали ақынды ардақ тұттың
Қара өлеңнің атанған Хантәңірі.

Кім біледі сен білмей жыр бағасын,
Арманыңның ақ тауы құламасын.
Елбасының сенімін ақтай білген
Азамат ер неге елге ұнамасын.

Жүрген жердің бәріне жаққан арай,
Жалпақ жұртқа болмасын датқа қалай.
Өзіңді ақ құс қондырып қанатына
Самғап ұшты Ақорда жаққа қарай.

Ақ сәуле есіп тұратын қанатынан,
Адам ғана ақ нұрдан жаратылған.
Құдай жолын ұстанған азаматсың
Қорғансыздың бәріне ара тұрған.

Қайда барсаң – сол жерде мұң қашатын,
Қуанышқа қуаныш ұласатын.
Туың талай биікте желбіреді,
Аламанда бәйге алып жарқасқа атың.

Кім-кімнің де бар шығар өз асқары,
Көріп келем бәрін де көз ашқалы.
Тіршілікте көрді ме аласарып,
Сен басқарған өңірдің көк аспаны.

Қарасайдың өр рухы жүрген елде,
Сыр білдірген ел бар ма дүрбелеңде.
Сендей өжет ақ семсер неге өтпесін
Тұғырлы елі сертке ұстап сілтегенде.

Тірлікте бәрі баянсыз

Бір көктем есіп жүзіңнен,
Кеудеңнен бір таң атады.
Сен жүрген жерде
Ізіңнен
Мейірім гүлдеп жатады.

Азамат ерсің өр кеуде,
Ұлықтай білген ұлыны.
Жетісу жұмақ өлкемде
Жүгірген жеті өзеннің
Сен едің мөлдір тұнығы.

Сатпаған елдің мұратын
Арыстардың ойлы көзісің.
Сертінен таймай тұратын
Сардардың нағыз өзісің.

Қай елді барып басқарма,
Сол елдің бағы артатын.
Көз тігіп заңғар асқарға,
Өгізі де өрге тартатын.

Ер салдың талай асауға,
Бақытыңды тауып даладан.
Жақсылық елге жасауға,
Туғансың арлы анадан.

Жанартаумысың сөнбеген,
Жүресің өжет пішінде.
Жақсылық сенен көрмеген
Кімдер жоқ елдің ішінде.

Қазақтың бекзат ұлысың,
Уызына жарыған.
Құдайдың сүйген құлысың,
Бақ қонып, қыдыр дарыған.

Құрақ ұшасың ел десе,
Бойыңда тулап жас қаның.
Ей, бауырым, ендеше,
Арайлы сенің аспаның.
Тірлікте бәрі баянсыз,
Жақсылықтан басқаның.

Өзіңдей ерлер қорғаны

Жеріне қарап ел туған,
Еліне қарап ер туған.
Азамат ерсің неге де:
«Тәуекел!» – деп бел буған.

Таулардың жиып қуатын,
Таза ұстап айдын, суатын,
Аршынтөс ару аналар
Арыстан ұлдар туатын.

Сатпайтын елдің мұратын,
Сардарсың сертте тұратын.
Өзіңдей ерлер бар кезде,
Су басынан тұнатын.

Қапыда қатер бүргенде,
Қаламын деме бір белде.
Жамбылдың қызыл жолбарысы
Өзіңді қорғап жүргенде.

Үрейдің серпін түнегін,
Биікке ұмтыл – түлегін.
Жұртың бар қағып алатын,
Құласаң – тосып жүрегін.

Көзіңнің нұрлы жарқылы,
Сұңқарыңның жарқын саңқылы.
Мұратқа кімдер жетпеген,
Серікжан, өзің арқылы.

Кезеңде мынау күрделі,
Келеміз жылжып ілгері.
Өзіңдей ердің арқасы –
Шындықтың тірі жүргені.

Адыра қалып арманы,
Өртенген талай орманы.
Қабырғалы ата қазақтың 
Өзіңдей ерлер қорғаны.

Азамат ер көп болса…

Көктем болып жетсең де құба белге,
Жақсылықтан басқаны мұра көрме.
Күнің өрлеп шыққанда шың басына,
Сәулең түсіп тұратын туған елге.

Айдынында көп жүзген өлең-кеме,
Сол биіктен, ендеше, төмендеме.
Жасың кіші болса да, Серік, сені,
Бір асқар тау өзіңді көрем неге.

Дүр дүние сен жайлы сырға қанып,
Қара орманы тербеліп тұр ырғалып.
Жетісу – жеті жұмақ,
Сол жұмақта
Анаң сені туған-ды нұрға малып.

Аузыңды ашсаң – көмейіңнен жыр төгіліп,
Жанарыңнан тұрады күн көрініп.
Сен жоқ жердің бәрінде,
Не себепті
Жұрттың алтын жағасы тұр сөгіліп?

Тіршіліктен түңілген жетімдердің,
Сөңген отын тұтатып серпін бердің.
Сенің нұрлы сәулеңнен
Қай жерде де,
Құлагер болып құлыны жетілді елдің.

Жақсылығын тас тағдыр бұлдағанда,
Ер қайтеді сертінде тұрмағанда.
Қамал бұзған сардардай буырқанып,
Қиындықты жеңетін тұрған алда,
Алайда өзің секілді азамат аз – 
Ұлығы ұры атанған бұл заманда.

Күн туғанда намысқа қайралатын,
Қаға алмай тұр неге әлі Ай қанатын.
Серік мырза!
Ер жоқта арды ойлаған
Тұнығы елдің қашанда шайқалатын.
Азаматтар көп болса,
Жұрт едік-ау,
Қайыршысы жоқ елге айналатын.

СЫРДАЛАНЫҢ САРДАРЫ

Өксік атып тұрғанда сай-саласы,
Көп сыпаның жын-тобыр айналасы.
Қарға бойлы болсаң да,
Сенен артық
Қабырғалы қазақтың қай баласы.

Шымылдығы шындықтың түрілгенде,
Қисық ауыз неге көп бүгінгі елде.
Қуанады көздері шоқтай жанып,
Арғымағы арманның сүрінгенде.

Тіршіліктің көз жазып самалынан,
Өмір қанша үзілген сабағынан.
Туған елдің көз жасы сорғалайды,
Жылап аққан жылдардың жанарынан.

Құрсағында жетілген арлы ананың,
Сардар ұлы сен едің сардаланың.
Бетің қайтып көрмеді
Тарғыл беті
Қанша қатты болса да заманының.

Өкінгенде көк бөркін жерге ұратын,
Танбай, таймай сертінде ер тұратын.
Кеудесінде күні бар азаматсың,
Сатылмаған, сатпаған ел мұратын.

Бір бәйтерек кеудеңде көктеп өсіп,
Жалғандықтың бәрімен өтті егесіп.
Ақорданың ішінде сен жүргенде,
Елге қарай тұратын көктем есіп.

Жұмбақ сырын жасырған тереңдейін,
Зауалына бұл күннің мен не дейін.
Ақордадан жылыстап кете бардың,
Шығып қалған жағаға кемедейін.

Аспанында тұрса егер бұлт байланып,
Шығар, бәлкім, майданға жұрт сайланып,
Ақорданың сыртында қалды екен деп,
Халқың сенен кеткен жоқ сырт айналып.
 

Қатысты жаңалықтар

Айбар Олжаев. Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Айбар Олжаев. Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

29.01.2026
Талдықорғанда жас ұстаздарға арналған семинар өтті

Талдықорғанда жас ұстаздарға арналған семинар өтті

29.01.2026
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

29.01.2026
Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев 90 жасқа толды

Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев 90 жасқа толды

29.01.2026
Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

Қараталда тәртіп бұзған тұрғын 25 тәулікке қамалды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.