Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САЛЫҚ САЛУДЫҢ ҮДЕМЕЛІ ӨЛШЕМІ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС СИПАТТАРҒА ИЕ

24.05.2020
ЭКОНОМИКА
САЛЫҚ САЛУДЫҢ ҮДЕМЕЛІ ӨЛШЕМІ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС СИПАТТАРҒА ИЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде: «Әлеуметтік әділдік үшін жалақы мен басқа да кіріс түрлеріне қатысты жеке кіріс салығының (ЖКС) үдемелі өлшемін енгізу мәселесі қолға алынады», — деп хабарлады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы мұндай төмендетуден босатылған қаражат жалақыны өсіруге бағытталуы қажет екенін атап өтті. Нәтижесінде, жалақы алатындардың кем дегенде үштен бірі, яғни, 2 миллиондай адамның жалақысы өсетіні анық.

Табысқа үдемелі салық салу тәжірибесі бүкіл әлемде танымал, оны көптеген дамыған елдер қолданады. Бұл — қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендету, салық салуда әділеттілікке қол жеткізу құралы.

Тарихқа үңілсек, кезінде экономикалық теорияның классиктері «салықты әркім өз кірісіне сәйкес төлеуі керек» деген әділеттілік қағидатын ұстанған. Мұндай салық жүйесінің өзіндік экономикалық мәні бар. Ол түрлі деңгейдегі азаматтардың арасындағы салық төлемдерін қайта бөлуге арналған.

Үдемелі өлшем халықтың әлеуметтік стратификациясын неғұрлым тиімді басқаруға қабілетті келеді. ЖКС (жеке кіріс салығы) үдемелі өлшемінен күтілетін нәтиже: табысы жоғары тұлғалардың салық ауыртпалығын арттыру арқылы аз қамтамасыз етілген жеке тұлғаларды қолдау болып табылады. Шындығында, қазіргі жағдайда мемлекеттің салық саясаты бірінші кезекте халық тарапынан сұранысты ынталандыруға бағытталуы тиіс.

Кез келген жүйе сияқты, салық салудың үдемелі өлшемі өзінің оң және теріс сипаттарына ие. Артықшылықтардың қатарында бюджеттік төлемдердің тиімді түсуі, «конверттегі жалақы» берудің азаюы (зейнетақы жарналары мен ЖКС мүлдем  салынбайды), қоғамның әлеуметтік бөлінуінің төмендеуі, еңбекақы қорының заңдастырылуы, жалпыға бірдей табыс декларациясына көшуі, аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуін атап өтуге болады. Кемшіліктеріне келер болсақ: көлеңкелі табыстың көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі, материалдық ынталандырудың төмендеуі және аталған моделді іске асыруға кететін жоғары шығындарды жатқызуға болады.

Жоғарыда айтылғандарды сараптар болсақ, онда үдемелі салық салу өлшемі әлеуметтік теңсіздікті реттеуші және бюджетке түсетін қосымша кіріс көзі болып табылады деген қорытындыға келеміз. Мүмкін, заң шығарушылар ұсынған салық салудың аталған моделі мүлдем идеалды емес шығар, бірақ басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, біздің экономикамыздың ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижесінде қарапайым азаматтар үшін неғұрлым қолайлы дұрыс шешім қабылданды деген сенімдеміз.

Г.ТӨЛЕШОВА,

экономика ғылымының кандидаты,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «Экономика және сервис» кафедрасының меңгерушісі

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.