Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ

13 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Біз Отан қорғау жолында аянбай күрескен батыр бабалардың ұрпағымыз! Үлкен атам Мұқыш Сейсембаевтың сол батыр бабалар санатынан орын алғаны кеудемді қуанышқа, мақтанышқа бөлейді. Өкінішке қарай, Жеңістің 75 жылдық мерекесін атам көре алмады. Атамның мен секілді шөбересін көргені, менің атамды көріп қалуым екеуміз үшін де үлкен қуаныш еді!

Жеңіс күні қарсаңында апамның айтқандарын есіме түсіріп, үлкен атамның ерлікке толы өмір жолын көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдім.
Ақсу ауданына қарасты Алтынарық ауылында 1919 жылы дүниеге келген атам Мұқыш Сейсембаев 1939 жылдың 18 желтоқсанында Ақсу интернатында оқып жүрген жерінен әскер қатарына шақырылып, Одесса қаласындағы №150-ші дивизияда әскери міндетін өтейді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда бірден ұрыс даласына аттанып, Украинаның оңтүстігі үшін болған қанды шайқаста ауыр жараланып, әскер қатарынан босатылады. Елге оралып, Ақсу ауданындағы Қарашілік жетіжылдық мектебіне мұғалім болып орналасады. Келер жылы жарақатының жазылуына байланысты өзі сұранып, майдан шебіне қайта оралады. Ер-азаматтардың басқыншыларға қарсы жан аямай соғысып жатқаны атамды тыныш жатқызбапты.
Балтық бағытындағы жерлерді, Белоруссияның Могилев қаласын азат етуге қатысқан атам әскери қару түрлерін жетік меңгеріп, жауынгерлер тобын басқарады. Атап айтсақ, 1942 жылғы 26 қыркүйекте Харьков бағытындағы ұрыста пулеметшілер командирі Мұқыш Сейсембаев өзінің қарауындағы жауынгерлермен жау басқыншыларының теміржолды кесіп өтуіне мүмкіндік бермей, тосқауыл ұйымдастырады. Еркінсіген фашистердің екі дзотын жойып, сақылдаған автоматтың үнін өшіреді. 
Тағы бір ұрыс кезінде жаудың үш солдатын тұтқынға түсірген атам бірде екі пулеметші жауынгерімен жаудың үш дүркін шабуылын тойтарып, өшпес ерлік үлгісін көрсетеді. Осындай ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Қарулы күштердің 50 жылдығы», «Жеңістің 30 жылдығы», «Жеңістің 50 жылдығы», «Жеңістің 60 жылдығы», «Украинаны азат етудің 60 жылдығы» сынды медальдармен марапатталады.
Қазақтың «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген сөзінің жаны бар екен. Дәм-тұзы таусылмаған атам соғыстан кейін әжем Бағила Серікбайқызымен бас қосып, еліміздің білім саласынан зейнеткерлікке шыққанға дейін жемісті еңбек етті. Осылайша өскелең ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, ел-жұрттың алғысына бөленді. Мемлекет тарапынан көптеген марапаттар мен құрметке ие болды. Өзі Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Астана қаласында өткен әскери шеруге Ақсу ауданы ардагерлерінің атынан қатысқандығын ерекше мақтанышпен айтып отыратын. Ардагерлерге туған елде көрсетілген қошеметтен артық құрмет жоқтығын, Жеңіс шеруінен соң еліміздің бас қаласы Нұрсұлтан қаласының көрікті жерлерін аралап, көргенін аузынан тастамай айтып жүрді. Содан да болар, Жеңіс күні жақындаған сайын атамызға деген сағынышымыз да ұлғая түседі.
Кейінгі ұрпақтың – біздердің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін жанын аямаған ардагерлерге айтар алғысым шексіз. Жеңіс мерекесі құтты болсын, еліміз жақсылық пен қуанышқа бөлене берсін деген ниетпен әжем Бағиланың мерекеге арнап жазған өлең жолдарынан үзінді келтіргім келеді:
Отаны үшін, елі үшін,
Кіндік кескен жері үшін.
Жанын қиған ерлердің,
Ардақтаймыз біз ісін.

Бұлт төнбесін әрқашан,
Еліміздің басына.
Бақыт пен бақ тілеймін,
Кәрі менен жасына.

Атам Мұқыш Сейсембаев 2008 жылғы 2 наурызда пәни дүниеден бақи әлемге аттанып кете барды. Ұрпақ сүйіп, өскелең ұрпаққа білім беруге бүкіл ғұмырын арнаған атамның нұрлы жүзін мәңгі ұмытпаймыз!

Аида Әсет,
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті құқық және экономика факультетінің      
 2-курс студенті

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.