Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР «МЕН — ҚАЗАҚПЫН!» ӘНІН ШЫРҚАҒАНДЫ ҰНАТАДЫ

7 мамыр 2020
КҮНДЕРЕК
ҚАРУЛЫ КҮШТЕР "МЕН - ҚАЗАҚПЫН!" ӘНІН ШЫРҚАҒАНДЫ ҰНАТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адамды асқақ арман ғана алысқа құлаш сермеуге, шалғайға жол тартуға итермелейді екен. Мұны өз басымнан өткен соң айтып отырмын.  Бала күнімнен музыкант болуды армандадым. Соның әсерімен Алакөл ауданының орталығы Үшарал кентіндегі өнер мектебін бітіріп, әскерге аттандық. Сарыөзек кентіндегі әскери гарнизонда азаматтық борышымды өтеп жүріп, оркестрде ойнадым. Одан кейін тағдыр айдап, 2005 жылға дейін Тараз қаласында әскери оркестрде қызмет еттім. Сол жылы Талдықорған қаласына ауысып, №37 десанттық шабуылдаушы әскери бригадасының №18404 бөліміне музыкант болып орналасып, әскери өмірдің қазанында қайнап келемін.

2003 жылы құрылған біздің оркестрге тек музыкалық білімі бар мамандар алынады. Репертуарымыз бай. Атап айтсам, әскери марш, вальс, фокстрот, джаз сынды жанрларда жазылған жүзден астам шығарманы орындаймыз. Солардың арасында қазақстандық композиторлардың туындылары көпшілікті сүйсінтеді. Әсіресе, «Құдаша», «Қазақ вальсі» сынды атақты шығармалардың қатарындағы «Сағадатты қарсы алу» маршының орны бөлек дер едім. Өйткені, көрермендердің ықыласы осы шығарманы орындағанда ерекше байқалады.

Жалпы еліміздің Қарулы Күштерінің әскери оркестрлері жыл сайын өз өнерлерін ортаға салып, үздіктерді ұдайы анықтап тұрады. Біздің десанттық-шабуылдаушы бөлімге қарасты әскери оркестр 2007 және 2009 жылдары сол сайыстың бас жүлдесін иеленді.

ҚР Қарулы Күштерінің «Жас Ұлан» әндер фестивалі біз секілді әскери музыканттар үшін сынақ алаңы іспетті. Сол фестивальде көптеген әріптестеріміз жеке орындауда өнер көрсетіп, барлық деңгейдегі орындарды иеленіп, лауреат, дипломант атанып жатады. Солардың ішінде аға сержант Біржан Мұқаманов 2013 жылы отандық композиторлардың шығармаларын орындауда Гран При жүлдесін еншілеп, Жетісу жұртшылығының мерейін үстем етті.

Талдықорған әскери гарнизонына қарайтын болғандықтан оркестріміз көбіне жергілікті әкімдікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Атап айтсақ, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының жиындарын, облыстық полиция департаментінің түрлі шараларын музыкамен әрлеп, көпшіліктің көңілін тербеген сәттерді әскери әуенмен демеп тұрамыз.

Жұмыс ерекшелігіне байланысты өміріміздің басым бөлігі әскердің ішінде өтеді. Бір жыл қызмет ететін қатардағы жауынгерлердің бойларындағы сағынышын әнмен, әуенмен басатынын жиі байқаймыз.

Қазіргі әскерилер әнші Қуандық Рахымның орындауындағы «Мен Қазақпын» деген әнді айтқанды ұнатады. Өзінің қазақ болып дүниеге келгеніне шүкіршілік білдірген жанның бойын шарпыған ұлттық намыс, патриоттық сезім сол әнде көрініс тапқан. Сондықтан да болар, жауынгерлер оны сүйіп орындайды. Оның үстіне ән адамның отаншылдық, мемлекетшілдік, ұлтжандылық қасиеттерін оятып, өмір сүруге деген құлшынысын арттырады.

Өмір болған соң қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Сол себепті қаралы митингілерді де ауыр музыкамен сүйемелдеп жататынымыз бар. Ондай сәттер біз үшін де ауыр. Әскери борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін соңғы сапарға шығарып салу оркестр мүшелерінің әрбірінің жүрегіне өшпес із қалдырып, қайғының ауыр жүгін артып кетеді.

Қысқасы, ұран тектес әскери әуендер жауынгерлердің бойында отаншылдық сезімін оятып, күш-жігерін еселей түседі. Ендеше, ұрпақ жігерін ұранмен тасытып, жауынгерлердің бойында асқақ рух қалыптастыру керек деп білемін.

Асхат ОТАНОВ,

лейтенант, №37 десанттық шабуылдаушы әскери бригадасының №18404 бөліміне қарасты әскери оркестрінің дирижері

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.