Талдықорған: +20°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 69,1 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

05.05.2020
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 69,1 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ селекторлық кеңес өткізді. Оған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері, тағы басқалары қатысты. Жиында бірнеше мәселе қаралды.

Амандық Ғаббасұлы алдымен облыстағы коронавирустық инфекция бойынша шектеу шараларын алып тастау жөніндегі одан арғы шаралар мен оның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған жұмыстарды талқылады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов баяндады. Облыс басшысының орынбасарлары Батыржан Байжұманов, Жеңіс Тұяқов, Серікжан Бескемпіров, Серік Тұрдалиевтің де хабарламалары тыңдалды.

Қауіпті індетке байланысты: «Қазір біз ерекше режимдегі карантиндік шараларды біртіндеп босатуға кірістік. Десек те, бұған босаңсымауымыз керек. Вирус әлі толық жойылған жоқ. Сондықтан, санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтап, той-томалақ, құдалық, көкпар сияқты басқосу шараларынан бас тартқан жөн. Ауру жұқтырған адамдарды тез анықтап, оларды жазып шығаруға күш салыңыздар. 11 мамырға дейін біраз уақыт бар. Дәл осы аралықта карантинге байланысты жұмыссыз қалған азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қол ұшын беріп, әсіресе, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге баса мән беріңіздер. Осы бойынша мәселе туындамасын!. Шет елден келген азаматтарды да тексеріп отырыңыздар», – деген аймақ басшысы, әсіресе, Алматы қаласы маңында орналасқан аудандарды ерекше назарына ала отырып, қауіпті індетті тізгіндеу мақсатында жүргізіп жатқан іс-шараларды сұрап, біліп, әкімдерден жауап алды.

Жиында облыс бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуін бақылау жөніндегі тәуелсіз қоғамдық комиссия құру, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру туралы мәселелер қаралды. Белгілі болғандай, жалпы, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында облыста 22,8 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған, соның ішінде 1,8 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ және соның 10,5 мың адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады.

Аймақта Жұмыспен қамту жол картасын сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыру мақсатында жұмыссыздар тізімі жасалып, оған 13 334 мың адам енгізілген. Бұл тізімде жұмыссыз жастар да бар. Сонымен қатар өңірдегі құрылыс колледждерін бітірушілер де жол картасын жүзеге асыру ісіне тартылмақ. Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру мақсатында жасалған жұмыссыздар тізіміндегі 13 334 мың адамның 3 228-і – 29 жасқа дейінгі жастар, ал соның ішінде 1744-і — Алматы қаласы маңындағы аумақтарда тұратын жұмыссыз жастар. Аймақта 20 мобильді рекруттық пункттер құрылып, жұмыс істеуде. Солар арқылы Жұмыспен қамту жол картасына қатысты 9 865 адамға кеңес беріліп, 165 адам жұмысқа орналастырылған.

Қазіргі кезде 175 жобада 2 397 жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 198 адам жұмысқа тұрған. Соның 350-і — Алматы маңындағы елді мекендерде тұратын жұмыссыз жастар. Сол сияқты Жол картасы жобаларының құрылысы мен қайта жаңғырту кезеңдеріне облыстағы бес құрылыс колледжінің 205 бітірушісі де тартылатын болады. Олардың қатарында тас қалаушы, жалпы құрылыс жұмыстарының шебері, ағаш шебері, құрылысшы – ағаш ұстасы, сылақшы, қаңқа қаптау конструкцияларын монтаждаушы, әктеуші, техник құрылысшы, гидротехник құрылысшы мамандары бар.

Көктемгі дала жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны да жиында айтылды. Қазіргі кезде облыста көктемгі егіс жұмыстары шамамен 69,1 пайызға аяқталған. «Қолдау» жүйесі арқылы берілген электронды өтініштер негізінде 1086 ауылшаруашылығы тауар өндірушісі ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында берілетін субсидиядан 1 024,9 млн.теңге субсидия алған.

Сол сияқты егіс науқанын мерзімінде әрі сапалы атқару үшін «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамының «Кең Дала» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері 78 қарыз алушыға 888,4 млн.теңге көлемінде несие берілген. Сонымен қатар, 11 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы 290 млн.теңге несие алуға өтініш қалдырыпты. Бөлінген 19,0 мың тонна дизель отынының 5,3 мың тоннасы жеткізілген, бұл ретте өңір шаруашылықтары әр литрін 165 теңгеден 4,2 мың тонна дизель отынын алып үлгерген.

Осының бәрі өз кезегінде көктемгі егіс жұмыстарының тиімді атқарылуына, аграрлық саланың алға басуына ықпал етпек. Жиын барысында Амандық Ғаббасұлы егіс науқанының барысы, Ақсу, Көксу қант зауыттарының өңдеу маусымына дайындығы, жүгері мен картоп өнімділігін арттырудың мүмкіндіктері туралы сұрап, тапсырмалар берді.

– Төтенше жағдай режиміне қарамастан көктемгі дала жұмыстары бір күнге де кешіктірілмей мерзімінде басталып, бір сағат та толастаған жоқ. Осындай қиын кезеңде ауылшаруашылығы саласы алдыңғы шепке, алғы позицияға шығып отыр. Жұмыстарды осы қарқында жалғастыра беруіміз керек. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында да солай. Біз Ақсу, Көксу қант зауыттарын, Жаркент крахмал-сірне зауытын қажетті шикізаттармен қамтамасыз етуді жолға қойдық. Енді күні кеше Талдықорғанда ашылған «Жетісу-Мажико» зауытын да майлы дақылдармен, соның ішінде рапстың қажетті көлемімен жүйелі түрде қамтамасыз етуіміз керек. Біз жыл сайын егістік алқаптарының көлемін ұлғайтып келеміз. Мәселен, егіс алқабы биыл былтырғыға қарағанда 4,9 мың гектарға ұлғайтылып, 966,5 мың гектарға жеткізілді. Дегенмен, егістіктерді ұлғайту мүмкіндігі шексіз емес, сондықтан алдағы уақытта біз өнім шығымын арттыру арқылы өсімді қамтамасыз етуге баса мән беруіміз керек, – деп атап өткен облыс әкімі тиісті сала мамандарына, әсіресе, қант қызылшасы, картоп, жүгері өнімділігін ұлғайтуға бағытталған шараларды атқару туралы нақты тапсырмалар берді.

Кеңесте азық-түлік корпорацияларына бағаларды тежеу бағытында бірінші қажеттіліктегі өнімдерді сатып алуға облыстық бюджеттен екі миллиард теңге бөлінгені, бүгінде тұрақтандыру қорының жұмыс істейтіні,аталған соманың бір миллиарды тікелей тауарларды сатып алуға бөлінгені,ал қалғаны ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдікпен несиелеуге жұмсалатыны айтылды.

Белгілі болғандай, несие мерзімі – бір жыл, төмен пайызбен. Несиеге қол жеткізген кәсіпорын әлеуметтік маңызы бар он тоғыз тауарлар түрі бойынша бағаны тұрақты ұстауға міндеттеледі. Бұған қоса, бірқатар ауданда, қарақұмық пен құс жұмыртқасыбағасының ауытқуы байқалған. Бұл ретте бір де бір өңірде баға рұқсат етілген шекті деңгейден аспады. Баға мониторингі күнделікті жалғасуда.

Шара соңында облыс басшысы Күрті жəне Бартоғай су қоймалары да бақылауға алынуы қажеттігін алға тартты. Тиісті тапсырмалар беріп, талқыланған мәселенің бәрі назарда болатынын жеткізді. Облыстың мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін бағалау мәселесі де осы жиында қаралды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.