Талдықорған: +20°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«ҰЗАМАЙ АЯҚТАЙМЫЗ»: ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА ҚЫЗЫЛША ЕГУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

03.05.2020
ЭКОНОМИКА
"ҰЗАМАЙ АЯҚТАЙМЫЗ": ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА ҚЫЗЫЛША ЕГУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауданда 5000 гектар сүрдігер жырту, ылғал жабу жоспарланған. Соның 1367 гектар жеріне тәтті түбір егілмек. Қант қызылшасы тұқымының басым бөлігі Жолбарыс батыр ауылдық округінде себіледі.

Аталмыш ауылдық округ әкімі Сержан Андасбаевтың айтуынша, биыл округте 600 гектар алқапқа балтамыр тұқымын егу межеленіп отыр. Жалпы, округте 2460 гектар суармалы егістік алқабы бар. Қазіргі таңда қызылша егуден «Молжігітов» (50 гектар), «Мұса» (20 гектар), «Сейітов» (20 гектар) шаруа қожалықтары алда келеді. Бір айта кетерлігі, былтыр Жолбарыс батыр ауылдық округінің диқандары, нақтырақ айтқанда, 75 шаруа қожалығы 830 гектар жерге қант қызылшасын егіп, 28 мың тонна өнім алған. Соның 26 тоннасы Көксу қант зауытына өткізілсе, 2 мың тоннасы мал азығы ретінде кәдеге жаратылды.

Биыл әзірге 47 шаруа қожалығы тәтті түбір егуге білек сыбана кіріскен. Басты мақсат – ауыспалы егістік технологиясын сақтау. Себебі, бір танапқа 4-5 жыл қатарынан қызылша еге берсе, агротехнология бұзылады. Дақылды еккенде ауру, шірік көбейеді, өнімділік төмендейді. Мәселен, 2014 жылы Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша 220 гектар жерге қант қызылшасы егілсе, былтырғы меже 830 гектарға дейін жеткен болатын. Сондықтан биыл қызылшаның егістік көлемі 230 гектарға азайып отыр. Қызылшаның орнына мал азығына қажетті арпа, жоңышқа секілді дәнді дақылдар мен көпжылдық шөп егілмек. Десек те, шаруа қожалығы басшылары егер қызылша бағасы өссе, егістік көлемін ұлғайтуға ынталы екендіктерін айтады.

Жолбарыс батыр ауылдық округінің шаруа қожалықтарының техникасы тегістей егістік алқабына шықты. Округте қызылша себетін ауылшаруашылық техникасы «Егемендік», «Молжігітов», «Ерғожин», «Күнжарықов» шаруа қожалықтарында бар. Біз «Молжігітов» шаруа қожалығының егістік алқабына барып, көктемгі егін егу жұмыстарымен таныстық. Бұл шаруа қожалығының бір ерекшелігі – дақыл өнімділігін арттыру үшін заманауи егін егу техникасы мен технологиясын енгізуде. «Молжігітов» шаруа қожалығының басшысы Гүлжан Молжігітова жуырда «Жетісу» ӘКК «ӨДИ» АҚ арқылы лизингке құны 27 млн. теңге тұратын америкалық «Джон дир» тракторын сатып алды. Бірнеше жыл бұрын 2.5 млн. теңгеге заманауи қызылша сепкіш техника алған. Бұдан бөлек, шаруашылықта 6 «МТЗ-80», 2 «МТЗ-92» тракторы, қызылша тасуға арналған 4 «КамАЗ» жүк көлігі бар. Жаңа жүк көліктерінің екеуін лизинг арқылы, екеуін жеке қаражатына сатып алған.

Гүлжан Молжігітованың ұлдары Ринат пен Саят Төлеубековтер қожалықтың бар шаруасын қолдарына алып, қызылша өсірген әкесі Исатай Молжігітовтың жолын қуған олар былтыр зауытқа 620 тонна қант қызылшасын өткізді. Биыл шаруашылық былтырғыдан да молырақ өнім алуды жоспарлап отыр. «Молжігітов» шаруа қожалығында германиялық және франциялық «Дануб», «Гримм», «Ардан» секілді элиталық қызылша тұқымдары егіледі. Ринат егін шаруашылығына жауапты болса, Саят мал өсірумен айналысады.

– Биыл 100 гектар жерге қант қызылшасын егуді жоспарлап отырмыз. Шаруашылықта 11 адам жұмыс істейді. Егін егуге адам мен техника жеткілікті. Ауа райы қолайлы болса көп ұзамай егін егуді аяқтаймыз, – дейді Ринат.

– Қазіргі таңда шаруашылықта 100 бас ірі қара, 30 бас жылқы бар. 30 гектар жерге жоңышқа егеміз. Былтыр мал азығына қажетті 10 мың тай  шөп әзірледік, – деген Саяттың айтуынша, ауыспалы егістік ретінде дақылдарды алмастырып егуге, егістік көлемін арттыруға жер тапшы. Мал жайылатын жер де жетіспейді. Десек те, шаруашылық басшылары өнім сапасын арттыру мақсатында агротехнологияны қатаң сақтайды. Қызылша тұқымының арақашықтығы 13-15 сантиметр, ал тереңдігі 3,5-4 сантиметр көлемінде себіледі. Суарым суы беріледі.

Осылайша, округте қызылша егу науқаны қызу қарқынмен жүріп жатыр. Қазірдің өзінде округтегі 28 шаруа қожалығы балтамырды егіп үлгерді. Нақтырақ айтқанда, 250 гектар еңсеріліп, жерге қызылша дәні түсті. Ауылшаруашылығының еңбеккерлері ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, дала төсін дүбірге бөлеп жатыр.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.