Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН

30.04.2020
ЖАНСАРАЙ
ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Ата-бабаларымыз: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деп бекер айтпаған. Өйткені адамның бойына Алла Тағаланың әмірімен даритын бұл қасиет екінің бірінде кездесе бермейді. Бұл тұжырымымызды Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, әдіскер-ұстаз, ҚР мәдениет қайраткері, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, қажы апамыз Күміс Пармашқызына қатыстыра сабақтасақ, әсірелегендік бола қоймас деп ойлаймыз.

Күміс Пармашқызы 1940 жылдың бірінші маусымында Жамбыл облысының қазіргі Бауыржан Момышұлы ауылында дүниеге келді. Қазіргі Құрманбек Сағындықов атындағы мектепті медальмен тамамдағаннан кейін әл-Фараби атындағы университетке түсіп, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шығады. 
Болашағынан үміт күттіретін ізденімпаз түлекке университетте қалып, ғылыми жұмыспен айналысуға ұсыныс жасалған болатын. Жас маманның алдынан осылайша жарқын жол ашылып тұрғандай еді. Алайда ол ғылыми жұмыспен айналысқаннан гөрі балдырғандармен жұмыс істегенді, тікелей оқу-тәрбие жұмыстарымен айналысқанды қалады.  Сөйтіп, өзі оқыған мектепке мұғалім болып барды. Қазір ойлап отырса, бұл таңдауы сәтсіз болмаған сияқты. Ұстаздық қызмет атқарған жарты ғасырдың 20 жылын мектеп басқарумен өткізіпті.
1973 жылдың басында Күміс Пармашқызы отбасымен Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш аулына көшіп келіп, аудандық білім бөліміне әдіскер болып орналасады. 1975-1980 жылдары Үлгілі орта мектебінде директор болып, 1980 жылы Дегерес орта мектебіне директорлық қызметке тағайындалады.
– Зейнеткерлік жасқа дейін осы білім ошағында еңбек еттім. Бұл мектепке басшылық еткен жылдарым көңіліме қанат бітірді, мектеп оқушылары, ата-аналармен бірге айтарлықтай биік белестерді бағындырдық. Мектебіміз оқу сапасы жағынан алдыңғы қатарда болды. Әр жылы 2-3 оқушыдан үздік бітіріп отырды. 1981 жылы мектеп түлектері облыс көлемінде үндеу көтеріп, шаруашылықтың қой бордақылау бөліміне жұмысқа барды. «Құрдастар» деп аталған бұл ұжым мүшелері жемісті жұмыс істеп, жолдама арқылы жоғары оқу орындарына түсіп жатты. Халқымыздың біртуар азаматы                          Д. А Қонаев Дегереске келген сапарында жұмыс нәтижесімен танысып, ризашылығын білдірді. 30 оқушы мен 5 мұғалім тегін туристік жолдамамен Мәскеу қаласын аралап қайтты. 1982 жылы 4 оқушы мектепті алтын медальмен бітіріп, жоғары оқу орындарына түсті.  Солардың  бірі – халық шаруашылығы институтының экономика факультетіне түскен Әбішева Жұмакүл  2-курс оқып жүрген кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Жыл сайын мектепаралық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, мектепке тіркемесімен трактор алынды. 2 мұғалім «Оқу ісінің үздігі» атағын иеленіп, оншақты мұғалімге «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі тапсырылды, – дейді Күміс  Пармашқызы өткен күндерді еске алып. 
1985 жылы одақтас республикалар кәсіподақтарының басшылары Дегерес орта мектебіне келіп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп кетеді. Сол жемісті жылдардың нәтижесі шаруашылықтың сол кездегі директоры Жүсіпәлі Нүкетаевтің «Дегерестің сәйгүліктері» атты кітабында мақтанышпен баяндалды.
Күміс Пармашқызы мектеп басшысы қызметін атқара жүріп, халық педагогикасын қолға алған алғашқы ұстаздардың қатарынан табылды.  Ә дегенде «Бүркітшілер мектебін» құрды. 60 оқушы мүше болған үйірмеге бүркітші Ұзақов Мақан жетекшілік етті. Қыран баптаудың қыр-сырын әбден меңгерген бұл азамат көптеген білгір бүркітшілер дайындап шығарды. 
1991 жылдың желтоқсанында Алматы қаласындағы үлкен спорт кешенінде өткен “Бүркітші” мейрамына мектептің 40 оқушысы қатысып, Ерғазы, Жанғазы, Мағаш Ұзақовтар жүлделі орындарды иеленді. Мағаш, Нартай Ұзақовтар бүркіт баптаудың нағыз білгірлеріне айналды. Олар Германия, АҚШ, Польша, Тайланд елдерін аралап, бүркітшілік өнерімізді дәріптеп қайтты. 
“Бүркітшілер” мектебінің ізімен атбегілер мектебі де құрылды. Құлашын кеңге жайған «Сәйгүлік» үйірмесі де өз жұмысын сәтті атқарды. Жұмысына белгілі бапкерлер қатыстырылған бұл үйірмеде жылқыны тұқымына қарай бөлу, олардың жасына қарай аталуы, шабыс аттарының түрлері, қысырақтардың жіктелуі, ер-тұрман атаулары, ен-таңба салу әдістері, биенің сауылуына, қымыз түрлеріне қатысты түрлі атаулар үйретіліп, қасиетті жылқы малын баптау, шалма тастау, өздері бәйгеге қосып жүрген жүйріктерінің тегін білу сияқты жұмыстар үзбей жүргізіліп отырды. Бұл орайдағы жұмыстардың сәтті атқарылғандығынан да шығар, сол кездегі оқушыларының көбі бүгінде бәйге аттарын баптаумен айналысады.  
Күміс Пармашқызы қоғамдық жұмыстарға осы күнге дейін белсене араласады. Нақтырақ айтатын болсақ, 40 жыл бойы үзбей аудандық Аналар кеңесінің төрайымы қызметін атқарып келеді. “Келісіп пішкен тон келте болмас” демекші, кеңес жұмысының жемісті болуы үшін  көпті көрген қариялар мен ақжаулықты аналардың басын қосты. Олармен жастар тәрбиесіне қатысты мәселелер төңірегінде әңгіме өткізіп, түрлі бастамалар көтерді. «Ақсақалдар алқасын» құрып, оның жоспарын жасауға атсалысты. 
Тұрмыста кең етек ала бастаған қолайсыз жайдың бірі – жас отбасылардың ажырасуының көбеюі еді. Бұл орайда отбасы бірлігін нығайтып, ырыс-берекесін арттыру мақсатында жастарға, әсіресе қыздарға үзбей ақыл-кеңес беріліп тұрды. Аналар жиындарында ата-енелерін құрметтеп, балаларын жақсы тәрбиелеген келіндер көпшілікке үлгі етілді.
Нарық қыспағы қос бүйірден қысқан шақта Жуалы кілем фабрикасы басшылығымен келісіп, әртүрлі құрал-сайман мен қажет бұйымдар әкеліп, 50 кісілік қолөнер цехын ашқаны өз алдына бөлек әңгіме. Бұл цехта 18 адам кілем тоқып, қалғандары пима, қалпақ, сырмақ жасап, алаша, қоржын тоқып, киіз басты. Іс машинасымен кесте, ұлттық үлгідегі киімдер тігіліп, тұрмысқа қажетті заттар да жасалды. Дайын бұйымдар Алматыдағы сауда нүктесі арқылы сатылып, жұмысшыларға табыс көзі болды.
Әйелдер кеңесінің ата дәстүрімізді жаңғыртумен қатар аналар мен балаларға қамқорлық жасау бағытындағы жемісті қадамдары көпшілік назарын аударды. Игі бастамамен танысу мақсатында Кеңес әйелдері комитетінің төрайымы Алевтина Федулова, осы комитеттің қоғамдық-саяси ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Күмісжан Өмірбаева келіп, атқарылған шараларды көріп, риза болып қайтты. Осы жылы Күміс Пармашқызы Қазақстан әйелдерінің III съезіне делегат болып қатысты.
1986 жылдың басында өнерпаз аналардан “Ақ әжелер” ансамблін ұйымдастырып, халқымыздың ән-күйлерінің ғана емес, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің де кеңінен насихатталуына қол жеткізді. Мәселен, «Тойбастар», «Сыңсу», «Жар-Жар», «Аушадияр», жоқтау, жарапазан айту дәстүрлерімен бірге сәбиге азан шақырып ат қою, бата беру, «Бесіктой» мен «Тұсаукесер» рәсімдері жаңғыртылды. 
Ансамбль мүшелері 1989 жылы Мәскеу қаласында өнер көрсетіп, «Адамның жан дүниесі» атты фильмге түсті. Халық шығармашылығы байқауының жеңімпазы атанып, бірінші жүлдені иеленіп қайтты. Әжелер өнері «Президенттің бір күні», «Әурелең», «Халық дәстүрі», «Балбөбек», «Жыр кесе», «Бақыт құсы», «Қарасай», «Халық өнері», «Наурыз тойы», т.б. фильмдерде де көрініс тапты.
Ансамбль мүшелерінің дауыстары орталық радионың «Алтын қорына» жазылып алынды. Өнерпаз әжелер арнайы шақырумен Польша, Қытай, Түркия, Моңғолия елдерінде болып, көрермендер ризашылығына бөленді.
Алматыдағы қазақ циркінде 1990 жылдың 25-30 наурыз күндері өткізілген «Наурыз – думанда» өнер көрсеткен әжелер көрермендерге ұлттық өнеріміздің ең асылы мен тұнығын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр рәсімдерін өнер тілінде жеткізе білді. Сол жылы Алматыдағы өнер институтында халық әндерін зерттеуші ғалым А.Б. Затаевичтің туғанына 120 жыл толуына орай өткен мерекеде өнер көрсетіп, дүниенің төрт бұрышынан жиылған сазгерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Мәдениет министрлігі ансамбль ұжымы шеберлігінің өсу деңгейін ескере келе өнерлі әжелерге 1991 жылдың 15-шілдесінде «Халық ансамблі» деген атақ берді. Ансамбль болып ұйымдасқан 35 жыл ішінде әжелер тобы Алматы облысының барлық аудандарын, Жамбыл, Шымкент облыстарының біраз жерлерін аралап, бабалар дәстүрін, тіліміз бен дінімізді кеңінен дәріптеді. 
Күміс Пармашқызы «Жамбыл шежіре» атты экспедицияның құрамында әжелер тобымен бірнеше облысты аралап, Жамбыл атамыздың 160 және 170 жылдықтарына орай ұйымдастырылған экскурсияға белсене қатысты. 2019 жылдың  шілде айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жастарды Қазақстанның тарихи жерлеріне 5 күндік саяхатқа апарып келді.
Он саусағынан өнері тамған Күміс Пармашқызы жетекшілік ететін әжелер тобы жастарды тәрбиелеуге көп еңбек сіңіруде. Мәселен, ансамбль құрамында 5-6 жыл болып, сыңсу айтқан Жанар Құланбаева консерваторияны бітіріп, бүгінде жұбайы екеуі «Астана» телеарнасында істейді. 10 жасынан жарапазан айтқан Бейбіт Мамытбаев та консерватория бітірген сыбызғы маманы. Ансамбльде «Беташар» рәсімін орындаған Ержан Қосбармақов қазір атақты Халық әртісі.
Халқымыздың ұлттық қолөнерін насихаттауда Күміс Пармашқызының еңбегі ерекше. Өзінің іскерлігі, біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілетімен танылған жанның қолынан шыққан ұлттық бұйымдарымызға шетелдіктердің талай тамсанғанын жақсы білеміз.
Күміс Пармашқызы қазақ үйді киізінен бастап бау-шуына дейін әшекейлейді. Жел бау, бас бау, иін бау, аяқ бау, уық бау, уық шалғыш баудан бастап, үйдің ішкі әдемілігін айшықтап тұратын қоржын, аяққап, сандыққап,  қолдорбалар мен жүк жапқыш, алаша, текемет, сырмақ, әртүрлі көрпелер, керегеге ұсталатын тұскиіз, кілемдерді ол кісіден артық білетіндер санаулы-ақ болар!
Астана қаласының бір жылдық мерейтойында Алматы облысының үйін жабдықтап, соған орай арнайы өткізілген байқау қорытындысында облыстар арасынан 1-орын алған еді. Содан бері әжелер тобын бастап, қолөнермен шындап айналысады. Бұл орайдағы құлшынысы нәтижесіз де емес.  Мысалы, 2002 жылдың 5-13 маусымы аралығында Франция корольдігінің жыл сайын салтанатты түрде аталып өтетін дәстүрлі мерекесіне ТМД елдерінің арасынан Қазақстан арнайы шақырылған-ды. Салтанатқа сол кездегі Сыртқы істер министрі, Мемлекеттік хатшы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Хабар» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева бастап барған 50 делегаттың бірі Күміс апамыз еді. Париж қаласының іргесіндегі «Шантильи» спорт кешенінде тігілген он үйдің бірін жабдықтап, қазақтың алаша, кілем тоқу әдістерін, ою-өрнек және басқа да өнер түрлерін шетелдіктерге таныстырды. Француздардың таңдайын қақтырып, жоғары баға алған бұйымдары, оны насихаттаудағы біліктілігі үшін Күміс Пармашқызы «Diane-Hermes» атындағы арнайы сыйлыққа ие болып, ел мерейін өсіріп қайтты.
2005 жылдың сәуір айында ұлттық қолөнерімізбен танысуға «Алхимик» атты төрткүл дүниеге таралған кітаптың авторы, барша әлемге танымал бразилиялық жазушы Пауло Коэльо келді. Әжелер тіккен ақшаңқан киіз үйге кіріп, ұлттық қолөнер бұйымдарымен танысты, әжелер киген ұлттық киімдерге таңданыспен қарап, суретке түсіріп, жаңа кітабына сол суреттерді пайдаланатынын мақтанышпен баяндады. Ұлттық тағамдарымыздың халқымыздың мәдениетін жарқырата көрсетіп тұрғанына сүйсінді. 
Тағам демекші, апамыз ұлттық тағам түрлерін жасаудың да шебері. Облыс аумағында жыл сайын өткізілетін «Ақ дастарқан» атты байқауға бірнеше рет қатысқан апамыз дайындаған қарынбүрме, өрметөс, әсіп, шұжықтың бірнеше түрі мен қазы-қарта, майсөк, сүттен жасалынатын тағам түрлері қазылар алқасынан дәйім жоғары баға алып жүр..
Апамыз жасының ұлғайғанына қарамай әлі де облыстық, республикалық көрмелерге үзбей қатысады. Зейнеткерлер мен жастар арасында 2019 жылдың шілде айында «Ұлы дала өнері» деген атпен өткен облыстық қолөнер шеберлері көрмесінде II-орынға ие болды. 
– Біз, қариялар, көпті көріп, мол тәжірибе жинақтадық. Аталарымыз бен әжелеріміз қалдырған мол мұраны мүмкіндігінше игеруге тырыстық. Ендігі жерде ұрпағымызға ұлағат боларлық сол мұраны ісімізді жалғастырар кейінгі жастарға енші етіп қалдырмақпыз, – дейді Күміс апа.
Күміс Пармашқызы осы күнге дейін жүзден аса марапатты иеленді. Сол қатарда «Ерен еңбегі үшін» медаліне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10, 20, 25 жылдығына орай бірнеше мерекелік медальге, 4 рет Елбасының Алғыс хатына, Президентіміз Қ. Тоқаевтың Алғыс хатына, Мәдениет министрлігінің, облыс әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарына ие болды. Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері мектеппен қазір де тығыз байланыста. Өмір бойы ізденумен, педагогикалық білімнің қыр-сырын жетік меңгерсем деген ниетпен ғұмыр кешіп келе жатқан білікті ұстаз қазіргі кезде өмірге келіп жатқан жаңашылдықтарды да назарынан қағыс қалдырмайды. Жасының ұлғайғанына қарамай «Дегдар» гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Ауыл мектебінің ең үздік мұғалімі» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. 
Бес уақыт намазын қаза қылмай, Алладан еліне амандық, бақ-береке тілеп жүрген ақ пейілді әже 2005 жылдың желтоқсан айында қажылық сапарға барып қайтты.
Ардагер апамыздың қаламынан әр жылдары «Отбасы – тәрбие айнасы», «Өмір өткелдері», «Ақ әжелер – тұнған өнер», «Тау тұлғалы нар ағам» атты кітаптары туындады.
Отағасы Асылбек ата екеуі 60 жыл бойы бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп,     6 бала өсіріп, тәрбиеледі. Атамыз екі жылдан бері қасында жоқ. Апамыз 27 немере мен оншақты шөбересінің ортасында ұрпағының амандығы мен бүгінгі тірлігіне шүкір айтып, бақытты ғұмыр кешуде.
80 жастың асуын бағындырған апамыздың отбасына амандық, зор денсаулық, көп жақсылық тілей отырып, үлгі-өнегеңіз біздерге дарысын демекпін.

Гүлзада Тұрлаш, 
ҚазҰУ-дің 4 курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.