Талдықорған: +18°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СӘУІР АЙЫНАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСТІ

20.04.2020
ӘЛЕУМЕТ
СӘУІР АЙЫНАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

«2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2020 жылдың  1 сәуірінен бастап зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылардың төлемдері өсті.

Айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге, зейнетақының ең төмен мөлшерi – 40 441 теңге, ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 32 668 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 17 641 теңге болса, жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге болып белгіленді.

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес зейнет-  ақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10 пайызға индексациялауды жүргізуде. Нәтижесінде, биыл зейнетақы екі рет көтерілді. Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, базалық зейнетақыға 5 пайыз, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7 пайыз (инфляция деңгейінен 2%-ға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

2020 жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса осы жылғы 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5 пайызға жоғарылады. Мұны қарапайым мысалмен түсіндірейік. Егер ер адамға 18.11.2019 жылдан бері 43 мың теңге ынтымақты зейнетақы тағайындалған. Оның зейнетақысы жыл сайынғы қайта есептеу аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 46 мың 10 теңгені құрады. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ынтымақты зейнетақы 5 пайызға өсіп, 48 мың 311 теңгені құрады. Ал әйел адамға 12.03.2020 жылы 52 мың теңге тағайындалды деп алайық. 2020 жылғы 1 сәуірдегі 5 пайыз өсімді ескерсек, бұл ынтымақты зейнетақы 54 600 теңгені құрайды.

Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап  46 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен (127 788 теңге) аспауы керек (46 х 2778,00).

Мемлекеттік базалық зей-нетақы төлеміне келер болсақ, ол «Қазақстан Республикасын-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 4-бабына сай 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа сомасы бойынша пайыздық мөлшерде айқындалады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде және түзеу мекемелерінде тұратын адамдарға «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 Заңының 12 және 16-баптарында көзделген мөлшерде, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді.

№1 және №2 тізімдерге мемлекеттік арнайы жәрдемақы, бала тууына байланысты бiржолғы төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері  2020 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы, мөлшері, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төмен күнкөріс деңігейінің  жоғарылауына байланысты өседі.

Облыс бойынша 229 мыңнан астам зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері және 201 мыңнан астам мемлекеттік жәрдемақы алушы азаматтың жәрдемақы мөлшері көбейтіледі.

Ж.ДӘЛІБАЕВ,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.