Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«СЫРТ АДАМДАРМЕН БАЙЛАНЫСПАҢЫЗДАР»: ВИЦЕ-МИНИСТР БІРНЕШЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ

16 сәуір 2020
КҮНДЕРЕК
"СЫРТ АДАМДАРМЕН БАЙЛАНЫСПАҢЫЗДАР": ВИЦЕ-МИНИСТР БІРНЕШЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан НАДЫРОВ жұмыс сапарымен Іле, Қарасай аудандарына да тоқтап, ахуалды көзбен көрді. Кездесуде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Бауыржан Ысқақ, облыстың бас санитары Қайрат Баймұхамбетов те болды.

Министр бастаған топ алдымен Іле аудандық ауруханасына кіріп, елімізге келген коранавирус індетіне қарсы сақтық шаралары мен арнайы сол індетке дайындалған бөлімдерге назар салды. Медбикелермен әңгімелесіп, ой бөлісті. Жоғары температурамен аталмыш ауру күдігімен түсетін науқастардың бірден қайда жатқызылып, қандай ем қолдану керектігі жайлы пікір алмасты. Перзентхана бөліміне де көңіл бөліп, арнайы ұсыныс тілектерін айтты. Аудандық аурухананың бас дәрігері Майра Егембердиева  бүгінгі күні ауруханада барлығы 120 төсек, ал індетке қарсы 100 төсек дайын екенін жеткізді.

Алдымен кез келген күдікті науқас Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасына жеткізіліп, тексеріс сынамасынан өтеді. Аурухана алдында тұрақты пост орнатылып, онда кіретін адамдардың температурасы пирометрмен өлшенеді. Ауру расталған жағдайда, соңғы болған орны, кімдермен кездескені, аурудың белгілері анықталады. Әрі қарай барлық әрекет алгоритмі пысықталып, дәрігерлер қорғаныс құралдарын қолдана отырып, емге көшеді.

Қарасай ауданында болған вице-министр орталық аурухананың күніне 45 шұғыл қоңырау түсетін қабылдау бөлмесінің жұмысын көрді. Сондай-ақ, оқшаулау орны мен фильтр жұмысымен танысып, аурухана қызметкерлерімен төтенше жағдай кезіндегі жұмыс туралы әңгімелесті. Аурухананың перзентхана бөлімінің жұмысына баса назар аударылады. Өйткені, орта есеппен күніне 30-35 әйел босанады екен. Ғимаратқа кіреберісте перзентхана қызметкерлері кезекшілік етеді. Олар келген емделушілердің температурасын өлшеп, медициналық бетперде үлестіріп, қолдарын зарарсыздандыру құралымен тазалауын қадағалайды. Сондай-ақ, коронавирусты инфекцияға күдіктіні де бірінші анықтайтын сол кезекші.

Аурухана қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдікті ретінде жатқызылған жүкті әйелді босандырған кезде қалай іс-әрекет ету қажеттігін көрсетті. Тактикалық ойластыру бойынша олар жылдам әрекет ете отырып, оқшаулау орнын дайындады, акушер-гинеколог арнайы қауіпсіздік костюмін киіп, босандырды. Ыңғайлылық үшін аурухана басшылығына арнайы қауіпсіздік киімдерін кию жолдары егжей-тегжейлі көрсетілген арнайы түрлі түсті нұсқаулық жасап, айна да орнату керектігі айтылды. Мұның барлығы медицина қызметкерлері масканы, арнайы көзілдірікті дұрыс тағып, денеде ашық жер қалған-қалмағанын бақылау үшін қажет.

Вице-министрдің ескертуі бойынша, аурухана басшылығына медицина қызметкерлерінің сырт адамдармен байланыста болмауы, аса сақтық шаралармен аурухана ішіндегі қатаң белгіленген аймақтармен жүруі сияқты бірқатар талаптар қойылды.

Мақпал МЫСА,

Еңлік ҚАБДЕШ

Іле, Қарасай аудандары

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.