Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«АРАҚ КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАМАЙДЫ»: ДӘРІГЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

11.04.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
"АРАҚ КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАМАЙДЫ": ДӘРІГЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Дүкенде нан мен арақ көп өтіп жатыр. Бұрындары 30-50 дана нан өтсе, қазір жүздің үстіне шықты. «Нан болса ән болады» дегендей тоқшылық заман болсын деп тілейік. Ал арақтың көп мөлшерде өтіп жатқанына не дейсіз? Тұтынушылар қол жуатын антисептик ретінде арақты пайдалана ма деп ойлағанмын. Байқасам ертеңіне қызара бөртіп қайта айналып келетіндер саны артты. Қазір дүкен жұмысын 20:00-де тоқтатамыз. Алушылар осы уақытқа дейін 1-3 шынысын алып: «Вирустан қорғанатын ең жақсы дәрі», — деп қалжыңдайды. Не десек те, тауардың өтіп жатқанына қуанамыз». Бұл аты-жөнін айтудан бас тартқан дүкен сатушысының сөзі. Біреуге жан ал біреуге мал қайғы деген осы болар бәлкім?!

ІНДЕТ елге енгелі көпшілік арақты негізгі қаруға айналдырған. Осыған орай, қаладағы бірнеше дүкенді аралап, ішімдік саудасы жайлы сұрап, сатушылармен сөйлестіп көрдік. Бәрінің пікірі бір жерде түйісті. Олардың айтуынша, араққа деген сұраныс шынымен де артқан. Демек, көпшілік АРАҚ ВИРУСТАН ҚҰТҚАРАДЫ деген «ертегіге» сеніп жүр. Көпшіліктің бұл әрекеті біріншіден езуге күлкі ұялатса, екіншіден сана-сезімнің тым төмендеп кеткені үшін көңілге көлеңке түсіреді. Осы тұста дәл осындай ертегіге сеніп жүріп, кеселді жұқтырғандар жайлы нақты ақпаратты тілге тиек етіп кеткеніміз жөн болар. Мәселен, Қарағандыда 5 наурыз күні Бірікен Араб Әмірлігінен елге келіп, карантинге жатқызылған 23 қазақстандық азамат коронавирустың алдын аламыз деп ішімдік ішкені анықталған. Бұл ақпарат тарағалы көпшілік оқып, құлағдар болса да теріс әрекеттерін қоюға асығар емес.

ІШІМДІК – адам иммунитетін төмендетеді. Ал иммунитеті төмендеген адамға індет тез жұғады. Мұны дәрігерлер күнде айтудай-ақ айтып жатыр емес пе? Бірақ олардың кеңесіне құлақ асып, нәтиже шығарып жатқандар шамалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, ащы суды тұтынғанның кесірінен жыл сайын әлемде 3 миллионнан астам адам өмірден өтеді екен. Олардың 75 пайызы – ер адамдар. Текті қазақ «арақ – атаңнан қалған ас емес» деп бір-ақ ауыз сөзбен ішімдіктің еш пайдасы жоғын о баста айтып қойған. Осыдан соң ішімдік қай кезде де адамзат баласы үшін зиян болғанын аңғаруға болады. Ол үшін том-том кітап оқып, ерекше жаңалық ашудың қажеті жоқ. Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренсеңіз болғаны.

ДӘРІГЕР Рүстем Қорғанбаев арақ – індетке қарсы дәрі емес екенін айтудан шаршаған емес. Бірақ пысықайлар: «Күніне 50-100 грамнан ішіп тұру керек. Қанайналым жүйесі жақсарады» деп өздеріне диагноз да қойып алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін ақ халатты абзал жанның пікіріне құлақ түріңіз.

– Ішімдік адам ағзасынан бұрын санаға қатты әсер етеді. Қазақта «санасы уланған» деген өте жаман сөз бар. Міне, қазір көпшілік өз санасын арақпен улап жатыр. Ішімдік ішкендердің кесірінен қоғамда түрлі қылмыс пен түсініспеушілік орын алуда. Арақтың зияны жайлы үнемі айтып келсек те, тыйыла салатын адам аз. Соңғы уақытта ішімдіктен уланғандардың саны артты. Өкінішке қарай, бұл тізімді жастар да толықтырып тұр. Бір сөзбен айтқанда, короновирустың емі арақ емес. Арақ коронавирустан қорғамайды.

ҚАРАТАЛ ауданы, Үштөбе қалалық мешітінің бас имамы, Қаратал ауданының Құрметті азаматы Әбудардан қажы Таласбай дәл осы уақытта халық Жаратқаннан адамзаттың амандығын, әлемнің тыныштығын көп сұрауы керек екенін айтты. Расымен де, құлшылық жасап, дұға тілеудің пайдасы болмаса зияны жоқ.

– Арақ – барлық жамандықтың кілті. Харам нәрсенің ешқандай да шипасы жоқ. Шипасы бар болатын болса, Құран Кәрімде харам демес еді. Егер емдік үшін пайдасы болса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Басты айналдыратын, мас қылатын нәрсенің азы да үмметім үшін харам», — деп айтпас еді. Таяуда «Фейсбук» парақшасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев індетпен күресте арақ-шараптың еш пайдасы жоғын айтып, көпшілікке насихат жұмысын жүргізді.

Сол үшін арзан қауесеттен аулақ болғанымыз жөн. Арақ Жаратқанның арам еткені болған соң оның берер пайдасы мен шипасы болмайтыны анық. Міне, байқағандарыңыздай арақтың індет үшін де, адамзат үшін де ешқандай да емі жоқ.

ЖОҒАРЫДА КЕЛТІРІЛГЕН МЫСАЛДАР МЕН МАМАНДАРДЫҢ ПІКІРІ САНАЛЫ АДАМҒА ТЕРЕҢ ОЙ САЛАР ДЕГЕН ОЙДАМЫЗ. БҰЛ МАҚАЛАДА АНЫҚ ӘРІ ҚАНЫҚ БІР ДҮНИЕ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ. ОЛ – АРАҚ ІНДЕТТІҢ ЕМІ ЕМЕС ЕКЕНДІГІ. ОЛАЙ БОЛСА, ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІГЕ СЕНІП, НӘПСІҢІЗГЕ ЕРІК БЕРІП, ІШІМДІКПЕН ЖОЛДАС БОЛМАҢЫЗ ДЕГІМІЗ КЕЛЕДІ.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қауіпсіздік қалқаны

543 адам тіркелді

13.03.2026
Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026
Ойшылдар мұрасы ұлықталды

Ойшылдар мұрасы ұлықталды

13.03.2026
«Ауыл» партиясында жаңа төраға

«Ауыл» партиясында жаңа төраға

13.03.2026
«Адырна» мен «Алтынай» жүрек қылын тербеді

«Адырна» мен «Алтынай» жүрек қылын тербеді

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.