Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«СЫНАҚТАН ШЫҒУ ЖОЛЫН ТАПТЫҚ»: ЕЛБАСЫ МЕН АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

04.04.2020
КҮНДЕРЕК
"СЫНАҚТАН ШЫҒУ ЖОЛЫН ТАПТЫҚ": ЕЛБАСЫ МЕН АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ телефон арқылы сөйлесті. Амандық Баталов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа облыстың дамуы туралы баяндады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Елбасы өңірде болып жатқан оң өзгерістерден хабардар екенін айтты. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды сұрап білді. Облыс басшысы дер кезінде қабылданған шаралар вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұндай жұмыстар «Nur Otan» партиясымен бірлесіп атқарылуда. Волонтерлар «Біз біргеміз» акциясының аясында аурудың алдын алуға елеулі үлес қосып келеді.

Елбасы көктемгі дала жұмыстарының дайындығына ерекше тоқталды. Бұл ретте Жетісу өңірінің ауылшаруашылығы саласында көшбасшы аймақ екенін де еске салды.

— Биыл 1 миллион гектарға жуық егіс алқабы игеріледі. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда алқап көлемі 5 мың гектарға ұлғайтылды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, біз қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта көтердік. Осы дақылдың егістік алқабы биыл 16 мың гектарға жеткізіледі, бұл облыстың екі қант зауытының шикізатқа деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді, — деді облыс әкімі.

Әңгімелесу барысында елдегі төтенше жағдай кезінде халықты жұмыспен қамту шараларына ерекше көңіл бөлінді. Бұл орайда Амандық Баталов Алматы қаласында карантин енгізілуіне байланысты қазіргі кезде облыс аумағында қалған шағын және орта бизнес саласынан жұмыстан шығып қалған азаматтардың мәселесін шешу ісіне жіті тоқталды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қолдауға бағытталған игі шешімдер қабылдады. Алматы облысы басқару органдарының жүйелі жұмысының арқасында және мемлекеттік сараптама қорытындылары бар жобалық-сметалық құжаттардың дер кезінде дайын болуының нәтижесінде біз республикалық бюджеттен 109,2 миллиард теңге алдық. Бұл 22,8 мың жұмыс орнының құрылуымен 977 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы соманың 58,9 млрд.теңгесі немесе 54 пайызы әлеуметтік-мәдени саланың 429 жобасын жүзеге асыруға бағытталады. Мұның бәрі сіздің Ұлттық әл-ауқат қорын құру туралы дер кезінде қабылдаған салиқалы шешіміңіздің арқасында мүмкін болып отыр, — деді Амандық Баталов.

Бұл ретте Елбасы Қор құру туралы шешім қабылданған жылдарда бұл бастамаға қарсы болғандар да болғанын еске түсірді. «Мен алдағы күндерде бізге ауқымды қаражат қажет болатын қиындықтар туып қалуы мүмкін екендігін білдім. Осымен бірнеше рет біз Ұлттық әл-ауқат қорын қолдану арқылы ауыр сынақтардан шығудың жолын таптық», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Амандық Баталов та тоқсаныншы жылдардағы жағдайларды еске алды. Ол кезде А.Баталов Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болатын. Осы ауданның тұрғындарымен кездесуге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келген еді.

— Халықпен кездесуде айтқан сөздеріңіз әлі күнге есімде. Сонда сіз сәл шыдай тұру керектігін, экономиканы аяғынан тұрғызуға барлық жағдайды жасап жатқанымызды айттыңыз. Сол айтылғандардың барлығы да орындалды. Сіздің басшылығыңызбен еліміз экономикада елеулі табыстарға қол жеткізді, әлемдік қауымдастықта беделге ие болды. Бүгінгі орын алған жағдайларды ескерсек, бұл қиындықты да лайықты еңсеретінімізге сенемін, — деді Амандық Баталов.

Облыс әкімімен әңгімелесуі барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғаннан Үшаралға баратын жолдың құрылысы жайлы сұрады. Амандық Баталовтың айтуынша, мердігерлер биыл жаңа автомагистраль жолын ашуды жоспарлап отыр, ал қалған жұмыстар келесі жылы аяқталады.

Сол сияқты Үшарал–Достық жолының жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, бұл жұмыстардың биыл аяқталатынын да айтты. Ақши ауылына апаратын 70 шақырымдық жолды қамтитын бірінші кезең аяқталуда, ал екінші бөлігі биыл басталады. Бұл Жетісудың жақұты саналатын Алакөл көліне қазақстандықтардың және шетелдік туристердің қиындықсыз жетуіне жағдай туғызады. Сонымен бірге, облыс әкімі Елбасыға өңірдегі алма бақтарын дамыту жайлы да баяндады.

Қазіргі кезде өңірде 24 мыңнан астам алма бағы бар, олардың басым бөлігінде тамшылатып суару әдісі қолданылады. Елбасы апортқа қатысты сауал қойды. Амандық Баталовтың айтуынша, өңірде алманың бұл сорты 2 мың гектарға егілген.

— Біздің алмаларда Іле Алатауының иісі бар, ол, әсіресе, Араб елдерінде ерекше сұранысқа ие. Бізге Премьер-Министр Асқар Мамин келгенде өнімдерімізді және оларда қолданылатын технологияны көріп, таңданды, — деді облыс әкімі.

Облыс орталығы Талдықорған қаласының қазіргі даму жағдайы да әңгімеге арқау болды. Елбасы қалаға келіп, халықпен кездескісі келетінін айтты.

— Екі мыңыншы жылдардың басында қала халқының саны 97 мыңдай болғанын және олардың көпшілігі басқа жаққа көшкісі келгенін сізге баяндаған едім. Қазіргі кезде мұндағы халықтың саны екі есеге өсіп, 180 мыңнан асты. Сіздің қолдауыңыздың арқасында біз көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырдық. Биыл 280 орынды студенттер жатақханасының құрылысын аяқтаймыз, Олимпиадалық бассейн салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сіздің «Нұрлы жол» бағдарламаңызбен көпбалалы отбасыларға коттедж үйлерді пайдалануға бергенімізде азаматтардың көпшілігі сіздің атыңызға, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғыстарын білдірді, — деді облыс әкімі.

Телефон арқылы әңгімелесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жемісті еңбектері үшін өңір халқына ризашылығын білдірді. Ол біздің барлық күшіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындаудың маңайына шоғырландырылуы тиістігін атап өтті. «Тек біздің ынтымағымыз бен бірлігіміз ғана қазіргі қиындықтарды еңсеруге көмектеді», — деді сөзінің қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.