Талдықорған: +20°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЕКІ-ҮШ КҮН ҚОРАДА ЖАТЫП ҚАЛАДЫ»: ЖАС АТБЕГІМЕН ӘҢГІМЕ

24.03.2020
РУХАНИЯТ
"ЕКІ-ҮШ КҮН ҚОРАДА ЖАТЫП ҚАЛАДЫ": ЖАС АТБЕГІМЕН ӘҢГІМЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Ылдиға шапса, қаршығадай ұшқыр, өрге салса, қырандай арынды келген күліктердің бәсірелі бәсекесінде өзі баптаған тұлпардың көмбеден алғашқы болып көрінуін тілейді. Төңкерілген кеседей тұяғының ізінде тарихтың сыры бар сол жануардың жарысына кіріккеніне де 15 жылға жуықтапты. Алғашында тобылғыны ат қылып мінген тоғыз жасар қараторы өңді балдырған еді. Бұғанасы бекіді. Білмейтін дүниелеріне, жылқы жануарының қыры мен сырына қанықты. «О, Муза» деп поэзияны жанына серік еткен Дәулет Бейісбаев ақырында атбегілік өнерде маңдайы жарқыраған азамат санатына қосылды.

Дәулет Халықұлы – бәйгеге ат қосып жүрген ел азаматтарына таныс есім. Жалынды жас. Екі мүшелді енді еңсерген ол І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алуда. Білімгер болса да сонау балауса шағынан жылқы баптау ісімен айналысып келеді. Шабандоз ретінде де өзі баптаған сәйгүліктермен сан мәрте топ жарғаны бар.

– Кешегі кезеңдегі ат баптау тәсілдері бүгінде өзгеріске ұшырады. Оған дәуірдің дамуы әсер етсе керек, – дейді Дәулет Халықұлы. – Заманауи қоражай, жаттықтыру техникаларының қоғамға енуі мен асыл тұқымды, таза қанды, арабы, ағылшын жылқыларының қазақ жеріне жерсіңдіріліп, бәйгеге түсуін соның басты салдары деп ойлаймын. Тіпті, өзінен туған жануарға, шешесіне шабатын «тексіз» аттар да шаршы топта шашасына шаң қаптырмай жүр. Алайда бұл айтылған дүниелер бәйгенің, ұлттық ат спортының сұрқын қашырып, бәсін төмендетіп тұр дей алмаймыз. Десе де, ұлттық көзқараспен байыптасақ қазақы қазанаттардың аламаннан көрінбей, көрінсе де бағы жанбай келе жатқаны қынжылтады.

Бәйге десе ішкен асын жерге қоятын Дәулет Халықұлы арабы мен ағылшын, асыл тұқымды мен қазанаттың шатысуынан пайда болған будандардың қазақы жылқыға дес бермей келе жатқандығын да алға тартты. Дегенмен, әрбір тұлпардың бағының жануына – бабының жақсы болуы тікелей байланысты. Қазақ жеріне жерсіңдірілген аттардың бәрі ұзақ уақыт бәйгеге дайындалады. Қараша түсіп, жерге тоң қатқаннан қораға тоғытылатын тұлпарлардың жемшөбі, оның мөлшері атбегінің қадағалауында. Бөктірілген арпадан бастап, жонына төселер жабуға дейін жеке бапкердің жауапкершілігінде болады. Аламанға ай қалды дегенде жүгендеп, жабу салып, баптай салар кешегілердің қазанатындай емес, асыл тұқымды сәйгүліктерге ұзақ уақытты қажет ететін бап керек. Осылай ойын айтқан атбегі өзі баптаған тұлпарлардың қыр-сырын да әңгіме арқауы етті.

Тұлпардың іш тартуы, құмалақ тастауы қай мөлшерде, қай уақытта болатынын, жарауы жеткен аттың жоны шарқаттай жалтылдап тұратындығын, түптеп келгенде, бәйгеде алдына қара салмас қылқұйрықтың болмыс-бітімін егжей-тегжейлі баяндаған Дәулет Халықұлы қазанат пен жерсіңді жануарлардың тағы бір айырмашылығын алға тартты.

– Бәйге үшін үкілеп үміт артып, асыл тұқымды, таза қанды аттарды сатып аламыз. Оның дені бабы мен бағы қатар келсе, иесінің қанжығасын майлайтыны хақ. Дегенмен, бәйгеден кейін де дүйім елдің қанын қыздырар көкпар ойыны бар емес пе? Өкінішке қарай, жерсіңді жануарлар бәйгеден кейін тұра алмай, екі-үш күн қорада жатып қалады. Кейбірі одан да ұзақ. Ал қасиетіңнен айналайын қазанатты Қырымнан Үрімге айдап, түн жорттырып аламанға түсірсең де, бәйгеден кейін көкпарға салсаң да, мыңқ етпейді-ау. Кейде аламанның алдынан келмеген қазақы атты сазайын берейін деп, жалпы көкпарға да салып жіберген кезім болды. Сонда ауырсынғанын аса қатты байқамадым.

Бабаларымыз күллі Еуразия кеңістігіне тұлпар тұяғының мөрін қалдырғанда, сол қасиетті төл жануарымыз емес пе тақымында ойнаған?! Осылай деп іштей тебірене бірауық ой құшағында қалып, бүгінге дейін 100-ден аса бәйгеге ат қосып, соның алпыс-жетпісінде үздік үштіктен көрінген Дәулет Халықұлының атбегілік өнерге қанымен араласып, жанымен кірігіп кеткеніне сүйсіне түскендей болдық.

Көксу ауданына қарасты Ақтекше ауылында қоңыртөбел тіршілік кешіп жатқан Халық пен Дүйсебаланың бес баласының бірі, атбегі Дәулет: «Кейде арулармен тілдессем де, аңдаусыз ат жайлы әңгіме айтып қалатыным бар. Бұл қанға сіңген әдетім шығар», – деп жылы жымияды. Жымия тұрып, болашақта да жылқы жануарын баптауды жалғастыра берерін, қазақтың ұлттық ат спортына өзіндік үлесін қосуға тырысатындығын тілге тиек етті. Журналистика саласында білім алып жатқан ол қазанаттың қасиеті туралы еңбек жазарын да іштей жоспарлап жүргендігін атаусыз қалдырмады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,

Көксу ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.