Талдықорған: +9°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ДҮРЛІГУГЕ НЕГІЗ ЖОҚ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

16.03.2020
ӘЛЕУМЕТ
"ДҮРЛІГУГЕ НЕГІЗ ЖОҚ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемді алаңдатқан коронавирус Қазақстанға жетіпті деген ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған соң тұрғындар біраз дүрлігіп қалды. Осы орайда «Еш жерде күріш, ұн, қант жоқ» деген алып-қашпа сөз тарап, жұрт сабылып, сауда дүкендеріне жүгірісті. Тілшілерге хабарласып, мән-жайды білмек болғандар да көбейді.

Бірақ осының барлығы әлеуметтік желілерде тараған, расталмаған ақпарат салдарынан туындағандығын Талдықорғандағы «Магнум» сауда желісі мен «Жетісу ӘКК» АҚ қоймаларына барып, ондағы сақтаулы азық-түлік қоры мен қалыпты сауда қызметін көргенде білдік.

«Магнум» сауда орталығының Талдықорған қаласындағы жергілікті филиалы директорының орынбасары Виктор Брейттің айтуынша, үрейге еш себеп жоқ.

– Бүгінгі таңда біздің қоймаларда әлеуметтік маңызы бар тауарлар жеткілікті. Алдын ала жасалған келісімшарт бойынша сауда орталығының сөресіндегі тауарлар уақытылы жеткізіліп тұрады. Кейде толқыныс дүрліктірушілер тарапынан туындап қалатыны да бар. Десе де, кейінгі екі-үш күн көлемінде тұтынушылардың 10-15 пайызға өскені байқалды. Осыған байланысты біз тауар қорын және азық-түлік сөрелерін көбейтіп жатырмыз. Осы тұста біз тауар жеткізетін компания, кәсіпкерлер, тауар өндірушілермен кемінде бір ай ішінде бағаны көтермеу туралы келісімшарт жасасамыз. Қазірше тауар жетіспеушілігін тудыратын ешқандай келеңсіздікті көріп тұрған жоқпын, – деді ол.

Журналистермен жасалған рейдте Талдықорған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің, «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның өкілдері және облыс әкімнің баспасөз қызметінің өкілдері де болды.

Өз кезегінде, «Жетісу» ӘКК» АҚ сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы Айгүл Ыдырысова күн сайын барлық сауда нүктелерін аралап, олардың бағасын қадағалап отыратынын айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда саудаланып жатқан өнімдердің бағасы көтерілген жоқ. Қайта кейбір тауарлардың бағасы әдеттегіден төмендегенін сөредегі баға парақшасынан көрсетті.

Ал «Жетісу» ӘКК» АҚ қоймаларында бүгінде 50 тонна ұн, 600 тонна қант және 20 тонна күріш сақталуда. Мұндағы ұн облыстағы наубайханаларға төмен бағада беріліп, нан тапшылығын туындатпауға септігі тисе, басқа тауарлар аймақтағы әлеуметтік дүкендерде сатылымға шығып, бағаның жөнсіз өсіп кетпеуін тежеп, тауар жетіспеушілігінің алдын алады.

Осы барыста Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел:

– Облыста азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты. Қор бар, әсіресе, 19 әлеуметтік маңызы бар тауар жеткілікті. Біз ірі супермаркеттер желісінің көтерме сатушыларымен үнемі келіссөздер жүргізіп, бағаны көтермеуін қадағалап отырамыз. Қазіргі қолда бар ақпарат бойынша өнімдер жеткілікті көлемде. Әрине, аймақта коронавируспен күрес те жалғасып жатыр. Оның алдын алу шаралары мықтап қолға алынды. Бүгінде медициналық қызметкерлермен семинар өткізіліп, олардың дайындығы пысықталса, ауруханаларда төсек-орындар мен керекті құрал-жабдықтар дайындалды. Дәрі-дәрмектер мен арнайы жабдықтар да жеткілікті, – деді.

Қысқасы, әлеуметтік тауарлар жеткілікті, баға да тұрақты, дайындық жұмысы да ойдағыдай жүруде. Тек расталмаған ақпараттарға сеніп, дүрлігуге негіз жоқ екендігін естеріңізге салғымыз келеді.

Қажет АНДАС

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.