Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОРТАША ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 74 ЖАСҚА ЖЕТТІ

13.03.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОРТАША ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 74 ЖАСҚА ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы алқа мәжілісін өткізді. Жиында 2016-2019 жылғы «Денсаулық» бағдарламасының орындалу барысы айтылды. Баяндаманы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан ЫСҚАҚ жасады.

Облыста 804 медициналық мекеме бар. Оның 641-і мемлекеттік, ал жекеменшігі — 163. Медициналық мекемедегі барлық дәрігерлер саны 4780, орта буын мамандардың саны 14970. Әлі де маман жетіспейді. Эндокринолог, невропатолог, аллерголог, гинеколог, педиатр мамандары керек. Жиында маман тарту барысында жұмыстың жүріп жатқаны айтылды. Әлеуметтік жағдайы жасалса дәрігерлер жетіспеушілігінің орны толары сөзсіз.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,6 жастан 74,14 жасқа дейін ұлғайған. Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту барысында жан-жақты жұмыс істеліп жатқанын бас дәрігер деректерді келтіре мәлімдеді. Жергілікті бюджет есебінен соңғы кезде жаңадан заманауи материалдық техникалар сатып алынған. «Денсаулық» бағдарламасы аясында 138 бірлік медициналық автокөлік пайдалануға беріліпті. Үш компьютерлік томография, 2 рентген аппараты және инсульт орталығына арналған құрал-жабдық, шала туған нәрестелерді жетілдіретін СИПАП, сараптама жасауға арналған УЗИ аппараттары сатып алынған.

Соңғы жылдары мекемелерді заманауи аппаратпен қамтамасыз ету 72,5 пайызға орындалған. Бауыржан Ербозымұлы өз сөзінде жыл сайын медициналық мекемелердің рет-ретімен күрделі жөндеуден өткізіліп жатқанын, жарамсыздардың орнына жаңалары сатылып алынғанын айтты. Осы жылда 14 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға беріледі. Оның жетеуі – Жамбыл, Панфилов, Іле, Қарасай аудандары мен Талдықорған қаласында салынбақ.

 

Биыл ел бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өту үшін мекемелерге тұрғындарды тіркеу жұмыстары жүргізілгені белгілі. Жаңа жүйе бойынша халыққа түсіндіру шараларын жүргізетін ақпараттық орталық құрылып жатқанын Бауыржан Ербозымұлы өз баяндамасында айтты.

Баяндамашыдан кейін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов сөз алып, медицина саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Ол былтыр ана мен бала өлімдерінің орын алғандығына қынжылыс білдірді.

— Дәрігерлер жан-жақты көмек көрсеткенде бірнешеуін аман алып қалуға болатын еді. Ендігі жерде мамандар жауапкершілігін арттыру керек, – деді әкім орынбасары.

Ол «Жедел жәрдем» қызметіне тұрғындар тарапынан арыз-шағымның көп айтылатынын, КТ және МРТ аппараттары қызметін алу үшін ел-жұрт айлап кезек күтетінін ескертіп, басқарма жұмысына сын айтты. Алқа отырысында көптеген өзекті мәселелер сөз етілді. Ащы сын да айтылды. Шешу жолдары да ұсынылды. Шара соңында медицина жұмысын пысықтау тапсырылды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

12.03.2026
Жетісу кәсіпкерлері конституциялық реформаны қолдады

Жетісу кәсіпкерлері конституциялық реформаны қолдады

12.03.2026
Шамшырақ жағушылар жаңа Ата Заңды таразылады

Шамшырақ жағушылар жаңа Ата Заңды таразылады

12.03.2026
Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.