Талдықорған: +17°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТЫЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29 ақпан 2020
КҮНДЕРЕК
ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТЫЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Алғыс айту күніне орай Бастөбе ауылында үлкен мәдени шара өтті.

Сонау нәубет жылы өз ұясынан жат жерге жер аударылып, солақай саясаттың тауқыметін көрген қаншама ұлт өкілі бар?! Сондай қиын-қыстауды басынан өткізген отыздан аса ұлттың өкілі осы Қаратал ауданына орын тепкен еді. Солардың арасында корей ұлтының өкілдері Бастөбе ауылына орналасып, күн кешті. Адамның айдауымен келген ұлтқа қазақ халқы қайырымдылық танытып, бауырына басты. Қазір дәл сол аймаққа өздерінің ескерткішін орнатып, жыл сайын осы мерекеде бас қосып, қазақ халқына алғысын айтып, киелі орынға тағзым жасау дәстүрге айналған. Міне, биыл да сол мәдени шараның куәсі болдық.

Қасиетті мерекенің бірі саналатын мейрамға Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бұлдыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстағы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай қатысты. Ең бірінші ескерткішке гүл қойып, құрмет көрсетті. Одан кейін аудан әкімі Қайрат Бұлдыбаев сөз алып, бүгінгі мерекенің мән-жайына кеңінен тоқталды.

– Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні, — деген аудан әкімі осы айтулы күнмен барлық жұртшылықты құттықтап, алғысын білдірді.

Өз кезегінде Ғабит Тұрсынбай да құттықтау сөзін арнап, облыс бойынша атқарылып жатқан игілікті іске тоқталып, бұл мерекенің маңызы зор екенін жеткізді. Сонымен қатар, отыздан аса түрлі ұлт өкілдеріне пана болып отырған Қаратал ауданының басшылығы мен тұрғындарына алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Құттықтау сөзден кейін түрлі этномәдени орталық жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етті.

Корей этномәдени орталығы ақсақалдар алқасының төрағасы Виктор Пак сөз сөйлеп, ұлтының атынан қазақ халқына мың Алғыс деп, бас иіп құрмет көрсетті.

Салтанатты шараның соңы мәдени кешке ұласты. Ескерткіш басында мектеп оқушылары Алғыс айту күніне әдеби кеш арнап, соңынан аудандық Мәдениет үйінде өнер иелерінің концертімен жалғасын тапты.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.