Талдықорған: +17°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕЛІДЕ ҰТЫС ОЙНАТАТЫН ӘНШІЛЕР ЗАҢМЕН ҚУДАЛАНУЫ МҮМКІН

25.02.2020
КҮНДЕРЕК
ЖЕЛІДЕ ҰТЫС ОЙНАТАТЫН ӘНШІЛЕР ЗАҢМЕН ҚУДАЛАНУЫ МҮМКІН
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Instagram әлеуметтік желісі арқылы әртүрлі ұтыс ойындарын ойнату сәнге айналып бара жатқандай еді. Енді бұл мәселе заңмен қаралатынын естіген өнер жұлдыздары аңтарылып қалды. Олардың бірі автокөліктер мен ұялы телефондарды, бірі басқа да тұрмыстық заттарды ұтысқа қоюға әуес болғаны жасырын емес.

Лотереяның жарнамасын асыруда үнемі өнер адамдары мен блогерлер белсенділік танытып келді. Басты талаптары: лүпіл басу, «подписки» бөліміндегі барлық демеушілерге жазылу және билет сатып алу. Әрине, біреуінің бағы жанып, ұтысқа ие болады, ал қалғандарының ақшасы ұйымдастырушылардың қалтасына түседі. Осы ретте әлеуметтік желі арқылы ұтыс ойындарын ұйымдастыру заңды ма деген сұрақ туындайды.

Айта кетейік, қазір Парламентте «Лотереялар мен лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Яғни, Үкімет мұндай ұтыс ойындарына заңмен шектеу қоймақшы. Тиісті заң күшіне енсе, өз парақшасында лотерея өткізгісі келген адам жауапты органнан лицензия алуы қажет. Егер де жеке тұлға заңсыз ұтыс өткізетін болса, аталған заң жобасындағы өзгерістер аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Яғни, айыппұл төлейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мәжілістің жалпы отырысында былай деп мәлімдеді:

– Заң жобасы аясында лотерея өткізу үшін белгілі бір мөлшерде ақша жинаған адам лотерея операторы немесе лотерея таратушысы болып саналады. Бірыңғай лотерея операторынан лицензия алмай, осындай ұтыс ойынын өткізіп, пайда тапса, заң бұзған болып есептеледі. Бірінші рет заң бұзса, ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде екінші рет қайталаса, оған әкімшілік айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін – 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес бірлестіктер үшін – 700 АЕК, орта бизнес үшін –1000 АЕК, ірі бизнес үшін – 2000 АЕК. Міне, осындай жауапкершілік жүктегелі отырмыз.

Естеріңізде болсын, 2018 жылы Үкімет қаулысымен 15 жыл Қазақстан аумағында лотерея ойнату құқығы берілген жалғыз компания бар, ол – ұлттық оператор. Сол ғана лотерея ойната алады және лотерея ойнатуға рұқсат береді.

Айналып келгенде, қолданысқа енгізілгелі жатқан бұл заң халықтың қамы үшін жасалып отыр. Қандай да бір заң жобасын іске асыру тек бір адамның ғана қолында емес, тиісті органдардың сүзгісінен өтеді. Әрине, әлеуметтік желіде лотерея өткізу, лицензиясы бар компанияның қызметіне нұқсан келтіретіні түсінікті. Олар мемлекетке салық  төлемейді. Алайда бұл жеке адамдардың әлеуметтік желідегі құқығын шектеу емес пе?!

Осы мәселеге қатысты облыстық кәсіпкерлер палатасының  баспасөз хатшысы, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Данияр Жаныстың пікірінше, бұл – қарапайым халықтың қалтасына түсу.

— Әлеуметтік желі арқылы өткізілетін лотереяларға қатысқанмын, бірақ өзіме керек кітапты сатып алу мақсатында. Ал әншілердің ұтыс ойындарына қатысқан емеспін. Мәдениет министрлігі ұсынып жатқан заңға менің алып-қосарым жоқ. Егер билік басындағылар керек деп тапса, ол расымен де қажет шығар. Ал, өнер адамдарының Instagram парақшаларында лотерея ойнатуын дұрыс деп есептемеймін. Шынымен де, белгілі бір заң тетіктері болмаса, бұл ертең «хаусқа» айналып, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын таптауға дейін алып келуі мүмкін, — деді ол.

Ал «Экологиялық одақ» Байтақ Болашақ» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, белсенді желі қолданушысы Қайрат Нұрханов:

— Лотерея ұтыс ойындарын негізі мемлекет реттеп жатқандары дұрыс қадам. Өйткені, бұл лотерея ұтыстары қазіргі уақытта көрінген жеке және заңды тұлғалардың ойыны болып кетті. Олар, әйтеуір әртүрлі қитұрқы әдістермен қарапайым еңбекқор қазағымның  қалтасын қағуда. Дүниежүзі мемлекеттерінде бұл лотерея ойындары белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. Лицензия туралы Үкіметтің қадамы дұрыс шешім. Мемлекетте ол іс-әрекеттер міндетті реттеліп отырғаны ақиқат болуы керек. Негізі қазір елімізде кейбір әлеуметтік топтардың осы лотерея, ломбард жүйелеріне еріксізден, яғни, әлеуметтік-экономикалық жайттарының төмендігінен барып жатыр. Сондықтан, жалпы халқымызды алаяқтыққа жібермеу үшін жасалып жатқан қадам деп санаймын. Желіде ешқандай коммерциялық іс-әрекеттер баяндалмауы керек. Дұрысы сол. Тәртіпке бағынған ел алға басады. «Тәртіпке бағынған – құл болмас», – деп Бауыржан Момышұлы атамыз бекер айтпаған ғой, — деп пікір білдірді.

Егер осындай әлеуметтік желі арқылы өткізілетін байқауларға қатысқыңыз келсе, онда міндетті түрде байқаудың заңдылығын тексергеніңіз жөн. Шарттарымен мұқият танысып, ұтыс жайлы толық мағлұмат алғаныңыз абзал. Бірақ оңай олжаға кенелемін деп опық жеп қалмаңыз. Қазіргі заманда оп-оңай пайдаға кенелемін деу бос әурешілік екенін түсініңіз. Сондықтан, адал еңбекпен тапқан нан тәтті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Ақмарал МАМЕТ,

ЖМУ-дың ІІІ курс студенті

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.