Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ

22 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Ойшыл ақынды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені, ақынның мұрасы – халқымыздың рухани азығы.


 Абай өзінің қара сөздерінде адамзатқа ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек.

Осыған орай Талдықорған  қаласының №15 орта мектебінде  4-сынып оқушыларының арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс  ұйымдастырылды. Ол сайыстың өтудегі басты мақсаты – ұлы ақын шығармаларын талдай отырып, Абайды жан-жақты таныту және оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру болды.

Ұстаздар біздің оқыған өлеңімізді бейнежазбаға түсіріп, инстаграм желісіне жүктеді. Оқырмандар лүпіл басып, қолдау көрсетті. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, 4-сыныптың ұстаздары  Шырақгүл Тілебалдықызы, Ардақ Жастайқызы, Райхан Майданқызы, Балжан Қалқаманқызы, Аягөз Халамхан, Дильфуза    Охапқызы да өз үлестерін қосты. Әрқайсысы өз шәкірттерін сұңқарды баптағандай баптап, осы додаға дайындады. Әрине, біз әрқашанда ұстаздардың еңбегіне бас иеміз. Осы сайыста 4 «а» сынып оқушысы Айзере Дәулен 1-орынды,    2-орынды мен иелендім,  4 «г» сынып оқушысы Баян Бақытбек 3-орынды иеленді. 

Ұстазым  Шырақгүл Кебекбаева мені дайындап, жарыста Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін  мәнерлеп  оқып, 2-орынға  ие болдым. 

Сайыс қорытындысы негізінде мектеп  директорының  бастауыш  сыныптар бойынша  оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Нұрсалимова бізді жүлделі орындарымызбен құттықтап, әрқайсымызға Құттықтау грамоталарын және Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» атты кітабын тарту етті, ал ұстаздарды Алғыс хатпен марапаттады.                                                                                                                                          

Сөзімді қорыта келгенде, өзім сияқты жас оқырмандарға: «Асыл сөзді іздесең, Абайды  оқы, ерінбе», – дегім келеді. 

        Ақерке МҰРАТҚЫЗЫ,
№15 орта мектебінің оқушысы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.