Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЛЫПҚА ТҮСІП КЕЛЕДІ

21 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚАЛЫПҚА ТҮСІП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамда ауызбірлік пен ынтымақтың салмағы ауыр, десі басым. Әлдебір кикілжіңнен соң өмірдің қысқалығын, тіршіліктің тұрлаусыздығын ойлаған пенде шіркін өзара ынтымақтасуға, келісуге ұмтылып, бейбіт өмірге бет бұрады. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан үрдіс, тіні бұзылмаған тәртіп.


Елімізді алаңдатқан биылғы ақпан айы көпшіліктің есінде Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масаншы ауылында болған жаппай төбелеспен қалды. Сол қақтығыстың салдарынан оннан астам адам қаза тауып, көптеген адамның түрлі жарақат алғаны оңайлықпен ұмытыла қоймас. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына: «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», – деп жазып, оқиғаның себеп-салдары анықталып, айыптылардың жазаға тартылатынын жеткізді. 

Мәселеге орай жедел құрылған Үкіметтік комиссия өңірдегі жағдайды анықтап қайтты. Жергілікті атқамінерлердің жұмысындағы кемшіліктің салдарынан туындаған мәселеге орай облыс әкімі мен облыстық полиция департаментінің басшысын орнынан алған Президент  бұл лауазымдарға мәселенің байыбына баратын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мемлекетшіл азаматтарды тағайындады.

Қазір қақтығыстан зардап шеккендердің шығыны анықталып, өндіріп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді. Ғасырлар бойы өзара туыстасып, құда-жегжатқа айналған жергілікті халық ортақ келісімге келіп, ынтымақтың туын биік көтеруге күш салып жатыр. 

Айтатын айдарлы сөзді еншілеген батыр бабаларымыздан «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Шалқайғанға шалқай,  пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған  құл емес» деген тәмсілдер қалған. Осынау мақал-мәтелдердің сырын бүгін ұғынып жатырмыз. «Кең болсаң – кем болмайсың» деген ақылды берік ұстанған халқымыз талай жұрттың баласын бауырына басып, олармен бір үйдің баласындай тату-тәтті тірлік кешіп келгені анық. Бұл ынтымақтың бұзылуына болашақта жол беруге болмайды.

Ендеше, еліміздің тыныш, мемлекетіміздің аман, іргеміздің берік, шаңырағымыздың биік болуы жолында ынтымақты берік ұстанайық!

Мәди ӘСЕТҰЛЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.