Талдықорған: +14°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«БІРТІНДЕП САРҚЫЛУДА»: ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ КЕН ОРЫНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

20.02.2020
ЭКОНОМИКА
"БІРТІНДЕП САРҚЫЛУДА": ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ КЕН ОРЫНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Онда 2021–2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы, электрондық сауданы дамыту мәселелері және басым емес бюджет шығыстарын қысқарту шаралары қаралды.

Бірінші мәселе бойынша тұжырымдаманы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды. Әзірленіп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін қамтамасыз етуге, минералдық-шикізат базасын толықтыруға, жер қойнауын геологиялық зерттеуді ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз етуге, автоматтандыру мен цифрландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және геологиялық саланы кадрлық қамтамасыз етуге, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 200 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлу, сондай-ақ, шамамен 800 млрд.теңге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.

— Мұнай-газ және тау-кен металлургия секторларын тұрақты шикізат базасымен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі бар кен орындары біртіндеп сарқылуда. Бүгінде Қазақстан аумағының зерттелу деңгейі 25 пайыздан сәл асып отыр, — деді Асқар Ұзақбайұлы.

Үкімет басшысы, сонымен қатар, кен орындарын ашқан кезде жаңа өндірістік кешендер құрылып, бұл 6 трлн.теңгеге дейін инвестиция тартуға және қосымша 20 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Соңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне осы жылдың 31 мамырына дейін мемлекеттік бағдарламаның жобасын Үкіметке енгізу тапсырылды.

Электрондық сауданы дамыту бағытында жүріп жатқан жұмыстар жөнінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады. Белгілі болғандай, Қазақстанның электрондық сауда нарығы былтыр 1,8 есеге артып, 700 млрд.теңгеден асқан. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауда үлесі алдыңғы жылғы 2,9 пайыздан былтыр 3,7 пайызға өскен. Былтыр Қазақстанда 3,2 млн.белсенді онлайн-сатып алушы тіркелген. Елде 2 мыңнан аса интернет-дүкен жұмыс істейді. Оның ішінде табыс салығын төлеуден босату түрінде салық жеңілдіктерін алу үшін барлығы 579 интернет-дүкен тіркелген. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге артып, шамамен 14,4 трлн.теңгені құраған.

Өсім сауда POS-терминалдары инфрақұрылымының дамуымен, Қазақстан нарығына Apple Pay және Samsung Pay-дың шығуымен, банктердің бонустар мен кэшбектер арқылы клиенттерді ынталандыруымен, сондай-ақ, қоғамдық көліктің барлық түрінде қолма-қол ақшасыз төлемді белсенді пайдаланумен байланысты болған. Электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Үкімет басшысы бір апта мерзім ішінде өткен жылы қабылданған Электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын жандандыруды тапсырды.

Үшінші мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан 23 млрд. теңге, өңірлерден 26,6 млрд. теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд. теңге.

Асқар Ұзақбайұлы: «Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет», – деді.

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.