Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ

15 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ай – ортақ, күн – ортақ, жақсы – ортақ» дейді дана халқымыз кеңпейілділігін кескіндеп. Бұл дала ділмарларының замана көшіне ілескен мәйекті мәтелі. Біз бүгін осы қатарға хакім Абайды да қосқымыз келіп отыр. Адамзаттың өмір ережесін тәспірлеп кеткен ойшылдың әр нақылы өміршең. Содан да болар, Еуропа мен Азияның әлі күнге таңдай қағатыны. Ал біз мұны әртүрлі этнос өкілдерінің арасында өткен облыстық «Ортақ Абай» байқауынан байқадық.


Даналыққа барар жол Абайда. Келісіңіз, келіспеңіз, ақиқаты осы. Оны әрбір жан иесі іштей бағамдап, сырттай салмақтайды. Сондықтан сан түрлі ұлтты бауырына басқан дарқан еліміз Абайын қашанда үлгі тұтады. Жанына шуақ, рухына қуат берер дәруменді де сол дана жырларынан табатыны жасырын емес. Бұл пафоссыз байлам. Оған дәлел осы жыр додасы. Неге десеңіз, орыс, украин, ұйғыр, неміс балалары ойшылдың өлеңдерін жатқа оқып, жыр аламанына түсті. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мұрындық болған шараға 17 аудан мен 3 қаладан 31 үміткер қатысқан. Қазақтың ұлттық киімін киген мектеп оқушылары хакімнің қара сөзі мен қазыналы өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. 

Шараның ашылуында сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысушыларға жүрек лебізін жеткізді.

– Шыны керек, мен қатты толқып тұрмын. Балалардың қазақ тілінде Абай атамыздың жырларын мүдірмей оқуы көңіл толқытады. Жетісу төрінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл байқаудың да мақсаты осы еді. Кешелі-бері бақ сынаған жастардың ұмтылысы әділ-қазыларды да таңдай қақтырды. Білесіздер, хакімнің туындыларын жаттау оңай емес. Сондықтан мен әрбір қатысушыны жеңімпаз деп санаймын, – деді Жанболат Әкебайұлы.

Одан кейін қазылар алқасының төрағасы, Қазақ радиосының ардагері Аманжан Еңсебайұлы мен абайтанушы Сайлау Қожағұлов сахна төріне шығып, ойшыл жайлы өз ойларын ортаға салды. Бірі оның мұрасының құйма алтыннан да қымбат екенін айтса, бірі әлі де Абайды толық түсінбегенімізді жеткізді.

Екі күнге созылған додада үшінші орынды талдықорғандық Маргарита Нагаева еншілесе, екінші сатыдан Іле ауданынан Анжела Крылова көрінді. Ал бірінші тұғырға ескелділік Екатерина Подгорнова шықты. Осы сайыстың бас бәйгесін Ұйғыр ауданынан келген Зульфира Маисмелиева иеленді. 10-шы сынып оқушысы Абай Құнанбайұлының 40-тан астам өлеңі мен оншақты қара сөзін жатқа білетінін мақтан етеді.

– Біз бұл байқауға ұзақ дайындалдық. Әрі менің қазақ тілін жетік білетіндігім көп көмектесті. Бір өлеңді бір күнде жаттап отырдым. Сайыстың уақыты жақындағанда іштей қайталап, айна алдында өнер көрсетумен болдым. Әрі Абайдың өлеңдерінен өміріме үлкен өнеге, бойыма рухани азық алғанымды жасырмаймын. Бұл менің ең үлкен жеңісім, – дейді жарыс жеңімпазы бізге берген сұхбатында.

Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етілді.

     Қабыл ИСА
 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.