Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

14 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен актив жиыны өтіп, жаңа басшылар таныстырылды. Белгілі болғандай, облыстық полиция департаментінің басшысы болып полиция генерал-майоры Серік Күдебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы болып Ернар Мақажанов тағайындалды.


Амандық Ғаббасұлы алдымен жаңа басшылардың еңбек жолдарына тоқталды. Облыс әкімі қызметін Жамбыл ауданынан бастаған Серік Күдебаевтың Жамбыл облысы мен Алматы қаласында абыройлы қызметтер атқарғанын, Алматы облыстық полиция департаментін бұған дейін де басқарған тәжірибелі де білікті маман екенін тілге тиек етті. Ернар Мақажановтың да өмірбаяны мен қызметтік баспалдақтарына қысқаша шолу жасап, алдағы жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі. 

Сонымен бірге олардың ендігі білім-біліктіліктері мен күш-жігерлерінің елге адал қызмет етіп, ел  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бағытында бірлесе жұмыс істеуге арналатындығына сенім білдірілді. Осылайша облыс әкімі тарапынан жауапты міндеттер жүктеліп, үлкен үміт артылды. Бұдан соң облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымхановтың аймақтың ішкі істер саласына сіңірген еңбектері айтылып, білікті де тәжірибелі басшы ретінде атқарған істеріне ризашылық танытылды. 

Мұрат Жәлелұлының басқаруы кезінде аймақта тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттерін салу, «Көршілер бақылауы», «Нөлдік төзімділік» сияқты жобаларды жүзеге асыру, басқа да шаралар қолға алынды. Саланың материалдық-техникалық базасы да жақсарды. 

Жиын барысында, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Данияр Тұрғанбаевтың да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары сөз болды. 

– Бәріміздің басты міндетіміз – Елбасының, ел Президентінің тапсырмаларын орындау, халықтың игілігіне қызмет ету. Ортамыздан шығарып салып отырған азаматтарға ақ жол тілеймін! Ал жаңадан тағайындалған басшылармен бірлесіп, нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді Амандық Ғаббасұлы. 

Өз кезегінде сөз сөйлеп, ойларымен бөліскен Данияр Мақанұлы мен Мұрат Жәлелұлы аймақ басшысына өздерінің ізгі ниеттерін жеткізе отырып, біраз жылдан бері қызметтес болып, қолдау көрсеткен әріптестеріне алғыстарын жеткізді. Облыс басшысы оларға естелік  сыйлықтар табыс етті.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.