Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

10 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржылай қолдау шаралары жайында сөз қозғаймыз. Алдымен бүгінге дейін іске асырылып келген «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының берген шарапатына тоқталайық. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында жұмыс істеп келген аталмыш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі аяқталғанын да айта кетейік.


Осы уақытқа дейін облыста аталған бағдарлама шеңберінде жалпы құны шамамен 203 млрд. теңгеге тоғыз жүзден аса түрлі жоба субсидияланды. Сонымен бірге аталған бағдарлама аясында 4,7 млрд. теңгеге кепілдіктер беріліп, жалпы несие сомасы 12 млрд. теңгеге үш жүзден аса кепілдік беру шарттары жасалды. 

Несие сомасы бойынша, жобалар саны жағынан өңдеу өнеркәсібі, сау-да, көлік және қоймалау, ауылшар-уашылығы ең танымал салалардың бірі. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдары жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағытында аталмыш бағдарлама өзінің пәрменді әрі тиімді тетіктерін көрсете білді. Аймақта бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлер 2010 – 2018 жылдары 1 367 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 93,2 млрд. теңгеге салық төледі.  

Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама бойынша қолдауға ие болған кәсіпкерлердің арқасында 5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 19,3 мың жұмыс орны сақталды. Жүзеге асырылған мұндай жұмыстар енді 2025 жылға дейін жаңа бағдарлама аясында жалғасатын болады. Сондай-ақ, оған ілеспе субсидиялау мен кепілдіктер және гранттар беру қағидалары қарастырылған. 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарлама аясында кеңейтілген «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қосымша тетіктер пайдаланылатын болады. Олар кепілдендіру бойынша жас кәсіпкерлерге несиелер мөлшері 20 млн. теңгеден 60 млн. теңгеге дейін ұлғайып, кепілдік беру мөлшері 85 пайыз деңгейінде қалды.

Келесі бағдарлама бөлігі кеңейтіледі. Айналым қаражатын толықтыруға несие мөлшері (субсидиялау және кепілдендіру) 60 млн. теңгеден 360 млн. теңгеге дейін (бірінші бағыты аясында 60 млн. теңгеден 180 млн. теңгеге, екінші бағыты шеңберінде 60 млн. теңгеден 360 млн. теңгеге дейін) ұлғаяды. Жаңа бағдарламаға енгізілген кепілдендіру аясындағы тағы бір тетік, қайта қаржыландырыла отырып, несие беру мақсаттары кеңейтіледі, сондай-ақ, франшизаға да мүмкіндіктер бар. Франшиза ашқысы келген кәсіпкерлер бизнес жүргізу үшін осы құралдарды пайдалана алады. Бұл бизнес бастағысы келген немесе жұмыс істеп тұрған кәсіптің жаңа бағытын дамытуды көздейтін кәсіпкерлерге қазақстандық және шетелдік франчайзингті пайдалана отырып, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруге қадам жасайды. Бүгінгі таңда бизнес-қоғамдастық тарапынан жалпы құны 2,5 млрд. теңгеге 17 жоба «Даму» қорына берілсе, несие сомасы 2,1 млрд. теңгелік осыншама жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.