Талдықорған: +40°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

10.02.2020
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев 15 қаңтардан бастап өңірдегі барлық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстарды баяндап, үстіміздегі жылы атқарылатын істерді ел-жұртқа жеткізді. Бұл жиындарда жергілікті тұрғындар  өтініш, тілектерін айтып, орын алған келеңсіздіктерді әкім назарына ұсынды. 


Жаркент қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімінің қорытынды есепті жиыны өтіп, оған өңірдегі кәсіпорындар мен мекеме, қоғамдық ұйым, құқық қорғау саласының өкілдері шақырылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қатысты. 

Аудан әкімінің айтуынша,  бюджетке түсетін салық пен басқа да міндетті төлемдер бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көбейген.  Әсіресе,  ауылшаруашылық өндірісінің жетістіктері көңіл қуантады. Өткен жылы ауылшаруашылық өндірісінде жалпы өндірілген өнімнің құны еселеніп, мал саны өсіп, олардан алынатын өнім де арта түсті. Қоңырөлең ауылында екі қожалық 191 бас асыл тұқымды ет бағытындағы «Қалмақ» сиырын сатып алыпты. Олар алдағы уақытта мал бордақылаумен қатар мал өнімдерін өңдеумен шұғылданбақ. Көктал ауылында «Көктал Агро» серіктестігі 1150 сиырға арналған ТСФ құруды жоспарлап отыр, инвестиция көлемі 2,6 миллиард теңгені құрайды.

Өңірде өнеркәсіп өндірісін өркендететін жемісті істер де көп. Былтыр  «Береке Жаркент» ЖШС бетон шығаратын зауытты іске қосып, 50 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Шегаралы аймақта өндірген өнімін экспортқа шығаруды ойластырып жатқан басқа да қуатты кәсіпорындар құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы аудан экономикасына салынатын инвестиция көлемін 45 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде.

Құрылыс саласындағы табыстар да ел назарында. Былтыр сала бойынша 12,6 млрд. теңгенің жұмысы атқарылып, негізгі капиталға салынған инвестиция 23,8 миллиард теңгені құрады. Есепті мерзімде 24,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өткен жылы кезек күткен біраз отбасы баспаналы болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпбалалы 16 отбасына жалдамалы тұрғын үй сатып алып беру үшін бюджеттен 154,5 миллион теңге жұмсалды. Мұның сыртында, демеушілердің көмегімен көпбалалы және аз қамтылған 14 отбасы баспаналы болды.  Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы 48 отбасы тұрғын үймен қамтылмақ.

Аудан басшысының айтуынша, өңірдегі әлеуметтік мәселелерге де ден қойылған. Былтыр ауданда 2379 жаңа жұмыс орны ашылып,  нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша 219 адам 772,6 миллион теңге несие алыпты. 

Биылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек көрсету шарттарының өзгергені белгілі. Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасыларға табыстарына қарамастан ай сайын төленетін жәрдемақы республика бойынша бірыңғай тәртіпке сәйкес бекітілді. Панфилов ауданында осы санатқа жататын 3186 отбасындағы 13926 балаға қаңтар айында 147,3 млн. теңге төленіпті. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың да мәселесі шешілген.

Аудандағы білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жаңалықты атап өткен өңір басшысы биылғы жылы орын алатын оң өзгерістерді де айтып өтті. Ағымдағы жылы бірнеше орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ жасауға қаржы қарастырылған. Ал Кішішыған және Алмалы ауылын ауызсумен жабдықтау жүйесінің құрылысын толық аяқтау көзделіп отыр.  Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары мен көпбалалы отбасылары үшін Нұркент ауылында екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы қолға алынып, аудан орталығының көшелерін және Диқанқайрат ауылына кіреберіс жолды жөндеуге де қомақты қаржы қарастырылыпты.

Әкім баяндамасынан кейін «Құралай» ЖШҚ жетекшісі Әзікен Кәріпжанов, Жаркент қаласының тұрғындары Құрбанбүбі Ашимова, Галина Молчанова, Шәріп Рахмадинов, Пенжім ауылының  тұрғыны  Бекен  Молдахметов, «Қазсушаруашылығы аудандық кәсіпорнының басшысы Тоқтарбай Керімқұлов, Көктал ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы Сайлау Солтанбеков, тағы басқалар жарыссөзге шығып, жаңа даму кезеңіне бет алған ел тіршілігінің өркенді өзгерістерін нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Сонымен бірге, аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген бағасын берді.  Сол қатарда аудан тұрғындары үшін шешімін күткен маңызды мәселелер жайындағы ұсыныстар да айтылды. Ұсыныстарға нақты жауап берген аудан әкімі жиыннан кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026
Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.