Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ФУТБОЛДЫҢ ҮШІНШІ ҚАҚПАСЫ: ҚАРА ҚҰРЛЫҚҚА ҚАМҚОР АЗАМАТ

08.02.2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
ФУТБОЛДЫҢ ҮШІНШІ ҚАҚПАСЫ: ҚАРА ҚҰРЛЫҚҚА ҚАМҚОР АЗАМАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Жасыл алаңда қақпаға гол соғып, спортта өз атын алтын әріппен жазып қана қоймай, талай жанның өмірге құштарлығын оятып, жүректеріне жылу сыйлап жүрген спортшылар жетерлік. Сондай жанның бірі – үшінші қақпаның үздігі, әлем футболының жарық жұлдызы Дидье Ив Дрогба Тебили.

СҰРМЕРГЕН

Дидье Дрогба шебер футболшы ғана емес, елім деп еміренген нағыз нар тұлғалы, мәрт жігіт. Оның біз білмейтін қыры қаншама? Көптеген жұлдызды спортшылардың өмір тауқыметін тартып, жоқшылықта қиналып жүріп еңбектенгеннің арқасында атақ, даңққа жеткенін естіп жатамыз. Дидье де осындай өмірді бастан кешті.

Ол 1978 жылдың 11 наурызында Африка құрлығында орналасқан Кот-д Ивуар елінің Абиджан қаласында дүниеге келген. Отбасында жеті ағайынды. Дрогба – үйінің тұңғышы. Футболшы туған жылдары елінің әлеуметтік жағдайы нашар болды. Жоқшылық жайлаған кезең еді. Дидьенің ата-анасы банкте жұмыс істесе де тапқан-таянғандары отбасына әзер жететін. Сондықтан болар, жасыл алаңның жұлдызы 5 жасынан бастап Францияда Мишель Гоба атты футболшы ағасының үйінде тұрды. Сонда оқыды, тәлім алды.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Ала допты ұршықша иірген Мишельдің ойынын көріп өскен бала ағасы сияқты футболшы болуға бекінеді. Алғаш «Левалуа» атты жасөспірімдердің командасына қабылданады. Бір жылдан соң шабуылшы екінші лигада өнер көрсетіп жүрген «Ле-Ман» командасында өнер көрсетеді.

Бірақ жарақаттан көз ашпаған Дидье алаңға көп шықпай қалады. Кейін Африканың алтын ұлы «Генгам» командасына ауысып, 45 ойында 20 доп соғады. Ойыны қожырап, сүйретіліп жүрген «Генгамды» тірілтіп, тұмсығынан сүйреп талай бәсекелерде жеңіске жеткізеді. Алаңдағы асқан тактикасымен көрерменді таңдай қақтырған сұрмерген осыдан кейін «Марсель» командасына шақырту алады. «Оңтүстіктегілердің» сапында да ерекше ойынымен көзге түсіп, 55 ойында өз еншісіне 31 доп жазады. Жасындай жарқылдаған спортшыға кәрі құрлықтың атақты клубтарынан ұсыныстар қарша борайды. Сөйтіп 2004 жылы «Челси» командасына ауысады.

Арқаның ақ қайыңындай сұңғақ бойлы, қара нар қас шеберлігінің арқасында лондондықтардың нағыз көшбасшысы болады. Әр ойын сайын гол соғып, сұрмергендер қатарынан табылады. Ала допты аяғында ойнатқан Дидье ағылшын премьер-лигасында 100 гол соққан алғашқы қара құрлық футболшысы болып танылды. «Көктердің» құрамында жүріп чемпиондар лигасында топ жарды және ағылшын премьер-лигасының төрт дүркін жеңімпазы атанды. 2005, 2006, 2007 жылы Африканың үздік ойыншысы атанады.

МӘРТ ДИДЬЕ

2012 жылы Дидье Дрогба Англияның «Чел­­сиінен» Қытайдың «Шанхай Шэньхуа» атты футбол командасына ауысты. Дрогбаның алаңдағы алапат айқаста есе жібермей қыруар шаруа тындыратын жоғары деңгейдегі ойынымен  Еуропадағы кез келген белді клубтардың қатарын толықтыруға мүмкіндігі болды. Десе де, елі үшін туған ер мансап емес, экономикасы құлдыраған туған жерін ойлап Қытайға аяқ басады. Оларға: «Мен сіздердің клубта бір жыл ойнап, жергілікті футболшылардың тәжірибесін жетілдіруге күш салайын, сіздер менің туған еліме инвестиция құйыңыздар», – деп шарт қояды.

Сөйтіп, туған жерінің өркендеуіне жәрдемдеседі. Артынан осындай шартпен Түркияның «Галатасарай» клубында да ойнайды. Жігерлі қимылымен халықтың назарына іліккен ойыншы «Монреаль Импакт», «Финикс Райзинг» командаларында өнер көрсетіп, үлкен спортпен қош айтысады.

Ерен қажыр қайратты, адамгершілік асыл қасиеті мол, мәрт жігіт елінің дамуына сүбелі үлес қосты. Кот-д-Ивуар елінің дамуына инвестиция құйды. Елдегі алтын кен орындарының біріне қаржы құйып, үлесін сатып алған. Сол арқылы ел экономикасын көтеріп, аталмыш кен орнын жабылып қалудан сақтаған. 2007 жылы ол БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасы бойынша ерікті елшісі атанды.

Сол жылы өзінің тікелей бастамасымен «Дидье Дрогба қоры» құрылды. Сондай-ақ, Дрогба Африкадағы кедейлерге қаржы жинау мақсатында көптеген қайырымдылық шарасын жүргізіп тұрады. Өзі туып-өскен Абиджан қаласына медициналық орталық салуға 3 миллион фунт стерлинг бөлді. Жомарт Дидье әрдайым еліндегі жағдайы төмен отбасыларға көмек беріп келеді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

Көктемгі жеңілдік: Жетісуда «Наурыз FEST» акциясы өтуде

15.03.2026
Референдум күніндегі мерейтой иелері

Референдум күніндегі мерейтой иелері

15.03.2026
Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

Ауыл еңбеккерлері азаматтық ұстанымдарын білдірді

15.03.2026
Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

Еңбек ардагері ел ертеңі үшін таңдау жасады

15.03.2026
Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

Азия ойындарының чемпионы саяси науқанға қатысты

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.