Талдықорған: -0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«СЕНЕ АЛМАЙ ТҰРМЫЗ»: ӘКІМ ҚОЛЫНАН ПӘТЕР АЛҒАНДАР ҚУАНЫШЫМЕН БӨЛІСТІ

30 қаңтар 2020
ӘЛЕУМЕТ
"СЕНЕ АЛМАЙ ТҰРМЫЗ": ӘКІМ ҚОЛЫНАН ПӘТЕР АЛҒАНДАР ҚУАНЫШЫМЕН БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Балпық би кентінің «Береке» шағынауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін қуаныш иелеріне аудан әкімі Алмас Әділ табыс етті.

Салтанатты шараға арнайы келіп, аудан тұрғындарының қуанышымен бөліскен Алмас Қабдолұлы жаңа пәтер иелерін құттықтады.

– Халыққа барынша жағдай жасап, баспана мәселесінің оңтайлы шешілуін қадағалау — біздің басты міндетіміз. Осыған байланысты Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Өткен айда 50 пәтердің кілті тапсырылса, бүгінде ауданымыздың 20 тұрғыны өз баспанасына ие болды. Жаңа пәтер жарықпен, сумен, жылумен қамтамасыз етілген. Халықтың баспаналы болуы бәріміздің жетістігіміз. Мемлекет қамқорлығын сезініп, пәтерге ие болған баршаңызды қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыздан шаттық, береке кетпесін, – деді ол.

– «Нұрлы жер» бағдарламасының нәтижесінде пәтер алатынымызды білгенде бала-шағамызбен қатты қуандық. Өйткені, біз пәтер тауқыметін бес жыл тарттық. Әркімнің босағасын жағалап, талай табалдырықты тоздырдық. «Жыртық үйдің Құдайы бар» демекші, балаларымның несібесіне берілген жеке баспанамыздың барына әлі де сене алмай тұрмыз. Көпбалалы аналарға осындай мүмкіндік берген ел ағаларына алғыс айтамын, – деді алты баланың анасы Гүлнар Хасенова.

Мүгедектігі бойынша екі бөлмелі пәтер алған аудандық ветеринария бөлімінің қызметкері Ұлпан Биадилова жарық, жылы әрі кең баспанада отбасымен бірге өмір сүретіндігін айтып, Президентке, аудан басшылығына аналық жүрегімен ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, 20 пәтерді көпбалалы, зейнеткер, жалғызбасты аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек бала асыраушы отбасы, «Ардақты ана» жеңімпаздары, «Алтын алқа» иегерлері және І, ІІ топ мүгедектері иеленді.

Аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халеловтың айтуынша, «Көксу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы өткен жылы екінші деңгейдегі 41 тұрғын үйді сатып алған. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасыларға ауданның жомарт азаматтары 7 баспана сыйға тартқан. Алдағы уақытта 20, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталмақ. Аудан бойынша 874 азамат баспана алуға тіркелген.  

Еңлік КЕНЕБАЙ

Көксу адуаны

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.