Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«ҚАЛАЙ ЖҰҒАТЫНЫ ЗЕРТТЕЛМЕДІ»: ҚЫТАЙДАҒЫ ЭПИДЕМИЯ ЖЫЛДАМ ТАРАП ЖАТЫР

22.01.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
"ҚАЛАЙ ЖҰҒАТЫНЫ ЗЕРТТЕЛМЕДІ": ҚЫТАЙДАҒЫ ЭПИДЕМИЯ ЖЫЛДАМ ТАРАП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайда көпшілікті алаңдатып отырған коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны расталды. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік кеңесі баспасөз кеңсесінің брифингінде мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау мәселелері комитеті директорының орынбасары Ли Бин мәлім етті.

«Қазақпарат» тілшісінің мәлімдеуінше, науқастармен байланыста болған 2197 адам оқшауландырылды. Олардың басым бөлігі ауруханадан шығарылды, дегенмен, 1394 адам карантинде.

— 21 қаңтар күні сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, 13 провинцияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 440 адамның тіркелгені және 9 адамның қайтыс болғаны туралы деректер алынды, — деп мәлімдеді Ли Бин.

Баспасөз мәслихатында атап өтілгендей, зерттеу нәтижесі ауру жұқтырғандардың көпшілігі Ухан қаласымен байланысты екенін көрсеткен.

— Вирус қалай пайда болғаны анықталған жоқ. Оның қалай жұғатыны да толықтай зерттелмеді. Вирустың мутацияланып, эпидемияның әрі қарай таралу қаупі бар, — деді Ли Бин.

Осыған байланысты Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты шұғыл жиналыс өткізбекші. Айта кетейік, 15 қаңтарда коронавирусты жұқтырғандар саны 41 адам болатын, көз жұмғандар екі адам еді. Ал 19 қаңтарда ауруға шалдыққандар саны 200-ге жуықтады, үш адам қайтыс болды. 20 қаңтарда 300-ге жуық адам есепке алынды. «20 қаңтар, сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, коронавирустың жаңа үлгісіне шалдыққандар саны 291-ге жетті (270 – Уханда, 5-уі – Бейжіңде, 14-і – Гуандунь провинциясында (Оңтүстік Қытай), екеуі – Шанхайда). Қытайдың 14 провинциясында ауру жұқтыруы мүмкін 54 адам бар», — делінген болатын Қытай ұлттық денсаулық сақтау ісі жөніндегі комиссия мәліметінде.

Пневмонияның өршуіне байланысты Қазақстанның Қытаймен шекараларында, әуежайларда бақылау күшейтілді.

Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирустық инфекция пайда болып, таралып жатқаны туралы Қазақстанның ресми өкілдері де мәлімдеме жасады. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин:

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпараты бойынша, жаңа коронавирустық инфекцияның 41 жағдайы тіркелген. Оның ішінде, 7 адам ауыр жағдайда болып, 2-уі қайтыс болған. Біздің ұлттық үйлестірушілер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланыс жасап отыр. Ухань қаласының муниципалдық басқарма сайтында жаңа коронавирусты инфекцияның 198 жағдайы тіркелгені, оның ішінде, 25 науқас емделіп, 3-еуі қайтыс болғаны туралы жазылған, — деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол Таиланд, Жапония, Қытайдың Хубэй провинциясында осындай жағдай біреуден тіркелгенін айтты.

— Гонконгта да жаңа коронавирусқа күдікті алты жағдай тіркелді, бірақ расталған жоқ. Біз бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп жатырмыз. Шекарадан өту орындарында бақылауды күшейттік. Халықаралық әуежайларда қашықтық термометрия жасап жатырмыз. Қазіргі таңда 13 мыңнан астам жолаушы қашықтық термометриядан өтті. Оның ішінде экипаж мүшелері де бар, — дейді ол.

Айта кетейік, Қытайдың бес қаласына Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан тікелей рейстер бар. «Алматыға арнайы теміржолмен келетін жолаушылар да бақылауға алынды. Бортсеріктермен, жолсеріктермен жұмыс істеп, тренинг өткізіп жатырмыз. Себебі, қандай да бір жағдай болса, бізге хабарлайтын солар», — деді Жандарбек Бекшин.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

12.03.2026
Жетісу кәсіпкерлері конституциялық реформаны қолдады

Жетісу кәсіпкерлері конституциялық реформаны қолдады

12.03.2026
Шамшырақ жағушылар жаңа Ата Заңды таразылады

Шамшырақ жағушылар жаңа Ата Заңды таразылады

12.03.2026
Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.