Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ІРГЕЛІ ІС БАСТАУЫ

21 қаңтар 2020
КҮЛТӨБЕ
ІРГЕЛІ ІС БАСТАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы тамырлы тарихтың көмескі бедерін қайта қалпына келтіріп, асылымызды аршуға, қазынамыздың қамбасын бай етуге негіз болса игі. Аталмыш бағдарламалар жарық көрген уақыттан бастап ілкімді жоспарлар жасалып, келелі істер өріс алуда. Алайда кейбір қалыпты шараларды да осы бағытқа бұрып, бағдарламаны насихаттауға күш салудамыз деу – кемшілік.


Облыс орталығын­дағы «Рухани жаңғыру» орталығында өт­кен отырыста І. Жан­­­­­­­­­­сүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев осылай деп мәлімдеді. 

Өңірлік сараптамалық кеңестің кезекті отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының өткен жы­лы орындалу барысы ту­ра­лы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев есеп берді. Ол Жастар жылына орай 20 жас ақын-жазушының кітабы жарық көргенін, сол секілді көптеген жұмыстың атқарылғанын егжей-тегжейлі баяндай келе  биыл әл-Фарабидің 1150, Жүсіп Баласағұнның 1000, Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау жоспарда екенін жеткізді. Өз кезегінде «Жетісу» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін сөз алып, Фарабидің асыл нәсілі қазақ екенін дәлелдеп, қазақ руханияты үшін өлмес мұра қалдырған классик жазушы Әнуар Әлімжановтың 90 жылдық мерейтойын сол бабалар тойының санатына қосу керектігін атап өтті. 

Келесі кезекте облыс­тық білім басқармасының бас маманы Руслан Арысланов өт­кен жылдың есебін баяндап, алға қойған мақсат-міндеттерді атап өтті. Орайы келгенде Назгүл Байғабатова, Айна Рахимова, Ғалиасқар Сарыбаев сынды сараптамалық кеңес мүшелері білім басқармасының тұлғаларды дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттап, Абай, Махамбет оқулары сынды рухани шараларды ұйымдастыруға онсыз да міндетті екенін, сондықтан ондай игі дүниелерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасына таңбай, өзге тың дүниелерге ұйытқы болуына баса мән берсе екен деген ұсыныс білдірді. 

Облыстық туризм басқармасының бас ма­­­маны Азат Мұхамедкәрімов, облыстық тіл­дерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев биыл атқарылуға тиісті жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде сараптамалық кеңес мүшелері тіл басқармасының өткен жылғы жұмыстары көпшілік көңілінен шыққанын жеткізіп, биыл да үлкен сеніммен бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізсе, туризм басқармасы кейбір жос­­­­парды қайта қарап, пысықтай түссе деген ұсыныстарын білдірді.

Отырыс соңында сараптамалық кеңес мү­шелері жылдық жоспарды тез арада бекіту керектігіне тоқталып, жылды абыроймен өткізуге күш салайық деген ақжарма тілекпен тарқасты.

АРДА БИ
 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.