Талдықорған: +33°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРДАГЕР СПОРТШЫҒА АРНАЛДЫ

21.01.2020
КҮЛТӨБЕ
АРДАГЕР СПОРТШЫҒА АРНАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мерекелік кеште энергетика саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, облыс және қала әкімдерінің марапаттары ұсынылып, соңы мерекелік кешке ұласты. 
Шарада «Талдықорған акционерлік электржүйелерін тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Серік Демидов көпшілікті құттықтады. 
– Жетісу өңірін электр энергиясымен қамтамасыз етуде  ұзақ жыл аянбай еңбек еткен ардагерлерге деген алғысымыз шексіз! Осы орайда, кәсіпорынды басқарған Сейілхан Шаукинов, Жеңіс Тұяқов, дағдарыс жылдары  қиындықтардан алып шыққан Бақытқан Жазықбаев сынды азаматтарымыздың есімін ерекше атап өткен орынды. 


«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, бұдан бұрнағы жылдары туып-өскен өңірінде қарапайым механиктен бастап басшылық қызметтерді атқарып, білгір маман ретінде туған жерін түлетуге атсалысты. Соңғы ширек ғасырға таяу уақытта Талғар ауданында қызмет еткен Байболовтың аталған ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына тынымсыз тер төгіп, ауылшаруашылығының өркендеуіне сүбелі үлес қосқаны хақ. Жауапкершілік жүгі ауыр салада жүрсе де спорттан, нақтыласақ, баскетболдан қол үзіп көрмеген Қалимолда ағаның бұл өмірлік ұстанымы ауыл, аудан шеңберінде ғана емес, облыста кеңінен танылып, өңір баскетболшыларының қызығушылығын арттырғаны анық. Еңбек пен спортты егіз санаған ардагер ағамыз бұл күнде облыстық ұлттық баскетбол федерациясының вице-президенті. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып, маңызды істердің басы-қасында жүрген Қалимолда Байболовтың аудан өміріне әлі талай айшықты еңбек сіңіреріне сенімдіміз.

Осылайша елді көркейтудегі еңбегін еселей отырып, спортты өміріне өзек еткен  бесаспап жан, Алматы облысының, Ақсу және Талғар аудандарының Құрметті азаматы Қалимолда Байболұлының 70 жылдық мерейтойы тұсында Талғар қаласындағы Алмалы спорт кешенінде жасөспірімдер арасында баскетболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Аға буынның ұйытқы болуымен 16 рет өткен спорттық шараға облысымыздың аудан, қалаларынан келген командалар қатысып, қызықты ойын өрнегін көрсетті. 

Есімі ел-жұртына кеңінен мәлім Қалимолда Байболовтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған турнирге спортшылармен қатар алыс-жақыннан бірге өскен, қызмет еткен бірқатар меймандар арнайы келіп қатысты. Турнирдің салтанатты ашылуында аудан әкімі Жолан Омаров сөз алып, ардагердің еңбек жолы мен көпке үлгі болар кісілік қасиеттеріне тоқталды.

– Биылғы жарыстың ерекшелігі – Жетісу өңірінде жарты ғасырға жуық ерен еңбегімен дараланып, 70 жастың шыңына шықса да еңбектен әлі алшақтамаған ардагер Қалимолда атамыздың мерейтойына орай ұйымдастырылуында. Сонау студенттік жылдарда ұстазы Сұлтанбек Мамырбеков ардақты ағамызды бойшаңдығы мен қимыл-қозғалыстағы жылдамдығына қарай баскетболға баулыған екен. Спортқа бейімдігі жоғары бағаланып, Талдықорған қаласының, кейін облыстың спорт құрама командасында ойыншы болады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткен жарыстарға қатысып, баскетболдан үнемі жеңістермен оралып жүрді, – деген аудан басшысы Жолан Ыбырайақынұлы бұл күнде қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген Қалимолда Байболұлының зейнеткерлікке шықса да доптан қол үзбеуі жастарға, тұрғындарға үлгі-өнеге екендігін айрықша атай келіп, мерейтой қуанышымен құттықтады.   

– Алатаудың бөктеріндегі Талғар ауданында игі істер атқарылуда. Осы ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыруға Қалимолда бауырымыздың қосқан үлесі орасан зор. Жас кезінен елді еңбекке ұйымдастырудағы белсенділігімен танылып, партия қатарына алынды. Сол кездерден бастап үлкен белестерден көрініп,  абыройы артуда. Еңбекқорлығы мен адамгершілігі астасқан Қалекеңмен бірге бірталай істерді атқардық, – деген қоғам және мемлекет қайраткері Нүсіпжан Нұрманбетұлы ардагер спортшының отбасына амандық, ел-жұртқа ынтымақ пен ауызбіршілік тіледі. 

– Талғарлықтар Қалимолда десе, біз, ақсулықтар – Тоқан дейміз. Ең кереметі, мына тізіліп тұрған жастарға қарап, өзімнің жас шағымды еске алып тұрмын. Сіздер сияқты біз де бір қатарда қаздай тізіліп, талай жарыстың төрінде тұрғанбыз. Доп ойнап, спорт залдардың біразының шаңын аспанға шығарғанбыз. Кеңес үкіметінің біраз жеріне барғанбыз. Сол кездер бақытты шағымыз екен, – деп аталы сөздің тиегін ағытқан қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы әкесі, халық ақыны Қалиасқар­ұлы Иманғалидың «Бозбала, он бесіңде бұлғақтайсың, жиырмаңда жарға ойнаған лақтайсың» деген термесін төгілте келе: «Жапон ғалымдарының айтуына қарағанда 75-тен кейін ғана қарттық басталады екен. Ендеше, Тоқан Байболұлына қарттықтың ауылы әлі алыста. Сондықтан қартаймаңыз, доп ойнаңыз, айналадағы ағайын-туыспен той тойлаңыз, әр атқан таң шуақты, еліміз бай-қуатты болсын!» деген ақжарма тілегін ақтара келіп, осы шараны ұйымдастырушы Талғар ауданының әкіміне ақсулықтардың атынан зор алғыс айтты. Ата салтқа лайық той иесінің иығына оюлы шапан жапты.

Мұндай ақжарма тілекті Алматы облысының Құрметті азаматы, медицина саласының ардагері Мұхтар Әлімұлы, Талғар политехникалық колледжінің директоры Райхан Садықова, Ақсудан ат арылтып келген Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Ақышұлы, Орал Исанова, Сәбит Қорғанбаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ғабит Мұсабаланов бастаған бір топ жерлестері ақтарды. 

Салтанатты шара соңында Алматы облысының баскетболдан 5 дүркін чемпиондары, баскетболшы Байболовтың шәкірттері Тимур Әзікенов, Эльдар Зайнуллин және аудандық спорт мектебінің жаттықтырушылары, еңбек және спорт ардагері Қалимолда Байболовтың қатысуымен стредбол ойыны өрнек құрды. Жарысқа Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі, еңбек сіңірген жаттықтырушы Ұлан Хасенов төрелік етті. 

Осылайша ақ самайлы аталары бастап берген ойын соңынан жасөспірімдер арасындағы турнир өріс алып,  екі күнге ұласты. Тартысты өткен турнир қорытындысында ұлдар командасы арасында 1-орын талғарлықтардың, 2-орын Қапшағай командасының, ал 3-орын Еңбекшіқазақ ауданы командасының еншісіне бұйырса, қыздар командалары бойынша 1-орынды Алматы, 2-орынды Талғар және 3-орынды Қапшағай қаласының баскетболшылары бөлісті. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы»,  «Үздік үйлестіруші» сынды бес номинация бойынша да шебер ойыншылар анықталып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жарыс жеңімпаздарына ауыспалы кубок пен Мақтау грамоталары табыс етілді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

15.07.2026
Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

15.07.2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

15.07.2026
Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.