Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ВЕЛОСИПЕД СЫЙЛАДЫ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

13 қаңтар 2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ВЕЛОСИПЕД СЫЙЛАДЫ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі жылды қорытындылады. Аталған таланттар мектебі өткен жылды жай ғана саралап қойған жоқ, үздіктерін анықтап, чемпиондарға екі дөңгелекті көлік – велосипед мінгізді.

Жиынға облыстық дене шынықтыру және спорт бақармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысты. Жиынды мектеп директоры Нұркен Нұратов жүргізіп, жыл бойғы атқарылған іс жайлы ақпар берді. Бұл жолы да мектеп басшылығы уақытты ұтымды пайдаланып, ақпараттандыру кезінде жаңа технологияны қолданды. Судыратып баяндаманы оқығанша нағыз істелген істі слайд арқылы көрсетті. Жалпы мектепте ауыз толтырып айтатын жаңалық көп. Жыл басынан бастап мектептің спортшылары қатысқан додадан олжасыз қайтпаған. Халықаралық, Азия, Әлем чемпионаттарын қосқанда аталған мектептің спортшылары 672 медаль жеңіп алған. Оның 300-і алтын, 187-сі күміс, 185-і  қола медаль. Мұның сыртында Токио Олимпиадасына 5 жолдама тағы бар.

Осындай жетістіктерін таныстырған мектеп директоры Нұркен Қанатұлы алдағы жылға да сәттілік тілеп, сөз кезегін басқарма басшысы Нұрбақыт Теңізбаевқа берді.

Нұрбақыт Молдахметұлы облыс бойынша спорттағы жетістіктерге тоқталды. Әсіресе, аудан орталықтарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін және Талдықорған қаласында бой көтеріп жатқан жүзу бассейнін айта келе, мұның барлығы спорттың дамуына жасалып жатқан үлкен қолдау екенін тілге тиек етті.

— Жалпы, Алматы облысы спорттық сала бойынша жоғары көрсеткішке ие. Төрт жылда бір болатын спартакиада ойындарында үздік үштікті құрады. Бұл – үлкен жеңіс. Осы тұрғыда жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары көп еңбек етіп, жеңісті жолда аянбай тер төкті. Сол үшін де, мектеп басшысы мен спортшыларға алғысым шексіз, — деді басқарма басшысы. — Ендігі мақсат – Олимпиада ойындары.

Н.Молдахметұлы әлі де жолдама санын молайтып, төрт жылдықтың басты додасынан олжамен оралу керек екенін баса айтты.

Басқарма басшысының құттықтау сөзінен кейін марапаттау кезеңі басталды. Мұнда ең бірінші Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алған спортшыларымыз марапатталды. Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев – садақ ату спорты, Асхат Ділмұхамедов – грек-рим күресінің шеберіне арнайы диплом мен велосипед табысталды. Одан кейін әлем чемпионаттарының жеңімпаз жүлдегерлері ұлықталды. Олардың қатарында Шлижевская Ольга қолкүрестен әлем чемпионатының жеңімпазы, Құрышбаева Ділдаш самбо күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  Сон Игорь Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  Асқаров Адлан еркін күрестен 23-жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Седнева Марина әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еркебаева Гүлмарал әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Ақбаева Баян бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жұмабаева Динара самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еренқайыпов Ержан қазақ күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері бар.

Аталған үздіктердің барлығына велосипед пен Алғыс хаттар табысталды. Одан кейін жылдық рейтинг бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген спортшылар мен бапкерлер арнайы кубок пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жиын соңында бірқатар бапкер мен спортшылар сөз алып, басқарма басшысы мен мектеп ұжымына алғысын айтып, алдағы уақытта да облыстың, елдің намысын жоғары ұстап, жарыстардан оза шабатындықтарын жеткізді. Марапатқа ие болған спортшылар мен жаттықтырушылар бір-бірін құттықтап, жиын соңында естелік суретке түсіп, қуанышпен тарқасты.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.