Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ДИАНА» ШАШТАРАЗЫ ШАҚЫРАДЫ

10 қаңтар 2020
КҮЛТӨБЕ
"ДИАНА" ШАШТАРАЗЫ ШАҚЫРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көптің алғаусыз алғысын алып жүрген «Диана» шаштараз орталығына келуші көп. Ашылғанына аз уақыт өтсе де қызмет құнына сай еңбек етіп келеді. Шаштаразға сұлулықты серік етіп келген қыз-келіншектер сапалы жұмыстың саудасын қыздырғанына өкінген емес. Өйткені, мұнда сұлулық салонына сай қызметтің әр түрі ұсынылады.


Әдемілікті әспет көретін арулардың арманын орындауға Сәулет Шүйінбаева барын салуда. Тәжірибесі толысқан шебер шаш қиюдың жүйрігі. Ер, әйел демей алдына келген жанның тілегін қолдан келгенше қиюластыра біледі. Оған оның арнаулы білімі де жетеді. 

Ә дегеннен ойда жүргенді іске асыру Сәулеттің арманы болатын. Бүгінде оған қол жеткізгеніне қуанады. Өзімен бірге бет әрлеуші Бибігүл Тілеужанова мен Фируза Балтабаева сынды көмекшілері жұмысын барынша жеңілдетіп жүр. 

Айшықтылығымен көз тартқан бұл орын заманауи үлгіде бой көтерген. Іші мен сырты да заман талабына сай әрленген. Бөлменің кеңдігі мен әсемдігі және әртүрлі жабдық жарасымды орын тепкен. 

– Өткен жылдың наурыз айынан бері жұмыс істей бастадық. Ауданға жаңа үлгідегі шаштараз керек екені көптен бергі ойым еді. Кәсіпкерлікке арналған сертификат арқылы грантқа қол жеткіздім. Бұл бастама сол арманның алғы қадамы. Ендігі кезекте бұл орынды қаладағыдай сервистік орталыққа айналдыру ойда бар, – дейді  Сәулет Шүйінбаева. 

Шынымен де шаштараз талапқа сай тартымдылыққа ие. Ауданға келген киногерлер де қызығып, «Елдің баласы» атты фильмнің бір-екі эпизодын «Дианада» дайындапты. 

Аптаның барлық күнінде есігі ашық тұратын бұл орында алдын ала жазылып қою қызметі бар. Өйткені, ол алыс ауылдардан келетін адамдар үшін өте қолайлы.

Күніне шаштаразға кемінде жиырмаға жуық адам келіп шаш қидырады. Бағасы қалта қақпайды. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, жағдайы төмен отбасыларына жеңілдік қарастырылған. Орталық алдағы уақытта қажетті қосымша жабдықтар және мамандармен толыға түспек. 

Серікжан Мурасилов
Нарынқол ауылы,
Райымбек ауданы  

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.