Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

10 қаңтар 2020
КҮЛТӨБЕ
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы №27 мектептің бүгінгі жетістігі ата-аналарды қуантуда. Бұл – ұлағатты ұстаздардың сапалы білім беруі мен ерен еңбегінің нәтижесі. 


Гүлжан Сыдыбаева басшылық ететін мектептің 9 «А» сыныбында қызым Құралай Данабек білім алады. Бар-жоғы екі жылдың ішінде перзентім биік белестерді бағындырып үлгерді. Атап айтар болсам, қазақ тілі, география пәндері бойынша қалалық, облыстық байқауларда топ жарып, қанжығасына бірінші және бас жүлдені байлады. Ата-ана үшін перзентінің бағындырған биігі мен жеткен жетістігінен асқан қуаныш жоқ шығар, сірә?! Өмірдегі ең үлкен олжа  саналы, білімді ұрпақ деп ойлаймын. Бұл, біріншіден,  ұлағатты ұстаздар қауымының еңбегі. Себебі, жас жеткіншектерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, білім көкжиегіне жетелеп, үлкен өмірге қанаттандырады. Ұлы мамандық иелері тек алғыс арқалауға лайықты.  

Таяуда қызым қалалық «Дарын» байқауына қатысты. Мұнда «Сарқан өңіріндегі ортағасырлық төрткілдердің ежелгі сокралды орындар ретіндегі тарихи танымдық маңызы» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс жазды. Тарих және география пәнінің мұғалімі Жазира Хавдолдамен бірігіп атқарған жұмыстары жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Шәкіртінің жұмысын жіті қадағалап, өз бетімен ізденуге, тиянақты жұмыс істеуге үйреткен мұғалімнің еңбегі зор. Еңбек түбі қашанда берекелі болатыны заңдылық.  Үмітіміз осы жолы да ақталып, ұстаз бен шәкірт биік тұғырдан көрінді. Баласы бәйгеге шапса, тақым қысатын қазақ болғандықтан, қызым қандай байқауға барса да тілекші болып отырамыз. Жаратқан иеміз тілегімізді қабыл еткеніне ризамыз. 

Ұлағатты ұстаздардың осындай ерен еңбегін ескере отырып, №27 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымына аналық жүрегіммен алғыс айтамын. 

Аида ӘЛІМБЕКОВА,
Талдықорған қаласының 
тұрғыны

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.