Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰШАҚ АПАТЫ: ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР БАУЫРЖАН ҚАЛИЕВТІҢ ЖАНАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ

29 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
ҰШАҚ АПАТЫ: ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР БАУЫРЖАН ҚАЛИЕВТІҢ ЖАНАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Күллі Қазақстанның қабырғасын қайыстырған қаралы оқиға – «Bek Air» ұшағының апатынан қаза тапқан Бауыржан Қалиевтің жаназа намазына облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, ата-анасына, бала-шағасына, ағайын-туысына көңіл айтты.

— Құрметті қауым! Бауыржан бауырымыздың қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Оның соңында қалған ата-анасына, ағайын-туысына, бала-шағасына қайғырып, көңіл айтамын. Ұшақ апатының орын алуы күллі еліміз үшін ауыр соқты. Марқұм иманды болсын! Елімізде ендігәрі мұндай апаттар болмасын, ата-аналар мен балалар жыламасын! Қазаның арты қайырлы болсын, – деген аймақ басшысы көппен бірге жаназа намазын оқып, марқұмның жерлеуіне қатысты.

Талдықорған қаласында 1979 жылы 29 қаңтарда дүниеге келіп, қалалық ішкі істер басқармасында еңбек жолын бастаған марқұмның сүйегі туған жеріне жерленді.

Нағашы жеңгесі Жұмабике Есенбаеваның айтуынша, ағайын-туысқа жанашырлықты, жора-жолдасына адалдықты көрсетіп, отбасына қамқорлығын аямаған Бауыржан Серікұлы елге көпшілдігімен танылған. Сонымен қатар, бала-шағасының болашағы үшін алаңдап, қолынан келген еңбекті аянбай атқарған.

Тәртіп сақшысы қызметін абыроймен атқарған ол биыл шілде айында ғана Алматы қаласында орналасқан «Eurasia Trade Line» ЖШС-нің операциялық директор лауазымына тағайындалған болатын. Еліміз бойынша және көршілес мемлекеттерге жүк тасымалдаумен айналысқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұжымына аз уақыттың ішінде сіңісіп, әріптестерінің құрметіне бөленуі оның өз жұмысын беріліп, адал атқарғанын көрсетеді.

Қырық жасында бақилық болған Бауыржан Қалиевтің артында әке-шешесі, туған әпкесі, әйелі мен үш баласы қалды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.