Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚИСАЯ БАСТАДЫ»: АМАН ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫ ҰШАҚТА НЕ КӨРГЕНІН АЙТЫП БЕРДІ

28 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
"ҚИСАЯ БАСТАДЫ": АМАН ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫ ҰШАҚТА НЕ КӨРГЕНІН АЙТЫП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда болған ұшақ апатынан «Жыл мұғалімі» сыйлығының жеңімпазы аман қалды. Алматыдағы №123 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Назым Абағанова «Жыл мұғалімі» республикалық байқауының жеңімпазы атағына лайық деп танылған. Педагог Нұр-Сұлтанға марапаттау шарасына қатысуға шыққан еді.

— Ұшаққа билет біразға дейін табылмады. Осы билет арзан табылғанда қатты қуандым. Таңғы сағат 3-4 шамасында күйеуім әуежайға шығарып салды. Түк болмағандай отырдық. Ешқандай сезім болмады. Ұшақ қозғалғанда мен ұйықтап кетіппін. Сол кезде ұшақ бір рет жерге соғылыпты. Оны мен ұйықтап отырып байқамаппын. Бір уақытта ұшақ екпінмен зымырай жөнелді. Әуеге көтерілгенде ұшақ бір жаққа қарай қисая бастады. Салон тарсылдап, дірілдеп кетті. Сол кезде арттағылар неге бірінші тарс еткенде тоқтамады мына пилот деп айтып жатты. Содан кейін 5 минут өтті ме, өтпеді ме, білмеймін. Мен отырған қанат жағы сырылдап жерге тиіп, ұшқын шығарып келе жатты. Тарс еткен дыбыс шықты. Көзімді ашсам тура қарсы алдымда темір ме, бетон ба, бірдеңе болды. Мен 13-орында отырған едім. Шамалауымша, алдындағы адамдарды бетон мыжып кеткен болу керек. Маған 30 сантиметр жетпей тоқтады. Сол кездегі қорқынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Мен өлдім деп ойладым. Бір кино, түс сияқты. Бір уақытта төбеміздегі багаждар құлай бастады. «Тез шығыңдар, жарылады» деп айқайлап жатты. Біреулер шыңғырып, құтқарыңдар деп жалынып жатты, — деді әуе апатынан аман қалған мұғалім.

Назым Мамырбекқызы ұшақтың оң жағындағы есіктен әупірімдеп шығып үлгерген. Жерге секіріп түскенде, аяғын темір сырып кеткен. Басқа жарақаттан дін аман. «Мен де жарылады дегенді естіп, кетіп қалсам деген ой болды. Бірақ аяғым бастырмады. Әрең түстім де, дірілдеп, қармен ұзай бердім. Құлағым тарс бітеліп қалған. Шокпыз. Адамдар шамалары келгенше түсіп, жан-жаққа бытырап беті ауған жаққа кетіп жатты. Бір есімді жисам, ұшақ ұшатын жолға шығып кетіппіз. Сары жилет кигендер айқайлап, ұшақ басатынын айтып шақырып алды. Әйтеуір келдік. Сол кезде бізге автобус келіп, аэропортқа алып кетті. Күйеуіме бірден қоңырау шалып, ұша алмай қалдық дедім. Апат болды деп айтпадым. Әуежайға келгенде бізге медицина қызметкерлері, «Жедел жәрдем», психологтар көмектесе бастады», — деді Назым Абағанова. Жыл мұғалімі әуе апатынан әлі есін жинай алмай жүргенін айтты.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.