Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЕКІ РЕТ ӘРЕКЕТТЕНГЕН»: ҰШАҚ АПАТЫНА ҚАТЫСТЫ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

27 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
"ЕКІ РЕТ ӘРЕКЕТТЕНГЕН": ҰШАҚ АПАТЫНА ҚАТЫСТЫ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданындағы әуе апатына байланысты Алматы әуежайындағы штабқа арнайы келген Үкімет басшысының орынбасары Роман СКЛЯР ақпарат өкілдеріне мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі оқиға орнынан хабарлады.

— Алматы — Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «Bek Air» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, құрылыс нысанына соғылған. Әуе кемесі ұшу жолағына қайта қонуға екі рет әрекеттенгенмен нәтиже болмаған. Құтқару жұмыстарына мыңдаған құтқарушы мен 72 дана техника жұмылдырылды. 33 «Жедел жәрдем» бригадасы медициналық көмек көрсетуде. Соңғы мәлімет бойынша, бортта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Олардың екеуі украин, біреуі қырғыз және біреуі Қытай елінің азаматтары. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың сегізі оқиға орнында көз жұмса, екеуі ауруханада, екеуі әуежайда жан тапсырды. Алматы қаласы мен облыс аумағындағы медицина мекемелеріне 49 жолаушы жатқызылған. Олардың 18-інің халі өте ауыр жағдайда. Өзге жолаушыларға медициналық және психологиялық көмектер көрсетілуде. Осы уақыт аралығында жедел телефон желілеріне 603 қоңырау түсті. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, — деген вице-Премьер Роман Скляр апаттың орын алуына байланысты арнайы мамандар шақыртылып, апаттың орын алу себептері жан-жақты тексерілетіндігін мәлімдеді. Әзірге аталған компанияның  еліміз бойынша әуе тасымалын жасайтын 10 ұшағының рейсі уақытша тоқтатылған.

Оқиға орын алған жерге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жедел жетті. Амандық Ғаббасұлы қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты. Апат орын алған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға ауданның сала қызметкерлері мен ауыл тұрғындары таңнан бері ыстық тамақтарын тасып, қолдан келген көмектерін аямауда. Ал алматылық тұрғындар зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыру орталықтарына ағылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты 28 желтоқсан — Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

Еске сала кетсек, бүгін таңертеңгі сағат 7-ден өте Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «Bek Air» әуе компаниясының рейсі сапарға көтерілу кезінде апатқа ұшырап, қазақстандықтардың қабырғасын сөгілткен қайғылы оқиға орын алды.

Талғар ауданының Гүлдала ауылы маңайында құлаған ұшақтың бортында ресми мәлімет бойынша 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Апат орын алған сәттен бастап ұшақ құлаған аумаққа еліміздің құтқару органдарының қызметкерлері ағылды. Аумақ қоршалған. Үкіметтен арнайы комиссия құрылып, ұшақтың құлау себебін анықтау үстінде.

Қайғылы оқиғаға байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото — автор

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.