Талдықорған: +36°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАҚ ДАРЫҒАН БАЛҚАШЫМ

24.12.2019
КҮЛТӨБЕ
БАҚ ДАРЫҒАН БАЛҚАШЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпақ жоталар мен құбақан төбелер қымтап жататын құмдауыт мекен, сенің құнарлы топырағыңнан айналайын. Тұмса табиғатыңның айнадай тұнық, кіршіксіз мөлдір келбеті көкірегімізге ұялағаны қашан?! Оның құдіретін құт санап, құрметпен бас имеуге жүрек дауалар ма?! Жаныңнан екі елі аттасақ кеудеміздегі сағыныш жалыны жанартаудай атқылап, лапылдап сала береді. Төскейде жайылған төрт түлігі өрісін кеңейтіп, текті азаматтары түтінін түтетіп, барқыт топырағынан бал жұтып отыр. Жыл аттап жаңарып келе жатқан жақұт мекеннің соңғы жаңалықтары жан жадыратады.


Қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Қонаевтың ата-бабаларын өмірге әкелгенімен де құнды бұл мекен. Біз Балқаш ауданының құйқалы құмының әлі де неше рет апайтөс алыптардың анасына айналарына кәміл сенеміз. Осы ретте өрісті мекеннің ел сүйсінер елеулі жаңалықтарын осы өңірдің көркеюі жолында бел шеше еңбек етіп жүрген аудан басшысы Ғалым Тоқпейісов әңгіме барысында баяндап берді.

– Облысымыздың басты драйвері – ауылшаруашылығы. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылдарға жағдай жасау – басты міндетіміз болуы керек. Бүгінде аудан ауылшаруашылық саласы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту, соған орай сүтті молынан өндіру мақсатында 2018 жылы «Динара ранч» ЖШС-і жеке қаражат есебінен 1500 бас «Голштейн»  тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара мал басын сатып алып, тауарлы-сүт фермасын іске қосты. Фермасында Ирландия елінен алынған «Dairymaster» сүт сауатын құрылғысы орнатылған. Сүт фермасында күніне 1200 бас сиыр сауылып,  30 тонна сүт өндірілуде. Бұл ауданда бұрын-соңды болмаған берекелі іс.

Биылғы жыл «халықтың әл-ауқатының өсуі, өмір сапасы мен табыстарының артуы» деген ұранмен өтті. Қазір біз үй құрылысына, жол жөндеу, газдандыру, ауызсумен қамту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына қолдау көрсету мәселелеріне көңіл бөлудеміз, – деді Ғалым Қасымұлы бізге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақкөл, Қарой, Көктал ауылдарына 10 жалгерлік тұрғын үй салынып, жетіспейтін мамандықтар бойынша шақырылған жас дәрігер мен ұстаздарға беріліпті. Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 18 жас маманға тұрғын үй сатып алынған. Бұл да болса облыс орталығынан шалғай жатқан ауданның еңсесін тіктейтін ұлықты іс. Себебі, ауылға білімді жастарды тарту – елдің тұрмысын тіктейтін маңызды шара.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бақанас ауылында 20 жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, 1500 шаршы метр тұрғын үй кезекте тұрған көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларына берілген.

– Қуанышымызда шек жоқ. Көңіліміз толқып тұр. Жаңа баспанаға қол жеткіземіз деп ойламаппын. Балаларымның несібесі шығар. Осындай игі бастамалар елімізде көбейсе екен деп тілеймін. Мен сияқты үй кезегінде тұрған ақжаулықты аналар қаншама?! Соларға да менің басыма қонған бақ бұйыруын шын жүрегіммен тілеймін. Аудан әкімдігіне айтар алғысымыз шексіз. Балаларымның ел абыройын тіктер азамат атануын Алладан сұраймын. Басқа айтарым жоқ, – дейді жаңа баспанаға ие болған көпбалалы ана Жанаткүл Жетпісбаева.

Аудан басшылығының келер жылдан үміті зор. Шалғай ауылдардағы оқу орындарын жаңартып, ауызсу жүйесін қайта жаңғыртуды көздеп отыр. Сондай-ақ өңір жастары көптен армандаған Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты бой көтермек. Бұны еріктілер жылында қолға алатын жарқын жобалардың бастамасы деп ұқтық. Алқабында ақ жайқалған ауданның өзекті жаңалықтары газетіміздің алдыңғы санында жарияланған болатын. Бұл кейінгі жайдарман жаңалықтардың бірсыпырасы. Алдағы уақытта ақ күрішті өңір бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аймақтың абыройын арттырар деген сенімдеміз.

Мұхтар КҮМІСБЕК
 

 

Қатысты жаңалықтар

ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026
Басты байлық – денсаулық

Ұлт саулығы – ел байлығы

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.