Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

24 желтоқсан 2019
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған «Жомарт жүрек» сыйлығы Елорда төрінде  тапсырылды.


 Халық арасында қайырымдылықты насихаттау мақсатында жыл сайын жүзеге асырылатын марапаттың алғашқысы – «Жыл меценаты» премиясы. Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін аз қамтылған, көпбалалы отбасыға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Gaz stroy montazh KZ» ЖШС құрылтайшысы (Атырау облысы) Ерлан Табылдиев марапатталды. Ол Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионын толығымен жаңартып, жастарға арналған скейт паркін салып, аз қамтылған отбасынан шыққан екі балаға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тегін білім алуға жағдай жасады. Сондай-ақ, «Зенченко и К» шаруа қожалығының директоры (Солтүстік Қазақстан облысы) Геннадий Зенченко да осы номинацияның жеңімпазы атанды. Демеуші өз қаражаты есебінен ауылдық округтің барлық мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Новоникольское ауылындағы Мәдениет үйінің қайта жаңартылуына атсалысуда.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясында Жамбыл облысының пар-алимпиадалық чемпионы, жүзу бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері Зүльфия Ғабидуллина жеңімпаз атанды. Спортшы өз есебінен «Туған жер» бағдарламасы аясында Тараз қаласының «Жансая» шағынауданында баскетбол, шағын футбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған алаң салды. Анестезиолог-дәрігер, кәсіпкер, «Emodji» әлеуметтік кафесінің иесі Азамат Базылов та осы жүлдеге лайық деп танылды. Себебі, жеңімпаз құлағы нашар еститін, мүмкіндігі шектеулі 15 азаматты жұмыспен қамтып, «Emodji» әлеуметтік кафесін ашты. Бүгінде бұл кафе Нұр — Сұлтан қаласы тұрғындарының арасында кеңінен танымал. 

«Туған өлке» номинациясы бойынша демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін жеңімпаздардың бірі «Алматы менеджмент университеті» ҚБ президенті, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов болды. 2008-2012 жылдары «Eduniversal» әлемдік рейтинг агенттігі академияны Қазақстандағы №1 бизнес-жоғары оқу орны деп таныды. 2014 жылы әлемнің үздік 300 бизнес-жоғары оқу орындарының қатарына енді. Сондай-ақ, осы номинацияда Маңғыстау облысының кәсіпкері Нұржан Еділов жеңімпаз атанды. Жеке кәсіпкер Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 295 млн. теңгеге спорт кешенін салып, көпшілік қолданысына берді.

«Үздік ұйым» номинациясы бойынша «Қазфосфат» ЖШС жеңімпаз атанып, ұйым басшысы Мұқаш Ескендіров марапатталды. «Қазфосфат» ЖШС-нің 2018-2019 жылдар аралығында 46 млн. теңгеден астам сомаға меценаттық көмек көрсеткеніне көпшілік риза. Тараз қаласының «Мыңбұлақ» шағын-ауданында, Жамбыл ауданының Шайқорық ауылында 26 млн. теңгеге, облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасында спорт алаңдары салынды. 1 млн. теңге сомасында 53 көпбалалы отбасына азық-түлік себеті сыйға тартылды. Аталған номинацияда Айдын Рақымбаев басшылық жасайтын «BI Group» ірі инвестициялық-құрылыс холдингі де биіктен көрінді. Холдинг Түркістан облысы, Арыс қаласында 100-ден астам қираған үйді қалпына келтірді. 

Волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін «Ерен ерлігі» номинациясы бойынша сыйлық иегерлерінің бірі – Арман Қасымов. Арман «Өмірзақ-Сервис» мұнай компаниясында жұмыс істейді. Белсенді волонтер жыл бойы денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту мақсатында онкологиялық диспансерлерге көмек көрсету үшін «Birgemiz: Saýlyq» жалпыұлттық жобасын ұйымдастырып, нәтижелі жұмыс атқарады. Бұл номинацияда Павлодар облысының  «Сағымбай» шаруа қожалығының басшысы Сағымбай Уабов үздіктер қатарынан табылды. Қайырымды жан мектепте тегін ыстық тамақ ұйымдастырып, мәдени-бұқаралық іс-шараларға демеушілік жасап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Түгел батырдың жерленген жерін абаттандыруға демеушілік көмек көрсетті. 

Айта кетейік, марапат иелері онлайн дауыс беру бойынша анықталды. Барлық премия иелеріне арнайы сертификат, гүл шоқтары және статуэткалар табысталды.

Өз тілшіміз

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.